Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

(Профессор, Медицина ғылымының магистрі, кеңесші, дәрежелі хирург)

Насбекұлы Кәбіл 1955-жылы Монғолия Баян-Өлгей аймағы Алтай сумынында туған. 1971-1975 жылдары Говь-Алтай аймағында медициналық коллежде оқып адам дәрігері мамандығы бойынша оқуды аяқтаған.

1975-1981 жылдар аралығында Баянхонгор аймағында Баян-овоо және Баян-Өлгей аймағының Булган, Алтай сумындарында адамның кіші дәрігері, 1987 жылы Улан-Батор Мед.институтынан аға-дәрігер мамандығын игерген. Медицина ғылымының магистрі, клиникалық профессор, кеңесші дәрежелі хирург, аймағымызға танымал дәрігер.

1987-1990 жылдары Дэлүүн сумын, сумын орталык ауруханасының бас дәрігері, 1995-1997 жылдар Алтай сумын ауруханасында хирург мамандығы бойынша дәрігер, 1995-1997 жылдары аймақ әкім іс басқару орынында денсаулык жауаптанған аға қызметкер, 1997-2008 біріккен ауруханасында онкохирург мамандығымен дәрігер, ісік ауруын зерттеу кабинетінің меңгерушісі, 2008-2012 жылдан 12 айға дейін аймақтық біріккен ауруханасының емдеу ісін жауаптанған орынбасар басшысы, 2012-2014 жыл хирургия бөлімшесінің кеңесші дәрігері қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып.

2015 жылы зейнет демалысына шыққан. Ол зейнет акыға шықсада аймақ халқынын денсаулығын сақтауға үлесін қосып 2013 жылы хирургия, ісік ауруы, лор бағытындағы «Нур Алтай Мед ауруханасын» жаңадан орнатып казір осы аурухананың басшы кызметін абыроймен атқарып келеді. Бұл аурухана казір 33 тосекті, науқастарға ота жасап емдейтін, жеке маманды дәрiгері көмек көрсететін аймағымыздағы бірден бір меншік ауруханасы болып саналады.

2007 жылы клиникалық профессор атағы берілген, Түркия жане Улан-Батор қаласында хирургия, онкохирургия бойынша маманын жоғарлатқан, денсаулык сақтау саласының «озат кызметкері», кәсіп одақтар ұйымының «озат кызметкері», «Алтын жұлдыз», «Енбек қызыл ту» орденінін иегері, 1990-шы жылы «аймақтық саңылақ дарігер», 2007 жылы «аймақтық жыл тандаулы дарігер», халық революсиясының мерекелік 70, 80, 90 жылдық медалъдары, басқада сый-сыяпатпен сыйланған. 40 жылдан астам денсаулық сақтау саласында талмай кызмет істеп халық алғысына бөленiп, келе жатқан дәрiгер.

Иә, азаматтың жоғарыдағыдай ерен еңбегінің бір шетінде әрине өмірлік жары болған жұбайы Аханқызы Көбейханныңда еселі еңбегі бары шындық. 1960 жылы дұниеге келіп. Туған өлкесінде есейіп ер жеткен Көбейхпн оқуын тәмәмдап, қоғамға араласа жүріп, бой жете Насбекұлы Кәбілмен табысады, кәсібі балабақша ұйымында аға-аспаз болып қызмет атқара жүріп, күн-түн демей аурудан қиналған адамдардың жанына шипа іздеп зыр жүгіркен жұбайының қызметін түсіне жетіп, от басының күйбің жұмыстарын өз мойнына жүктеп, жұбайының бүгінгі дәрежеге жетуіне өз үлесін қосқан аяулы жар 2015 жылы зейнет демалысына шықты, ол өз өмірінде Азық түлік өнер кәсіп саласының «озат кызметкері», Баян-Өлгей аймағының «озат қызметкері», Халық революциясының 80, 90 жылдық мерекелік медаль және басқада сыйлықтармен сыйланған, 5 бала өсіріп тәрбиелеген әз ана зейнетке шыға қазірге дейін «Нур-Алтай мед ауруханасында» менеджер кызметін абыроймен атқарып келеді. Жұбы жарасқан жұбайлар өз өмірлерін тату-тәтті өткізіп, әрқандай қиыншылықты қол ұстасып жеңіп, қуанышта бірге болып, міне әліде еліне елеулі еңбектерін аямай сіңіріп келеді, қос жұбайдың бұданда зор табыстарға жетіп, қосағымен қоса ағарып, ғұмырлы болуын тілейміз.


материалды дайындаған: Байахмет Жұмабайұлы

редактор: Құрманай Құрманғалиқызы

  • Қаңтар 27, 2024
  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 24, 2024
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • «мамыр» 15, 2023
  • «Желтоқсан» 23, 2023
  • Қаңтар 09, 2024
  • Шілде 31, 2020
  • Шілде 21, 2020
  • Шілде 17, 2020
  • Шілде 17, 2020

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз