Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

«Үш күннің алдында жеген тамағын, оның денеге болған кері әсерін тамырдан біліп айтып беретін емші бар»-десе сенер ме едіңіз? Өзі емін қолданып отырып, «Осы емдік дәріні айтқанымдай сәйкесіп ішетін болсаң әліде мұнша жыл ғұмыр кешесің. Ал сәйкеспесең бәлен күндік өмірің қалды»-деп дөп кесіп айтатын емшіні тіптен естімеген боларсыз?, сол кездерде қылтамақ сияқты ауруларды емдеп жазғанын естігенде нанбауыңызда мүмкін.

Қарақаптал, түйнек сияқты ауруларды шарт-жағдайы төмен, ғылым мен техника мешеу кезде, қарапайым осы емшінің операция жасап сауықтырған танымал емші осы Кәмел Шәмелұлы еді.

Кәмелдің әкесі өз кезінде Кеңес үкіметі кезінде Ителі елінің Күйік атасынан шыққан болыс болған. Аяулы әкенің даналығы соншалықты бес қыздың ішінде, 1901 жылы дүниеге келген жалғыз ұлы Кәмелді ес біле-ақ ауыл молдасына, «төте оқуларға» беріп біліммен нәрлендіріп, уақытын құр жібермей ағашшылық, теміршілік, өрмешілік дейсіз бе өнер атаулының бәрін үйренуге талпындырады. Бәрінен де ұлының зерек, алғырлығына қарап халық емшілігін үйренуіне барынша қузалап отырған екен. Амал не қорған әке ұзамай қаза болады. Ендігі жерде Кәмелдің қамқоры аяулы анасы мен аңғарлы әпекелері қамқор болып, оның алда әке арманын жалғастыруға қузап, үйренуіне орай жаратып беріп отырғандықтан Кәмел нағыз білім иесі, өнер адамы болып ержетеді.

Кәмел бала күнінде Жайсаңда оқығандықтан орысшаға жетік болса, Сауыр жеріне келген соң Моңғол ағайындарымен аралас-құраласта жүріп Моңғол тілін де үйреніп алса, өздігінен қытайшаны да меңгере білді.

Кәмел ғұмыр кешкен дәуір медицина ғылымының дамыған кезі болғандықтан, ел ішінде ауру-сырқау, таралғыш індет, көп кезігіп тұрды. Осындай ортада халық медицинасының деңгейін толық меңгерген Кәмел емдік дәрілерін табиғаттан, айуандардың мүшелері мен химиялық улы заттардан ала отырып, қандай ауруға қандай дәрі ем болатынын барынша қорыта біліп, талай-талай ауруларды ажалдан арашалап халқының жанашыр, ардақты адамына айналды.

Кәмелдің ел ішінде медициналық емдері туралы аңыздар көп, бәрінен де оның бүгінгі медициналық ғылымда айтылатын аурудың алдын алу арқылы адамның өзін қорғай білуін барынша дәріптейді екен. Кәмел әрбір отбасының жеке тазалыққа мән беруін, ыдыс-аяқ, көрпе-жастық, ас-тұз тазалығы негіз болатынын, адамдар үнемі әрекет жасауды жалғастырып тұруды дағдыланғанда барып ауруды тежеуге болатынын үнемі дәріптеп отырады екен. Кәмел орысша материялдан емін еркін пайдалана білетін, Моңғол емшілерімен үнемі тәжірибе алмастырып тұруымен қатар, қолында халықтық емшілігін тастамай оқып отырады екен.

Біз бұл атақты емші туралы шағын таныстыруымызда кешегі күндерде арамызда осындай ерекше емшілердің өткенін баяндауды жөн көрдік, әрине Кәмел бабамыздың тұтас еңбегіне тоқталу үшін ізденіс қажет екенін оқырманға ескере кетеміз.

Иә, Кәмел емші жаңа заманды көріп кооперация, командаласуға да өз үлесін қосқан алғабасар, жаңалыққа жаны құштар адам болған екен. Ол 1961 жылдары шілде айында әзіргі Жеменей ауданы қалашығында дүниеден өтіпті. Оның қабірі қәзіргі қалашықтың іргесіндегі Қабірістанда.


материалды дайындаған:

Байахмет Жұмабайұлы

редактор:

Құрманай Құрманғалиқызы

  • Қаңтар 27, 2024
  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қаңтар 24, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • Қаңтар 09, 2024
  • «Желтоқсан» 23, 2023
  • Қаңтар 08, 2024
  • «Желтоқсан» 06, 2020
  • Қараша 22, 2020
  • Шілде 26, 2020
  • Шілде 24, 2020

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз