Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

«Тауда жүріп таста өскен, ағайынынан басқа өскен» Қабыкей Ахмерұлы 1924 жылы Моңғолияның Қобда аймағының Бұлғын өлкесінде дүниеге келген. Бұл Моңғолдың өз тәуелсіздігін жариялаған, енді жеңістік тауып, Баян-Өлгей аймағы құрылмаған кез еді.

Қабыкей Ахмерұлы

1935-1938 жылдар қанды қол саясат елдің сорпа бетіне шығатын азаматтарын жайпап, алдына 800 жылқы салған Ақмерді ұл-қызымен қосып Қобда түрмесіне апарып «Халық жауы»-деп атып тастайды. Бұл кезде Қабыкей «Домбырашы бала» атанып жүрген кез екен.

Жайылымда жоны жылт еткен малы жоқ, үрерге ит, сығарға бит қалмай, әке-ағадан да айырылған Қабыкей қу домбырасын құшақтап қыр басына шығып бебеулетіп, қурай сыбызғысынан зарлы үн шығарып мұңайып еңіреумен болады. Сол қабырғасын қарс айырып, ішін өрттеп жатқан мұң-зар, сары уайым, сағыныш жас Қабыкейдің көкірегіне күй боп ұялап, домбыра шанағымен сыбызғының өңешіне құйылса керек.

«Әке мейірі», «Сағыныш», күйлері оның айғағы. Сөйтіп көңіл шерін тарқатып, шеменін жібітеді. Әпекесі Гүлжік пен жұқа атадан аман қалған жалғыздың жадын халық күйлерімен құптап, әндерімен әрледі. Осылайша 1938 жылдыры Қабыкей Тұрпаннан оқыған Нұртаза молдадан сабақ алады. Деседе сол бір отбасын қырғындаған долы саясаттың ызғары бұл ортадан әліде кете қоймағандықтан Қабыкейді жасынбады «Халық жауының ұрқы»-деп оның өнерін сәулелендіріп, ел арасында бас көтеруіне мұрса бермеді. 1943 жылы ауылдағы айдауға түседі. Туыстан, ел мен жұрттан айырылып жүрегін шер басқан Қабаң осы бір сәттердің тынысы ретінде «Аңыраған» күйін шертеді. Қайсар жас жасымады, тағыда жүрген жерінен халық күйі мен күй аңызын жинауын жалғастыра берді.

Ол «Аққу» күйінің шығуын былай баяндайды: Баян-Өлгей аймағының Тұлба сұмында «Суық көл» деген көл бар. Ертеде сол көлге көктем келіп, жаз жайлап, күз балапандарын ұшырып жылы жаққа кететін аққулар болды. Бір жылы құс атқан біреу аққудың сыңарын топшыдан жаралап жаралы аққу күзде ұша алмай қалады. Оның жұбы мен екі балапаны қар жауғанша серігіне қарайлайды да, ақыры тастап кете береді. Қыста қалған жаралы аққу қыс бойы көлдің ортасын қауіпсіз көріп сонда айланып жүре береді, қыс мұз қатып тек әлгі аққу айланып жүрген мұң ұй орынындай жер ғана қарайып мұзсыз қалған екен. Жазғытұрым оралған аққудың жұбы құстардың алдымен келіп серігінің аман екенін көрген жерден көк аспаннан құдия түседі. Тірі қалған аққуда қанатын сабалап қиқу салып өз ара қауышады, екі аққудың сағынышы сондай мойындары айқасып ұзақ тұрып сол арада жан үзген екен. Міне осы аянышты көріністен күйші «Аққу» күйін шығарады. Осылайша Қабаңның «Аққу көлі», «Саралақаз», «Сүңгіл көл», «Асау күрті», «Құлжагер» қатарлы қырықтай күй шығарып,«Бөбегім»,«Сауыншы апай»,«Жастар жалыны» сынды 25 ән жазған.1956 жылы Баян-Өлгейдің ұлттық музыкалық драматургиясына орналасып онда бір жылдық көркем өнер курсын бітіріп, талантымен көзге түсіп әрі Моңғолиядағы қазақ драматургиясын құруға ат салысады.

1958 жылы Алматыға келіп оқып, өнерде айрықша бет бұрыс табады әрі күйшінің дарынына тәнті болған Қажығалиев Шамғон дирижерлық өнерге баулиды. Есқалив Азидолда Қазақстан күйлерін, ал Тілендив Нұрғиса нота үйретеді. Ұстаздарынан аз уақытта мол білім алып қарымды қабілетпен еліне қайтып оралған Қабаң отыз жыл ұлт аспаптар оркестірінде дирижерлық қызмет етеді. Әрі 200-ге жуық әлем және Моңғол композиторларының шығармаларын оркестірге түсірді. 1960 жылы Ұланбаторда өткен қазақ мәдениеті мен өнері «Менің 10 күндігімде» Қабыкейдің шығармашылығы жоғары бағаланады. «Алтын жұлдыз» орденін тағады. Осы жылы Моңғол композиторлар одағының мүшелерінің бірі болады.

Қабаң Моңғолия халықтары арасында халықтық мұраларды, әсіресе, ән-күйлерді жинау, ноталауға аянбай күш жұмсады. 1965 жылы «Моңғолия қазақтарының халық әні» деген атпен 50 ән, 1972 жылы «Ән» деген атпен 80 ән, 1977 жылы «Домбыра, сыбызғы күйлері» деген атпен 120 күй, 1984 жылы 328 ән жинап (бұның ішінде атақты «Асанқайғының желмаясы», «Жәнібек батырдың көк дөнені»,«Сал жігіт»т.б.құндылығы жоғары халық күйлер бар) жеке-жеке кітап етіп шығарды. Өнер зерттеуші ағамыз «Халық күйлерін жинағанда оған қатысты аңыз, тарихи оқиғалармен қатар авторлардан күй туралы әңгіме шерткен өнер адамдарының аты-жөні, тұрағына дейін хатқа түсіріп, түрлі варианттармен қоса нотаға түсіріп, таспаға бастыру үлкен зерделік, келешегін ойлаған көрегендік»-деп айтады.

Дәулескер домбырашы әрі сыбызғышы, күйші-композитор, зерттеуші-ғалым, дирижер-ұстаз 1975 жылы «MXP»-дың «Еңбек сіңірген әртісі» атағына ие болды, әрі Моңғолияның «Озат мәдениет қызметкері», белгілі жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбек өзінің «Күй шежіре» кітабында (Алматы 1992 жыл) «Қабыкей халқымыздың ән-күйін жинап, нотаға түсіріп, жариялауда сіңірген еңбегі зор»-деп бағалады. Өз өмірінде 600-ден астам ән-күй жинаған ағамыздың еңбегін тарихтың алтын альбомына жазып қалдырмастан, қазақ ұлтының мәдениет қорының ең алдына қоюға кім-кімде батылдық етеді.

Әйгілі музыкант атамыздың осындай еңбегіне жоғары баға беріп, танып-білген Қазақстан мәдениет министрі 2001 жылы мемлекеттің он жылдығына орай авторға «Ақтелек» тақырыбында Алматыдағы студенттер сарайында, Құрманғазы атындағы академиялық ұлттық аспаптар өркестірінің сүйемелдеуінде шығармашылық кешін өткізіп, жоғары баға берді.

2011 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен "Ерен еңбегіңіз үшін" медалімен марапатталды. Марқұм ағамыз 2012 жылы бұл дүниеден өтті, мәңгілік мекені Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында жерленді. Марқұм ағамыздың еңбектерін еске алған туған мекені Моңғолия үкіметі 2019 жылы Баян-Өлкей аймағының драма театрның музыка класын Ақмерұлы Қабыкей атына берді.

Өнер өріндегі өр тұлғалы ақсақалымыздың өнеріне табыс тілеп, ұрпақтарға ұлағат болғай!


дайындаған: Байахмет Жұмабайұлы

редактор: Құрманай Құрманғалиқызы

  • Қаңтар 27, 2024
  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қаңтар 24, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • Қаңтар 09, 2024
  • «Желтоқсан» 23, 2023
  • Қаңтар 08, 2024
  • Шілде 25, 2020
  • «тамыз» 19, 2020
  • Қыркүйек 02, 2020
  • Шілде 23, 2020

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз