Отбасымыз он екі сот жерде отырғанына әкем үнемі «бұйырса бірнеше отау салуға жетеді»-деп қуанып отыратын. Күндердің бірі «әкімшіліктен келдік» деген бір неше адам «аулаларыңның алдынан жол түсетін болды»-деп біраз жерді бұйрық бойынша алатын болды. Араға аз күн салып «Архитектор» келіп, «аулаларыңыздың артқы бөлігінен бес метр жер артық кеткен»-деп және қоқаңдап кетті. Осыдан көп өтпей көршіміз «сіздерге менің жерім қетіп қалыпты»-деп ол шықты. Сөйтіп әлгі он екі сөт жерден өзімізге төрт сөт жер тиісті болып қалды. Мұндай жәйтті әкем марқұмның көрмей дүние салғанына қуанатынымды Архитектор мырзаға айтқан едім: «әкең марқұм тірі болсада түсіністікпен қарайтын еді, себебі бұл күнде сіздің мына аядай жеріңіз емес тұтас әлемнің жер бедері картасы күн сайын өзгеруде, шынын айтсақ идея қандай тез өзгеріске ұшыраса, жер түзілісі картасыда сонша тез өзгеруде, сондықтан территорялық шекараларға ренжуден көрі денсаулық мәселесін басты орынға қойсаңыздар болғаны»-деген ақылын айтып өзімді сабырға шақырды.