Сүлеймен батыр үкіметтің атшысы болғандықтан аудан әкімі Қарабұлғын өңіріне барып жиын ашуға он екі адамның бірі етіп бірге ертіп алды.
Кәрім ұсталып, жиынның сыры ашылғансоң Есімхан батыр Оқан зәңгінің үйінде қоналқыда болатын әкімді өлтіруге сығайланған алпыс азаматпен шықты, ол алдымен әкімнің төңірегіндегі адамдардың «тіл беріп қоюынан» алаңдап, олардың қайда қонып жатқанын анықтап аңдуылға алды. Сүлеймендіде қонып жатқан үйіне ұстатып байлатып тастады. Осы түн мақсаттарын сәтімен іске асырған Есімхандар енді Көктоғай қалашығындағы үкіметпен сақшы мекемесіне шабуылдауға әзірленді. Сүлеймен өзін байлаудан босатса, өзіне сыралғы «үкіметпен сақшы мекемесін оңай алып беретінін» қиыла айтқанымен оның бұл сөзіне сенбей тастап кетті, ақыры бұл реткі шабуыл сәтсіз болды, Мәуия, Сатыш сияқты адамдар оққа ұшты.
Сүлеймен шеруші руынан шыққан мерген болғандықтан Келес, Шәри бастаған ел ағалары Сүлейменді сұрап алып бұдан кейінгі соғыстағы «атойшы батыр» деп белгілеп, оған дұғалық жазылған ақ жамылғы жауып, ақбоз ат мінгізіп, осы жолы шерушінің батыры Байтайлақтың туын көтеретін мен болып белгілендім – дейді Қабдылмәлік қария.