Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

«Бақыт-байлықта емес, өнерде»-деп көп айта беретін әке сөзінің қасиетін, Тоқтаубай, Иманбай, Қалиман, Рақымбай бастаған ұлдары уақыт өткен сайын жете түсініп, әке құдіретіне бас июмен болды. Әрине, аяулы әке өз парасатымен осы ұлдарын ғана ұлағатқа жетелеп қойған жоқ. Ителі елінің зәңгісі салауатымен қаншама елді игілікпен, ізгілікке баулып келгені мынау көпке түсінікті, сондықтан парасатты әкенің байымына бүтін ел бас иетін еді.

Кезінде қорасы қойға толып, дәулеті шалқып тұрған Іргебай дүниеге келген ұлдарына оқу оқуын, одан қалса өнер үйренуін қузағанда, кейбіреулер: «Дәулеті жетпей жатқандай ұлдарына шұлық иіскетіп етік тігуді, тер сасытып темір соғып, ағашшылық істеуге жініктіргені қай білімділігі дейсің?»-деп мұрын шүйіргенде болатын. Бірақ әке әмірі ұлдарын бұлтартпай үйретуге қудалай берді.

Жылдардың жылжуымен өмір де, көңіл де, байлық та бір жерде, бір қалпында тұрмайды екен. Әке дүниеден кетіп, байлық шайқалды. Заман ер азаматтарын сынап-байқады, дәл осындайда әкенің парасаты төрт ұлына биіктей берді. Ақылына өнері сай ұлдар әлекендей жаланып әр түрлі өнерге сыбанып шыға келгенде «Астағфиролла, бардам адамның балалары бұлай болады деп ойламған едік. Әке парасатты болса ұрпақтың алды даңғыл екен-ау»-деп тамсанғандарды айтып сұрама.

Сөйлесе сөзі, істесе ісі бар төрт ұлдың ішінде Рақымбай тіпті көзге түсті. Ақыры әкесіне мұрагер болып елді соңынан бастайтын бір аққу керектігін сезген халқы Рақымбайды зәңгі етіп сайлайды да, айтқанына көніп, айдағанына жүруге уағда береді. Елде ерін таниды ғой, Рақымбай еліне елгезек, ершімді жан болып, қандай қиын-қыстау кездерде халқының жау жағының далдасы, жел жағының панасы болып егей еңбегімен елін дән риза етті.

1945 жылы Дәлелхан генарал халқын дауға да, жауға да бермейтін парасаттылығын сыртай естіп арнайы ізедеп келген екен. Кеңесе келе генарал Рақымбайдың тереңдігіне құрық жетпес сұңғыла жан екенін байқап разы болып «Нағыз ел ағасы, қысылтаяңда елді құтқарар парасат иесі екен»- деп оған зәңгілік лауазымын тұрақтандырып, елбасына төнген бүгінгі жағдайда елінің панасы болатынына сеніп үміт артады. Рақымбай ендігі жерде елін барлық қиындықтан құтқарар жол оқу-ағарту екенін ескеріп «Ноябрь»-ден және «Көл қайнар»-деген жерлерден тұңғыш рет мектеп ашып Тоқтар, Ақшал мен Ыдырыш Итекеұлын оқытушы етіп, Төлеуқан, Бейсен Мұхамеджанұлы, Тоқтамұрат Батырбайұлы, Захан Омарұлы сияқты сансыздаған ел ұрпағын білім алуға орай жаратып береді. Рекең ендігі жерде елді отырықтандырып, жеңіл қолөнерлердің әр түрімен шұғылдануын ұйымдастырады. 1951 жылы Ноябрде (әзіргі көне Жеменей) өнеркәсіп орталығын құрып өндіріске елу ертоқым, жүз күрек әзірлеп өндіріспен мал-шаруашылығының дамуына еселі үлестер қосып аудандық үкімет жағынан мадақталып отырды.

Рекең 1956-1980 жылдар аралығында көне Жеменей, Шалшықай өңірлерінде өнеркәсіп орнының жауаптысы болып, қарапайым көрік, төс балғасы мен халқының қажетті ісіне табан ет, маңдай терін сіңіріп айрықша есе қосады. Міне Рекеңнің осы еңбектерін көрген ұйым оны 1956 жылдан бастап аудандық саяси кеңестің жорасы, 1962-1984 жылға дейін бес кезек Іле обылыстық саяси кеңестің 2-құрылтайына өкіл етіп жіберсе, 1974-1984 жылдар аралығында Жеменей ауданының 6-,7-,8-кезекті халық құрылтай өкілдігіне сайланды.

Я, тектінің тұқымы болған Рекең өз өмірін қашанда ұрпақтары алдында ұятты болатын істерден сақтанып, неғұрлым абыройлы іс тындыруға құлшынды. Сондықтан 1945 жылы Дәлелхан генаралымен қатынас орнатып, оның алғабасар идеясын қабылдаса, 1947 жылы інісі Әбілқақты ел азаттығы үшін «үш аймақ» әскеріне қатынастырады. 1949 жылы «Мылтық тапсыру, үшке, беске қарсы тұру» науқандарында және «Мөйінсерік», «Кооперация», «Командаласу» сияқты ауқымдық жұмыстардың барлығында басқаларға бастамашы, белсенді болды. Аралықта жалпыға жеткен мәдениет төңкерісінің боранына да шалдығып, ауыр азаптарды бастан кешседе, сол әкеден мирас болып қалған он саусағынан тамған өнері мен қарны тоқ, киімі көк болып ғұмыр кешірсе, 1981 жылы Жеменей ауданы халық үкіметінің 48-нөмірлі құжатының рухымен «Рақымбай Іргебайұлы алғабасар демократ»-деген бекіту шығарып, адал да, шыншылдықты өз өміріне өлшем еткен қарияға шынайы анықтама шығарып елі мен ұрпақтарын разы етті.

Өз өмірін өнер мен ерлікке арнаған Рақымбай 1988 жылы 77 жасында бұл дүниемен қоштасты. Оның ізгілікке толы еңбектері мен өнерлері халқына мұра, ұрпақтарына үлгі болып қала берді.


дайындаған: Байахмет Жұмабайұлы

редактор: Құрманай Құрманғалиқызы

  • Шілде 27, 2020
  • Қараша 22, 2020
  • Қыркүйек 29, 2021
  • Қазан 31, 2021
  • Ақпан 21, 2023
  • «наурыз» 28, 2021
  • «Сәуір» 04, 2021
  • «тамыз» 01, 2021
  • «наурыз» 15, 2021
  • «мамыр» 11, 2020
  • «мамыр» 29, 2021
  • «Желтоқсан» 15, 2021

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз