Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

Тамыры тереңде жатқан тектіліктің құндылығы арыдан алтын желімен арқауласып жатқанын, мәйегінен ұлағатқа толы ұлылардың ұласуымен мұндалайды, таңғаларлығы сол, ғасырлардан келе жатқан қасиет қаңтарылып қалмай, түлежіп, түгеп кетпей ендігі ұрпақтан көрініс беруі кім - кімгеде ой салмай қоймайды.

Йә, бүгін “өмірдің заңдылығы” дейтін болмысқа байланып, саналы санадан орын алған Фәзила апайымыздың дүниеден көшуі аруақты ата - бабамен , аңғарлы, асыл зада әулеттің рухын қозғап, өткенді еске сала кеткенін қалай жасырайық.

Жұртқа танымал - ақиқат, шындық, теңдік ұшін басын берген Зуқа батыр аяулы ұлы Сұлтаншәріпті топ алдында алқағанда; "осы ұлым аман жүрсе елінің басын оңайтын аңғарлы азамат болады, көрде тұрыңдар...” деп мақтанатын әке, ұлының ертеңінен зор үміт күтіуі бекерден - бекер емес еді. Сол аяулы әке жүрегіне үміт отын жаққан ұлы Сұлтаншәріп айтып - айтпай даланың түрмысына, заңына, жоралғысына қанық болып өсіп, қасқыр мінезді жаужүрек, қара нар сіпетті қайыспайтын, қажырлы азамат болып ел көзіне түсті. Оқыды, тоқыды, бәріненде күш - қайраты оның батыл мінезіне тамыздық болып, халқы үшін қамқор азамат болып жетілді.

Ел жаугершілік, үркін - қорқыннан есі кетіп, есеңгіреп жатқанда тірі мал базарын ашып, әке жолын қуып әлсізбен, жоқ - жітікке қамқор болды, қарсыластарына есе бермейтін асқан руыхтың иесі болып жетілгеніне тек әке емес тамам жұрт қуанып, арқа тұтты.

“баяғыда...” дейді - Баттал кария. “баяғыда” деп тұрғаны мөлшері 1935 - жылдар:

- ауылымызға сарт, суан саудагерлері келіп қора орынындай қоршаулы дауалдың ішіне дүние - мүліктерін жәйіп тастап, кеңірдегі үзілгенше айхайлап ауыл адамдарын заттарын сатып алуға жыйнап жатты. Қолдарында көк тыйыны жоқ әйелдермен балалар шоғыры молайып көздің жауын алатын киімдермен бұйымдарға құныға көз кідіртіп, қызыға қарағанымен еш нәрсесін ала алмай тамсанып жүргенін көрген бір шетте түрған Сұлтаншәріп аяқ астынан Бұрық - сарық болып арыстандай ақырып:

- ай, сарт ... - деген еді, қара божбан, қиық мұртты, денелі кіре басы (кіре тартушылардың жауаптысы) болған адам ғана емес мұндағылардың бәрі Сұлтаншәріпке жамырай қарасты.

- мына заттарыңның бәрі қанша болады?... - деген еді әлгі сауда басы жылмың ете қалды:

- бүныңға пұлың иетмейді... - деген еді Сұлтаншәріп қатулана:

- қанша қой болады? - деген еді, сауда басы:

- әәә.. - деп, сәл ойланғандай болдыда - төрт жұз қой - ді.

- жақсы онда, мен қолқат жазып беремін, күзде төрт жұз қойыңды менен аласың, әзір мына заттарыңды маған қалтырасың - деді. Сұлтаншәріптің мына сөзіне түрғандар таңырқай аңтарлып қалған еді. Өзінің бір неше азаматын шақырып алып. “мынларды осында түрған әйелдермен балаларға үлестіріп беріңдер!” деді кесете.

Кейін білдік, мынау басқаның қолын жапақтап түрған халқына, ұрпақтарға жаны ашып намыстанған Сұлтаншәріп осы қыймылға баруға мәжбүр болыпты, айтып - айтпай босып, тозып жүр деген Қазақтар арасындада мұндай еркөңіл, жомарт жандардың барлығын басқаларға мойындатып үлгірді.

- Сұлтаншәріп Баркөл өңіріне тұңғыш рет ағаштан (дөңбектен) үй салдырды, солақ екен мұнда қарақосты қалқа етіп жүретін бардамдар жаппай үй салдыра басады. Сұлтаншәріп елдің береке - бірлігін нығайту үшін жоғары - төменнен келгендермен берекелесіп “таспен атқанды, аспен атып” елге жүмыс істей бастаған еді, Сұлтаншәріптің жолын қуған бұл ортада төңірегін берекеге шақыпып, бір - біріне қамқор болатындардың қатары арта бастады - дейді Абзал қария.

- Мен бұл маңнан кетемін, жақсы - жаман жүрерімді бір құдай біледі , оқпен өрттің арасында жүруімде мүмкін, сондықтан мынау атадан жалғыз түқым болып жүргендерің, үсақ баласы бар жас отаулар бұл реткі менің көшіме ілеспей қалыңдар!, “жаман айтпай жақсы жоқ” дегендей тұқымдарың үзіліп, нәрестелер ауыр күнге ұшыраса қарыздарың менде қалады - деген Сұлтаншәріп қаншама от басын алда азапты жол арқалайтын көштен қалтырып кетеді, ол кезде біз “өзімізді шабан - шолаңсындау” деп ойлаған едік, кейін білдік, бүдан ары парасатылық,бүдан өткен адамгершілік қайдан болсын - дейді Қызырбек қария көзіне жас алып.

- “бәлен жерде пайда бар, барсаң бақыршада жоқ” дегендей Шыңқай жеріне барған ел соғыстан көз ашпады, аш қалды, өлді - жітті. Ең қиыны қаншама баланы “оқытамыз” деген сылтаумен жергілікті үкімет алып кетіп құлдыққа ұстағанын естіген Сұлтаншәріптің жүрегі қан жұтып балаларды құтқару жолында зыр жүгірді. Мұндағы елін есірік билеп, тірліктерін қолдарына телмеңдетіп қойған елден ендігі жерде аулақ кетіп, ұрпақтың бақытын тынштықтан іздеу керек екенін ескерген Сұлтаншәріп беталысты оңауы керектігін, ол ұшін алда күртік жол, кұдыр белегірі, бейнетке толы кешулер күтіп тұрғанын білседе, түяқты сескеніп маңына баспайтын, төбесінен құс зорға үшіп өтетін Гемалайға қарыса бет алды...( йа бұл бір ұзақ хикая). неде болса азып - тозған елдің түяғын аңсаған жерге жеткізгенше аш қалғанға азық тауып беріп, жығылғаның басын ұстап, артық кеткенге сап - сап айтып, рахайға шақыра жүріп елін көзеулі жері, адамыйлығы асқақ, мұсылмандығы мығым болған Түкия еліне аманат етіп тапсырып барып мархұм бақиға аттанбасы барма.

Йа, айтпағымыз “ел” деп туған арда азаматымыздың аңсаған арманы тыныш ортаға ұрпақтарын жеткізіп әкесі Зуқа марқұм болжағандай “елдің басын оңап” кеткеніне аруақ разы болса, әке үмітінен шыққандығына өзіде бұл өміріне разылығымен аттанды. Деседе марқұмның бір өкінші ішінде еді, онысы бүгінгі күні бақиға аттанып жатқан ұрпағы Фәзиланың ерлікке толы өр мінезін, әрқандай жүмысқа ұтымдылығын, қашанда аңғарлығымен алымдылығын көргенде “ұлға бергісіз адуын, егер ұл болып туған болсашы???” - деп отырушы еді дейтін мархұм Фәзйла апайымыздың өзі, аяулы әкесін сағына еске алған сәттерінде.

“әке балаға сыншы” дегендей аңғарлы әке Сұлтаншәріптің қызы Фәзилаға берген бағасыда қалт кетпеді. Бой жеткен Фәзйла ежелден ата жолдас, әкесінің жол серігі болған Тілеубай тегі Жәнімхандай текті әулеттің шаңырағына келін болып түсті. Түстіде - қайнатқан шәйі, асқан қазаны тек қана берекенің дәм - түзын келтірді. Жақсылар келіп жәйғасып, жанбоздар кеңес қүрған ордада елдің елдігі мен ағайының бірлігіне жәйілған дастарханның құтты болды. Барға еңкеймей, жоққа шалқаймаған үлгілі ана болды. Ұлмен қыз өсіріп қана қалмастан ел - жүрттың баласын түтас бауырына басып әз ана болды. Қызда болса әке арманын есінен шығармай, келген жермен, төркінінің намысын бірдей қорғап отырды. Сүйтіп алдына арман - мақсат қойған Фәзйла апайымыз тектіліктің алтын желісіне ақау келтірмей ендігі ұрпақтарының тамырына ұлай кетті.

Марқұмның топырағы торқа, жаны жәннәтта боллып, алла иманын жолдас етсін....


Байахмет Жұмабайұлы

Қ.Р тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі.

К.Р жазушылар қоғамының мұшесі.

Тел: 87756990810

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

  • Қаңтар 27, 2024
  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 24, 2024
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • «Желтоқсан» 23, 2023
  • «мамыр» 15, 2023
  • Қаңтар 08, 2024
  • Қыркүйек 29, 2021
  • Шілде 25, 2020
  • Шілде 22, 2020
  • Қыркүйек 02, 2020

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз