2023 жыл 29 қарашасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Бұқарбай батыр қоғамдық қорымен бірлесіп Ақтабан – шұбырындының 300 жылдығына орай «БҰҚАРБАЙ БАТЫР ЕЛТОҚҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ – ЖОҢҒАР СОҒЫСТАРЫ: ТАРИХЫ, ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРЫ, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізді.
Ғылыми конференция да жоғары ғылыми деңгейде баяндамалар жасалып, Бұқарбай батыр Елтоқұлының ерлігі мен қызметі әр қырынан таныстырылды.
Институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі - Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы ғылыми тәжірибелік конференцияның модераторы болып бастап ашты және «ХVІІІ ғасырдағы қазақ батырлары және тарихи тағылым мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға сарапшысы, жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты Шашаев Әуезхан Қадіржанұлы «Бұқарбай Елтоқұлы тарихи кезеңнің белгілі тұлғасы» тақырыбында баяндама оқыды.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедраның қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызының баяндамасы «Бұқарбай батыр Елтоқұлы және қазақ қоғамындағы батырлар институты» тақырыбына арналды.
«Бұқарбай батыр Елтоқұлы және халық жадында сақталған әңгімелердің тарихи дерек ретіндегі орны» атты тақырыпта Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Тілеубаев Шамек Баянұлы баяндаманы сөйледі.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының халықаралық қатынастар бойынша орынбасары м. а., тарих ғылымдарының кандидаты Жеңіс Жомарт Жеңісұлы. «Бұқарбай батыр және батырлар институтының дипломатиялық қызметі» тақырыбында баяндама жасады.
Ал Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Ғалым хатшысы, PhD доктор баяндамасын «Бұқарбай батыр Елтоқұлы және қазақ-жоңғар соғыстарының тарихнамалық мәселелері» тақырыбында Құрманалина Нұргүл Нұрсұлтанқызы арнап, осы кезеңнің тарихына қатысты ғылыми еңбектерді талдады.
Бұқарбай батыр қоғамдық қорының Президенті, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жұмабайұлы Байахмет «Бұқарбай батыр дастанынының табылыу барыс және ондағы үш ерекшелік» тақырыбына сөз сөйлеп, соңынан конференцияға атсалысқан тарихшы ғалымдарғы алғысын білдірді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткен іс-шараға белгілі халық күйшілері - Бүркітов Сәрсенбай мен Қызырхан Бабақұмарұлы «Бұхарбай батырға» арнаған күйлерін конференцияға сауға тыңдармандарға орындап берді.
Конферения барысында Институт директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі - Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы, Бұхарбай батырдың өмірт арихы баяндалған «Қазақстан тарихы» энциклопедиясының 3 томдығын «Бұхарбай батыр» қоғамдық қорының жетекшісі Байахмет Жұмабайұлына ұсынды.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Тілеубаев Шамек Баянұлы, Ақтабан – шұбырындының 300 жылдығына орай
«БҰҚАРБАЙ БАТЫР ЕЛТОҚҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ – ЖОҢҒАР СОҒЫСТАРЫ: ТӘРИХЫ, ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРЫ, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғлыми – тәжірибелік комференцияны қорытындылай келе конференцияның төмендегідей қарарына тоқталды:
- Институт тарапынан жинақталып жатқан «Батырлар» энциклопедиясының 3 томдығына;
- Халықаралық деңгейдегі SCOPUS журналына Бұхарбай батыр Елтоқұлы және басқада қазақ батырлары туралы мақала әлемдік деңгейдегі ғылыми кеңістікке жариялау;
- Республикалық ономастика комиссияға «Бұхарбай батырдың» ұрпақтары көп орналасқан өңірде көше атауын беруге жөніде ұсыныс даярлау;
- Еліміздегі 555 қаулы негізінде Тарихи тұлғалар тізімі жинағына Бұхарбай батыр Елтоқұлын енгізу үшін өңірлік Ономастикалық комиссияға арқылы ұсыныстар беру тәртібін қарастыру;
- «Абылай хан замандағы Қытайдың Орта Азиямен қарым – қатынасы» туралы монографияға «Бұхарбай батыр» туралы деректерді енгізу;
- «Абылай хан және Ресей империясы» туралы монографияға Бұхарбай батыр Елтоқұлының өмір тарихы жайында ақпараттарды қосуға байланысты ұсыныстармен қарарды қабылдады.
Бұқарбай батыр қор қоғамы