Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

Халқының қабырғалы қара нары еді!

Қайрат, иә, мұндай есімдер бұл ортада көп кезігеді, бірақта мен айтып отырған Қайрат аты затына сай Қайрат еді. Қайратты, қағілез, қайсар да, іскер Қайрат болатын. «Тірінің жақсысы жоқ, қайтқанның жаманы жоқ» дейтін сарынмен айтып отырғанын жоқ, шынайы азамат екенін оның істеп кеткен істері-ақ дәлелдейді.


Мен Қайратпен 2019 жылы Алматыда жазушылар кітапханасында таныстым, «Әлем халықтары жазушылары одағының президенті, Қазақстан Халықаралық Жас Жазушылары және Өнер Шеберлері Ассоцияцясының негізін қалаушы, құрылтайшы, құрушы, алғашқы президенті Қайрат Дүйсен - Парман»-деп таныстырғанда «Ойпырмай, мұндай әлемдік жұмыспен шұғылданып отырған қандай мықты азамат еді» деп тәнті болдымда. Айтып айтпай Қырғызстан, Өзбекстан елінің «жазушылар өкілдері» делінген бірнеше адамды мінберге ерте шыққан Қайрат: «біздің одағымызда қырық неше елден мүше бар»-деп бастаған сөзінен-ақ оның әр сөзіне сәп сала құлақ қоюыумен болдым.

Жақсының жатығы болама, жиын ақырласа екеу ара сырласа кеттік, бұл қоғамның қалай құрылғанын, қандай барыстарды бастан кешіргенін, әзір қандай жұмыстар атқарлып отырғанын жан – жақтылы түсіндіріп ақырында өз жайымды ұғысты, сөйтіп осы қоғамға мүше болуымды құп көрді, менде «жоқ» демедім, 2019 жылдың 1 – айының 3 – күні қуана – қуана мүшелік кітапшамды алдым.


Арада қаншалаған жиындар, сырласулар болды, ақ көңіл, ашық– жарқын азамат өзінің қажырлығымен талай жұмыстар атқарды, журнал шығарды, кітаптар құрастырды, өзінің жасампаздығы және бар, отбасы шаруасы дейсізбе... бәріне үлгеріп жүрді. Алайда ол еш уақыт «шаршадым, ауырдым, жалықтым, қойдым, тойдым» демеді.

«Балықтың үнін балық біледі»-дегендей қоғамдық қор жұмысымен айланысып отырған өз басым Қайрекеңнің қандай қиналып жүргенін іштей сезіп жүрдім.

Иә, жұмысты тындыра істеген соң «істеп қойды»-деп, ісемегенде «істей алмайды» деп қайдан болсада сынап, мінейтін әдетіміз барғой. Қайрекең қоғамдық жұмысын жоқтан бар етіп, әлсізден күшейтіп, әлемдегі қырық неше елден (кейін елу неше елге дамыды) мүше қабылдау оңай іскерлік емес еді. Біреулер қызғанышпен күңкілдеді, енді біреулер көре алмай өрлі – қырлы шапты, тағы біреулер етектен тартып тосқын болғысы келді, бұның барлығы тірліктегі алға басудың заңдылығы, бәсекеліктің тепе–теңдігі дегеніңізбен атқарып отырған адамның жүйкесін ауыртып, қуатын әлсірететін кереңсіздіктер еді. Алайда Қайрат алған бетінен қайтпай алға ұмтылды, ұмтыла жүріп өз жұмысынан нәтиже жаратып басқаларға «міне» деп жауап берді.

Иә, бұның бәрі ұзақ әңгіме, марқұмның жаны тірі болса тірілігімен талай кезеңнен мен мұндалайтыны рас еді. Шыны керек кей – кейде екеу ара сырласа қалатын болдық, бір жолы: «бауырым Қайрат, өзіңе бір өтінішім бар, қоғам мүшелерін сапалы болуына мән бер, қоғамның беделі үшін ол таптырмас деңгей»-дедім. Менің көз қырағымды жасырмай тік айтатын мінезімді түсіндіме? Реніш білдіріп шамданбады, қайсы біреулерше «ақылмансыма»-десе недер едім, міне пиғылдылық, кеңдік, дархандық, түсініктің тереңдігі, әуелі ойламаған жерден сыйлық төріне шығарып марапатамасы барма. Арада бауырым бірнеше танымал адамды мүшелекке қабылдағанын айтып өзіме мақтана қарады, мүмкін аға көрген парасаттылығына мақтаныда болар.

Біз аға – бауырдай араластық, халықаралық деңгейде қоғам құрып, қанатын кеңге жайып жұмыс атқарған азамат әуелі шет елдермен байланыс ортатып қытай тілнде кітаптар шығару әзірлігін көріп жүргенінде жасырмады, ағылшын тілінде таңдамалы мақалалардын журналын шығарып, азаматтардың шығармаларын әлемге паш етуге талпынған еңбектерін көргеніңде қайсарда қағілез азаматтың жұмыстарының ертеңгі болашағына шек келтірмей жұмыстағы қыиншылықтарына қол үшін беруге қоғамдағы қалталы азаматтардың қолдау көрсетуіне икемдей бастағанда болатынбыз...

Иә,... кейде өкініш деген бір ғайып бар, кей ой, арман, мақсаттарға үлгіртпей кететін ажал деген пәлекетке амал қайдан болсын. Мүмкін өмір, тірлік осынысымен қымбат, құнды әрі сағынышқа толы болар. Ойламаған жерден аяулы бауырымнан айырылып қалғанда шынымен іштей құсада болдым, амал неше... деседе ылайым оның артқы жұмыстарын жалғастыратын жұбайы дайын тұрғанына қуандым. Мәселе Қайрат құрған қоғамның орнына отыру емес, Қайрат армандаған армандарды қанаттандырып, ол жетсем деген биікке ұмтылып, оның қажымас, қайтпас рухын сәулелендіре түссе екен деймін, әрі солай болатынына сенемін.

Иә, айтарым көп еді, көп сөзден іркіп қалдым..., дана халқымыздың «орынында бар оңалады» деген дана сөзінің ақиқатқа айланғанына мыңда бір тәубе. Халқының қажымас қара нары болған еңбекқор Қайрат марқұмның ізгілікке толы еңбектері ертіңгі ұрпаққа үлгі, өнеге болады деп білемін. Топырағың торқа болсын бауырым!.


Байахмет Жұмабайұлы

(Қазақстан тарих және қоғамдық ғылымдарының академигі. Әлем халықтар жазушылар одағының мүшесі.Қытай мемлекеттік жазушылар одағы, фольклор одағының мүшесі, этнограф, фольклорист)


редактор: Құрманай Құрманғалиқызы

  • «тамыз» 19, 2020
  • Қараша 22, 2020
  • Шілде 27, 2020
  • Шілде 30, 2020
  • Қараша 25, 2023
  • «мамыр» 15, 2023
  • «наурыз» 28, 2021
  • Қазан 01, 2023
  • Маусым 01, 2023
  • «Желтоқсан» 15, 2021
  • Қараша 08, 2021
  • Маусым 12, 2020

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз