Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

«Жақсы адам» бұл сөз өмірдегі жақсылар ұшін дағдылы сөз сияқтанғанымен, ол дұнйеге аттанып бара жатқан марқұмдарға жалпы жиналған жамағаттың бір ауыздан жаратушы алдына тапсыратын дұғасы, алқауы, шын ниеттері еді, сондықта н «жақсы адам» деген бір ауыз сөздің салмағы тым асқақ!

Йә, «өлім» деген «өмірдің заңдылығы» дейтін шындық болғанымен, қатардағы жақсылардың бірі, елінің егей ері, өмірі ізгілікке толы жандарддан айырылыу көз көргендер ұшін ғана емес, тұтас халықты кұңірентіп кететіні рас екен.

Шәріпқан Кәрімұлы жұбайы Батима Дәітқызымен бірге

  • ...Ажалдың оғы атылып, 
  • Тағдырға тұсіп сұм қүрық. 
  • Таңменен шошып ойандым, 
  • Мезгілсіз әтеш шақырып. 

  •  Қайранда – қайран ағам – ай, 
  •  Тұтылып тұрма кұн қалай. 
  •  Аспанан ағып бір жұлдыз, 
  •  Ғаршқа кетті ол самғай. 

  • Елің бір қалды егіліп, 
  •  Далдасыз қалдық жел тұрып. 
  • Мекенің қалды жер ұйық, 
  •  Алқынып ауыр ах ұрып... – деген, кұңіренген зарлы ұндер көтерлген сайын, мұндағы жұрттың сай сұйегі сырқырап, жан дұнйелері мұңға батып, қатардан кеткен есіл еріне жоқтауларын боратты.  

Шәріпқан Кәрімұлының отбасы (2017)

Йә, бұл зар, бұл мұң бұл ортада орыны бөлек әз аға Шәріпхан Кәрімұлының өлімін емес ізгілікке толы өмірін жоқтау еді. Жоқтау тек туған халқы ғана емес, арысы екі милиярт халқы бар Қытай мемелекетінің ел ағаларынан тартып, тұтас қазақ қалқына, тіптен адамйлыққа жаны құмар, ізгіліктің шамы мәңгі атырабына сәуле шәшіп тұруын қалайтын жандардың зарлы жоқтауы еді.

Әрйне, тұтас елдің былайша кұңіреніуінен біз нені ұғамыз? Адам тағдырының қожасы адал жұректе екенін марқұм Шахаң ағамыздың тірліктегі ғұмыр кешірмесі еріксіз еске салады.

Ақыл – парасат, сана – сезім, тірліктегі қарекеттің бәр – бәрі жұректің әмірімен боларын кім – кімде мойындайды, ендеше Шәріпхан ағаның туа бітті болмысына қалыптасқан - бас есепке салынбайтын, арам пиғылдан ада, бақай қулық, арамза ойды мұттемге білмейтін, тек адал, шыншылдықты өміріне ту еткен, адамилықты асқақ рух санайтын көзғарасы оған «сүтпенен бітіп, сұйегіне сіңген» қасйет болғандықтан марқұм өз өмірін жасандылықтан мұттемге аулақ ұстап, шынайылықпен шыңдалған жан еді.

Иә, халық даналығында «ұйіңді қонақ келердей, жұрегіңді өлім келердей таза ұста» дейтін ғйбараты Шахаң ағаның өмірге деген ұстанымымен сай келетіндей сезіледі. Олай дейтінім сонау Боғда тауының тұстігінде жатқан шұрайлы мекен Морй деген ата жұртта туылып, ержеткен Шақаң ағаның өмір жолына сәп салсаңыз ондағы бірге өскен өз теңдестері сол ортаның ауасын бірге жұтып, суын бірлікте ішіп ғұмыр кешкені мен Шақаң елден ерек, құнарлы топырақтан нәр алып, тамырын тереңге тартқан шыршадай тез бой тартып, атырабына өз сайасын тым ерте тұсіре бастауы шынында таңғажайып бір құбылыс сынды еді, сондықтанда ондағы халқы «мыңнан тұлпар деген осы екен – ау» деп еріксіз мойындауы да бекерден – бекер емес.

«Көпке сайа болған аға» дегенен еске оралады. Қай жылы, ел аралап жұріп Морй жеріне бардым, қайда білері көп кәриялар бар десе кеңесе кетуге құштар басым, ондағы аңғарлы деген қарттардың бірмүншасын толықтадым, соның ішінде елдің азаттығы мен өркендеуіне өз есесін қосып зейнетте жатқан және бір ақсақалға жолықбақ болған едім, бәз біреулер «әй, ол адамнан тұшымды жауап ала алуың қиындау боларма екен, білері көп, білімі жоғары екені рас, амал не, «шындықтан шеттеп шықпаймын» деп еш кімді оңайда бойына тоғытпайтын кісі» деушілердің сөзі мені тіпті қызықтырды. Тәуекел, дедімде кәрияға амандаса бардым, ақсақал өзіме кезіккен жерден «Қайдан жұрген баласың» деп азкем паңдана қарады. Мұндай кескін мінезді, төтесінен түсетін кәрйалар зытсыз, турашыл екенінде жақсы білетінмін. Ойыма қайдан түсе қалды менде «баласы данасын іздесе болмайма екен» дедім тіке. Байқайым, сөзім ұнай қалған сияқты бара- бара кеңесіміз жарасып шыға келді. Йә, оны айттық, бұны айттық, мұндағы атқарлып келген жұмыстар кәрйаның көңілінен шықбайтындығы байқалды. Солайда мұндағы бұрынғы – соңғы өмір сұріп, жұмыс атқарған қаншама адамдардың харекетінің бәрі міннен аулақ болмады, әңгіме қыза тұсіп арада мұнда ұзақ жыл әр салада жұмыс атқарып, кейін обылыс дәрежелі басшылық жұмысына ауысқан Шәріпхан аға туралы тоқталғанымызда, «Шахаңба» деп орынынан көтерле отырып сөйлеген кәрйа «Шәріпхан мен көрген адамдардың ішінде нағыз жаны таза, адамйлығы асқақ, ізгілікті жан» дей келіп, оның шыншыл, әрқандай жұмысқа іскерлігін, қолға алған жұмысынан нәтйже жарата білетін, нағыз халықшыл, қағылез адам осы Шәрпхан» демесі барма.

Шыны керек пендеміз ғой - Шәріпхан ағаның бұл ақсақалға елден ерек бір жақсылығы тйген - ау,- деп ойлай қалғанымды қайдан жасырайын, кәрияда зерек екен, менің бұл ойымның төбесінен тұсіп, «мұмкін, бұл шал Шәріпханың бір жақсылығын көрген болар деп отырған да боларсың, ант етейін жеке басыма біреуден тұйір пайда тіленіп көрген жан емеспін, менің айтайын дегенім, Шәрпхан барлық адамға бірдей мәміледе болатыны, әрқандай жұмысқа жауапкершілікпен қарап, өзінеде басқағада көз бойаушылық істемей, жасандылықсыз жұмыс атқаратын, турашыл адам, оның бұл өңірде қолға алған шаруалары нәтйжелі болғандықтан мен ғана емес мұндағы тұтас халық Шәріпханды «Шаха» деп атап, оны барынша құрметтейді» деді, кәрияа сөзін тұжыра.

Міне, Шәріпхан аға туралы осы сөздер маған айрықша әсер жасаса керек, өлкенің жер басқарыу мекемесінің бас жауаптысы болып тұрған тұсында Шахаңа сәлемдесе барған жәйім бар, «халық айтса қалт айтпайды» деген рас екен, тумысында өзімді көрмеген ағаның отырған орынынан шәпшаң тұрып, құшағын айқара ашып қарсы алыуы дәл сол сәтте өзімді ұйалтқанын қайдан жасырайын, өлке дәрежелі жойпаның бұлайша мәмілесін көргенімде өзімде анда – мұнда болып қалатын пендешілігімді есімеде салды- ау, білемін, аз-кем үнсіздіктен соң ағамыз екеміз ұйір айқас бола кеттік. «Не шаруа, не бұйымтай» дейді айаулы аға жарқлдап, мұндайда бір қажетіңді айта қалсаң «жоқ» демейтінінен де хабардар едім. Талайлардың қйыншылығына жәрдемдесіп, жоқ – жітіктергеде қол ұшін беріп, жетім – жесірлерге адамгершіліктің жылыуын тұсіріп жұретін ақ көңіл, дарқан мінезді ағаға өз басым еш бұйымтай айта алмадым, «аман – сәлемдесе келгенімғой» дедім, аңғарлы аға менің жазу- сызумен шұғылданып жұретінімдіде біледі екен, газет, журналдардан мақалаларымды оқып тұратынын айта келіп, «міне, менің телефон нөмірім, қабарласып тұр» деп ағынан жарылмасы барма. Әй, қайран есіл- ай деші!

Біз былайғы жерде аға – інілік силасымдылықпен арластық та кеттік... Қанша айтқанмен қоғамға ішкіліктесе арласып мол тәжірйбе жйнаған Шахаң аға әркез өзіме аяаушылық танытып, жұмысымды қолдап, бұл ортада «нелерден абайлап, қандай жұмыстарға батыл кірсуім керек» деген мәселе жөнінде ақыл – кеңесін аяамай айтып отыратындықтан, менде білімі терең, білері мол ағаның ғйбаратты кеңесінен сабақ алып, қүныға құлақ тұретін болдым.

Йә, ойлап отырсаң, адам тірлігінде еліне елеулі еңбегімен, жарқын мінезімен, шынайы нйет, адал жұрегімен ұлгі – өнеге бола білгенде ғана иманды, инауатты, қастерлі адам болып қана қалмай, артына өшпес есімі қалатын «аруаққа» айланатыны шындық екен, сонда ғана халқы «о, аруағыңнан айналдым, жақсы адам еді» дейтініде осыдан екен - ау деген тұйнге келдім.

Рас Шахаң ағамыз молдалар айта беретін, «тірлігінде екі дұнйенің азығын тең жйнаған» ардақты аруақтар қатарына жататынын ескеріп, йа, аяулы аға жатқан жерің жәйлі, жаның жәнәтта болсын айтамын.

*.     *.  .  *

Йа, Шәрпхан ағамызды алқап, еске аларлық ендігі бір қыры ұрпақ тәрбйесі еді, әрбір ата – ананың жұрек қуаншы ұрпағының көз алдында аман жұруі, өз ортасына жаман атын шығармай жақсы атын қалтырыуы, одан арғарай өзідерінің ұмітін ақтап, бйіктерден көрнсе ата – ана ел алдында төбелері көкке жетердей болып, бақытты ғұмыр кешкені.

Ұрпаққа қойылар мұндай талап ел ортасында ат - атағы бар, абыройы асқақ жандар ұшін тіптен, себебі елге ақыл айтатын жандардың ұрпақтары көптің сын көзіне көп тұсетініде шындық, сондықтан Шәрпхан аға сияқты елінің көсем серкесі болған адамның артына ұрпағы барма, бар болса қанай? Міне, бұлар қарапайым халықтың басындағы сұрақ екендігі шындық. Бұл сынай қараудан емес, марқұм болған ағамызға деген кұйіншпен - сұйнштен туындайтын сұрақтар еді. Сондықтан бұның жауабын дана халық: «адам - мың жасамайды, ұрпағы - мың жасайды» деп қорта білген.

Ендеше Шәрпхан ағамыздың бұл кұнде білім, ғылым, мәденйет және екеномикамен айланысып жатқан ұл – қыздырының өз орталарында жақсы ат – атақтары асқақтап, халқының қадырына бөленіп отыруы Шахаң ағамызбен аяуулы жеңгеміздің ұрпақ тәрбйесінің өнімділігінің дәлелі деуге болар еді.

Рас Шәхаң аға мен жеңгеміз «ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып» бақытты кұндерді бірге кешті, бәріненде құз басына қонған ұрпақтары темір қанат тұлектерін ертіп жұрген бақытты шақтарын көздері көріп, жұректері орнығып, көңілдері тоғайып «мың жасаудың» ұмітіне сенімен қараған бақытты жандар болды.

Өз басым төңірегіме қарап отырсам тоятын алыстан тартып, жемін шәшіп жейтін Шахаң ағаның бір ұрпағы Ержан деген азаматтың тынс тіршілігін көргенімде «Шахаң аға өлген жоқ» деп кесіп айтқым келеді. Олай дейтінім бұл маңдада қайнаған тіршілік думаны болғандықтан түрлі қймылдар, жйын – тойлар, тіпті қоғамдық келелі жұмыстар әркез туындап жатады, осындайда солардың басы қасынан табылатын Ержаның дарқандық, көпшілдік, шыншылдық, жомарттық пйғылдары мұндағыларды тәнті етіп жататыны бар.

Ержаның әрқандай жұмысқа ұтымды, басқалардың көңілін тапқыш, ұйымдастыру қабылетінің күшті екенін көргенімде «әке көрген оқ жонар» дейтін тәлімәттің нәтйжесі мен мұндалап тұрғанын байқаймын, Ержаның қашанда шын сөйлеп, барды – бар, жоқты – жоқ дейтін кескіндігі өзме тіптен ұнап, сырттай «бәрекелді» айтып жұретінімдіде қалай жасырайын, ең бастысы Ержаның тәрбйелі от басынан шыққандығы оның мәденйеті мен ақылақ- мөралынан байқалып тұрады. Байқалып қана қалмай сол ата – ананың тәрбйесі ұрпақ сабақтастығын жалғап Ержаның өз ұрпақтарын жатпай – тұрмай білікті ұстаздардың алдына апарып, білім деңгейі жоғары ортаны талдап білім нәрін сіңіруінің өзінде «тектілік» жатқанын сезуге болар еді.

Йа, оқырман, «Шахаңды айта отырып ұрпағына қалай тұсіп кетті» деп ойламаңыз, мен Ержаннан, оның тәрбиелі ұл- қызынан артына өшпес із қалдырған Шәкең ағаны көргендей, жақсылығы жалғасып мың жасауға жол ашқан аяулы аға- жеңгемді көргендей көңіліиді көпке пәш еткім келеді.

Йә, есіл аға, ұлағатты өміріңіз ұрпаққа үлгі, артыңа өнеге! Бақұл бол, аға, бақұл бол, сіз өркентетті өмірге өшпес өнеге қалдырған тұлғасыз, халық сізді жүрегінде мәңгі сақтайды!


Байахмет Жұмабайұлы

  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 24, 2024
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • «мамыр» 15, 2023
  • «Желтоқсан» 23, 2023
  • Қаңтар 09, 2024
  • Қаңтар 08, 2024
  • Шілде 17, 2020
  • «тамыз» 19, 2020
  • Шілде 17, 2020
  • Қараша 22, 2020

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз