Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

Бір ойшыл “ұлы капитандар дауылды теңіздерде пайда болады” деген екен. Жайма шуақ, бейбіт кезеңдерде ұлы адамдар пайда болмайды, елдің басына күн туып қиын-қыстау аласапыран жағдайлар болғанда ғана ел үшін шыбын жанын шүперекке түйіп атойлап атқа қонған батырлар мен тығырықтан шығатын жол тапқан дана билеушілер ортаға шығады.

Мұндай қиын-қыстау замандардың бірі қазақ халқына “ақтабан шұбырынды” кезінде төнді. Міне сол кезеңде ел үшін көптеген ерлер атқа қонды. Солардың ішінде ерен ерліктерімен көптеген батырлар тарих беттеріне өтті. Міне сондықтан Шоқан Уалиханов: “Абылай хан заманы – қазақ батырларының дәуірі” деген сипаттама береді.

Бұл кезең туралы белгілі тарихшы Берекет Кәрібаев “Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы” атты еңбегінде былай деп суреттейді: “Ел тағдыры шешілген ауыр заманда ерте есейген қазақ батырлары «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» касіретіне қарсы түрып, айрықша болмысымен, ерен ерлігімен көзге түсті. Ал оған дейінгі қақтығыстарда іштей ширығу, қапысыз дайындық, қүрыштай шыңдалу мектептерінен өтті. Қазақ батырлары күн санап, сағат санап өскенін аңыздардан, айталық «Алпамыс батыр» жырынан жақсы білеміз. Бүл әсірелеу емес, өмір шындығы екен.»

Батырлар қазақ қоғамында ерекше мәнге ие. Олардың қазақ тарихындағы орны туралы белгілі тарихшы профессор Манаш Қозыбаев өзінің “Тарих зердесі” атты еңбегінде былай дейді:

“Батыр... ғажайып құбылыс. Бұл құбылыс түркі текті тайпалардың ішінде тек қазақ халқына тән құбылыс екендігі шынында ғажап емес пе?

Халық «батыр» дегеи құрметті де құдіретті атақты көрінгенге таңбағап. Біреулердің батырлығы — сөз, шешендік саласында көрінген. Билік айтып, әділдігіне жүгінуге де жүрек батырлығы керек екені даусыз. Екіншілердің батырлығы — қан майданда танылған. Олардың бірі қолбасылығымен жарық етіп көрінсе, екіншілері — жау өтінде қалып, қаша соғыс салып, жау екпінін өздеріне ала білген сәтте елді сүйсіндірген. «Отан», «ел» — деген ұғымдарды жадына «ата-ана» деген қасиетті, киелі ұғымдармен бірге ана сүтімен сіңірген олар.”

Тарих беттеріне үнілер болсақ қазақтың басына төнген сол алапат заманның 1635 жылы ойрат тайпаларының одағының "жоңғарлар" деген атпен қалыптасуынан бастау алатынын байқаймыз. ХУІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХУІІІ ғасырдың басына дейін Ресей патшалығының көшпенді халықтарды бірбіріне қырғызу саясатына сай көрсеткен қолдауымен әбден күшейіп әлденген жонғарлар қазақ жеріне ауыз сала бастады.

Батыр Хұнтайжының (1635-1653) тұсында алғашқы жорықтарын бастаған жоңғарлар қазақ даласына үш рет қанды жорық жасап, қиян-кескі шайқас болды. Бұл жорықтар Суан Рабдан билігі кезінде үдей түсті де ХУІІ ғасырдың ақыры мен ХУІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде 1698, 1711, 1712, 1714, 1718, 1723, 1725 жылдары жеті дүркін қазақ ру-тайпаларына жойқын шабуыл жасады. Сонын салдарынан қазақтар бұрын соңды болмағандай қырғынға ұшырап бұл тарихта "ақтабан шұбырынды" деп атпен қалды.

Қазақты жербетінен өшіре жаздаған бұл қырғын туралы “Қазақстан тарихы энциклопедиялық анықтамалық”та мына жолдарды кездестіреміз:

“Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлде қайда көп болды. Абылай ханның айтуынша, сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Бұл деректі Шәкәрім Құдайбердіұлы да қостайды. Қорғануға мұршасы келмеген ел әсіресе Талас, Боралдай, Арыс, Шыршық, Сырдария өзендері бойында көп қырылды. Тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары өткелден өтіп Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, («Сайран айналған») Бұқараға ауды.

Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұм ішіне сіңді. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.”

Бұл апаттан қазақ халқы аман қалып бүгінде жер басып жүрген болса мұны ішінде Бұқарбай Елтоқұлы да бары, Абылай Хан (1711-1781) туы астында бірігіп жауға тойтарыс берген Жәнібек Қабанбай, Шақабай, Жанат, Байтайлақ, Машан, Қаптағай, Қолсары, Қожаберген, Сартоқай, Жантай, Барақ сынды батырлардың көзсіз ерлігі арқасында екені анық.

Баяхмет Жұмабайұлының зерттеулерінде аталып өтілгендей Бұқарбай батыр Абылай ханның атойшыл 25 батырларының бірі болған. Ол сонымен қатар Бұқарбай батырды хан Абылайдың өзі «Ерке батыр» батыр атанғаны айтылады. Бұқарбай батырдың «Ерке батыр» аталуына, ірі шайқастарда хан көзіне ерекше түскен болуы болса керек. Бұқарбай батыр сонымен бірге «Ақ буралы батыр» деп те аталған екен. Өйткені ат көтергісіз алып денелі болған себепті ақбураға мініп соғыс майданында жүреді екен.

Бұларға қоса Бұқарбай батырға сексеннің сеңгіріне шыққан кезінде де кәрілікке берілмей соғысқа аттанған ерлігін де жоғары бағалап оны «аға батыр» деп атаған.

Қорытып айтар болсақ, қазақ халқынын ерең енбек еткен батырларының бірі Бұқарбай Елтоқұлы болып табылады. Батырлар өтмісте ел үшін, халық үшін жанқиярлық қызмет етті. Енді бүгін танда олардын ұрпақтары ретінде біз солардың ерліктерін зерттеп жарыққа шығарып ұрпақтарымызға таныстыруға міндеттіміз. Өйткені бұл ұлттық болмысымызда, елдігімізді сақтау үшін қажет. Бұқарбай сынды батырлардын өмірі, елге деген қызметі ұрпақтарымызға үлгі болуға тиіс. Сонда олар да ел үшін аянбай енбек етуге бейім болады.

Бұл жерде “қолға қылыш, найза ұстап жауға аттанған дәуір артта қалды. Батырлар бүгінгі ұрпаққа қалай үлгі бола алады?” деген сұрақ туылуы заңды. Әрине заман өзгерді. Бірақ, ұлттық мүддені қорғау, елге қызмет ету арман мақсаты ешқашан өзгермейді. Бұрынғы дәуірлерде батырлық атқа қонып қолға қару алып жауға қарсы тұру болса, қазіргі таңда батырлық қолға қалам алып ғылым мен білімді меңгеру, жоғары технологияны игеру, şetel tilderin üyrenip иновация жасап товарлық заттар шығарып ел экономикасына үлеs қосу болып табылады. Бұлардың барлығын jasap jatqanda жеке бастың қамы үшін emes, бұрынғы батырларша ойлап елдің ұлы мүддесі үшін істеу. Міне бізге батырлардың үлгі болатын жері осы.

Сөз соңында Бұқарбай батыр сынды батырымызды елге таныту барысында сүбелі зерттеулер жүргізіп келе жатқан Баяхмет Жұмабайұлына да алғысым шексіз.


Әбдіуақап Қара

Мимар синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы,

  • Қаңтар 27, 2024
  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • «мамыр» 15, 2023
  • «Желтоқсан» 23, 2023
  • Қаңтар 09, 2024
  • Қаңтар 08, 2024
  • Қараша 22, 2020
  • «наурыз» 19, 2021
  • Шілде 16, 2020
  • Қазан 31, 2021

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз