«Бар бақыт Моңғол жерінде»-деп сеніп ауған өр Алтай халқы орманды алқапқа жете жаудың қоршауында қалды, кейінімізден тірсектей қуған гоминдаң армиясы, ел бір орманды алқапты аңғарға үйме-жүйме түсе аспанда Моңғолияның екі ұшағы пайда болып, шөжеге төнген кезқүйрықтай аңғардың сөбесінен шүйліге келіп бомбы тастап, қүдия келіп оқ жаудырды, бейшара халық ауыр шығынға ұшырады, адам, көш көліктері, айдаған төрт түлік мал аңғарды өлікке толтырды, онысызда аңғар іші өртке ұласты. Лаулап жанған қарағай бұтақтары оқтанда қауыпты болып атырабын жалмай тұсті, ел ағасы Ақтеке биге төрт жерден оқ тиіп ауыр қалде қалды, Сайып батырдың аяғынан оқ тиіп саптаманың іші қанға толып кеткен екен етіктің қоншын пышақпен тіліп, жарақатты қарағай далдасына таңдық.
Ел ағалары тұс-тұстан дауыстап; « дүние, мүлікке қарамай бой тасалаңдар!, салт азаматтар шығысты бетке алып елден ауашаланып жауға оқ жаудырыңдар!»-деп шыжақтап жүр, олардың бұлай бекімге келіп халықты қырып алмау үшін жауды өз соңдарынан ерту еді, айтып айтпай жау салт азаматтарға қарай шүйлікті, ымрт мезгілі болғанда бүйірінде Сәбеттің бесжұлдызы бар қос ұшақ келген жағына кете берді, аңғар ішін түн қымтаған сайын атырап лаулаған отқа оранып, зарлы дауыстар үлғайды. Ел ішіндегі азаматтар елді бұл жерден шығарып кейін шегінуді бүйырды. Салт азаматтар Қаптық тауына барып бой тасалады.