Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

Тынымсыз тірлік тындыма?

(Қажыбек Төтекиннің қазасына)

Дүбірі дүлдүл жүрсіндей, дүмпуі дүр болған, буырқаулы бұлаң дүние арқырап жүріп, ақырғы көмбесіне жете бұйығы мінез танытып, бұлдырап бұлыңғыр тартып барады. Ғүмыр бойы арманға байлап, асқарға талпынатын қолдағы алтын қалам сәлде болса дір ете қалғадай болғанымен жасымайтын, жасқамбайтын рух селк етіп, қажымай, қайыспай келе жатқан миға бір от ағынынан белгі берді. Сексен неше жылғы сергек жүректі әлде бір құдірет «қалғыма!» дегендей жұлқып оятты.

Иә, қай – қай кездеде ынталы жүрек әмірімен ойдағыны ақ қағазға түсіру дейтін серпін тағыда қолға қалам алдырды да еріксіз қиялға қыдық салды. Ауыру төсегінің ызғарын сезінгені сонша қолдағы қалам жорғақтай кеткен еді.

О, Құдірет... әлгіндегі тарыла қалған тыныс кеңи қалды, рух серпіле бастады. «Емханадағы ой. Жоқ... Емханада туған ой... ауыру төсегінде туған ой...Мүмкін осы дұрыста болар» деген оймен тебірене көңілдегі түйдектелген түйткілдер ақ қағазға өрнектеліп үлгерген еді, кенет «сіз» деген дыбыс селт еткізді. Ой бөлініп, кейініне мойын бұрса ақ халатты абзал жан екен. «Сіз, дем алуыңыз керек!» дейді сұраулы, таңырқаулы жанармен.

Қажекең табиғатына біткен жәйдары мінезіне басып: «қоғам, қарағым, мынау таланттылар дейтін балаларым, бауыр, қарындастарым бар еді, соларға бір ауыз айтарымды....» ақ халатты періште өзінің қамқорлығына алған жанға таңырқай, сүйіне қарайды. «Қандай қайсар. Неткен үмітқор, шынында шынайы жан екен. Шіркін шипашақтардың жұғымы болып, аяғынан тік тұрып кетсе етті...»

Жүзінде мейірімді күлкі, жанарында үмітке толы арман, аузында Алла мен Абайы бар Қажекең «қазір, қарғам, міне...» деді де. Әлгі жазғандарын бір демде қолфонына жүктеп «таланттыларға» жөнелтіп үлгеріп... Мынау мұздай суық ауыру төсегіне басын қойды да, көзін жұмды. Солақ еді атырабы періштелерге толғандай болды. Бірі «қаншада, сексенің сеңгіріме?» десе. Енді бірі «опалы ұрпақтары бар, бақытты адам. Немере сүйген...» дейді. Ал енді бері төмен дауыспен өзіне күле қарап «Алланың шын құлы, Аллада бұл пендесін жақсы көреді, өйткені көркем мінезді жанғой, қаршадайынын талант деген дүлділге мініп, міне әзірге дейін күш – қуатын ғылым мен білімге арнап, өмірде адамзатқа «кемел адам болуды» дәріптеп кеткен Абайдай әулиені пір санап, жырлап өткен жаны таза пенде жаратушы Аллаға қалай ұнамасын.... Жәрайсың абызым ... жәрайсың» деген еді Қажекеңнің бұл алқауларға іші жылып сала берді, жүзі нұрланып «е.е,,, ғылым жолында теккен тер, сарп еткен еңбегімнің адамзатқа зәредей қайыры болған болса одан ары іздегенім не?» деп оң жағындағы періштеге қолын созды.

Періште біле қойды, Абай туралы жазған шығармаларын ұстата койған еді Қажекең байыппен кеудесіне бастыда күлімсіреп тыныштала берді. Көзі ұйқыға кетіп бара жатқандай. Әлгі шуылдар кұлағында, жан жарының сағынышқа толы назды даусы, балаларының «әкелеген» сыңғырлы үндері, немерелерінің еркелеген қоңыраулы сөздері. Халқының жамырай қоштасуы сияқты. «Әй әттеген ай, деді Қажекең абыржып, өмірдегі өз міндетімді орындай алдымба екен шіркін...» кенет Қажекеңнің өмір баян, кешірмелері оқыла бастады. Қажекең басын қайта көтергісі келді. Бірақ дәрмені жоқ сияқтанды... «апырмай...» деді ол сәл қабағын шыта «әттең қарақтарым ай, «туылу парыз, өлмек сүндет қой» туды, жүрді, атқарды, сыйланды деп қайтесіңдер, бұл заңдылық, «құмырсқаның басқан ізі тәңірге аян» дегендей бұл адамғада.

Алла ғана аян нәрсе, маған керегі менің қаламымнан Алла деген мақтауыммен, Абайға деген құрметім қаншалықты болды мына ұрпақтың құлағына жетіп, санасына сіңсе болды...» деді Қажекең деміге. Солақ екен, сыңғырлаған, күңіренген, күмбірлеген дауыстар Қажекеңнің жан дүниесінен шыққан поэзия мен прозаларын оқи жөнелді, міне нағыз ләззат... Алпыс екі тамыры балқыған Қажекең рақаттана берді, артта қалған ел – жұрты, қаламдастары, тіпті ол дүниелік болған талай абзал жандар мен дос – жаран, туыс туғандары атырабын қоралай қалыпты, қайдан келді ата – анасы қасында отыр.

Қажекең ата – анасына кемсеңдей қарап, «Балаларыңның өмірдегі шабысы осыншалықты болыпты, ризасыздарма!» дейді. Әрі екеуі өзіне мейірлене қарап, шұлғып қояды. «Ендеше ата – ананың батасы Алланың ризалығы, баталарыңызды беріңіздер!» деді Қажекең. Бетін сипаған ата – ана «ал қарғам бізде өзіңді сағындық, жүр, ілес, бізбен бірге бол!» деді орындарына көтеріле. Қажекеңнің қуанғаны сонша «рақмет, сіздермен бірге болудан ары не бақыт, ақыры қауыштым ау» деп ілесіп барады, ақ сәулеге шомған шетсіз далаға сүңгіп барады.

Бағанағы төңірегіндегі топтала қалғандарды оны ризалықпен аттандырып қоштасып, қолдарын бұлғап тұр.....


Байахмет Жұмабайұлы 22.08.2021

  • «тамыз» 19, 2020
  • Қараша 22, 2020
  • Шілде 27, 2020
  • Шілде 30, 2020
  • Қараша 25, 2023
  • «мамыр» 15, 2023
  • «наурыз» 28, 2021
  • Қазан 01, 2023
  • Маусым 01, 2023
  • «Желтоқсан» 15, 2021
  • Қараша 08, 2021
  • Маусым 12, 2020

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз