Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

«Ел іші алтын кеніш» дегендей 19 - ғасырдың соңында Шинжяң қазақтарында саусақпен санарлық әйел айтыс ақындарының ішінде шоқтығы биік ақындарымыздың бірі осы Бәтіш Қомшақызы еді. Бәтіштің айтыстары ел ішінде таралса да шоғырлы жиналып баспа көрмеген еді, жуық жылдардан бері ел ішінде мұндай мұрағаттарымыз жаппай жиналғандықтан міне бір топ өлеңі қолымызға түсіп оқырманға ұсынып отырмыз.

Ақынның әлі де «Сәбитпен айтысы», «Апсадықпен айтысы», «Шәріпханға айтқаны» деген қыруар өлең, айтыстары бар.

Бәтіш Ителі атасының Елтоқ руынан, шамамен 1885-1886 жылдары Санжы обылысы Құтыбий өңірінде орта Дамайықты отбасында туылған. 1908 жылдары Алтайдың Бурылтоғайдағы Қыстаубай еліне (кейде Шақабай деп те айтылады) ұзатылған. 1959 жылдары дүниеден көшкен деседі.

Бәтіш ұзатылып барған соң күйеуінің қолындағы бәкінің әкесінің бәкісі екенін танып бір шумақ өлең айтады:

Қойдың – қойы жетпейді тұсағына,

Қарай көр сүйегінің ұсағына.

Атамыз құшақ толтырып қыз берседе,

Жаманның ұрлағаны - ай пышағын да.

                                                 

* * *

Бәтіш ақынның төркінінен қайтарда бірнеше бауырларына өкпе – назын айтқаны:

Сыдыққа:

Барсаң сәлем айта бар Сыдығыма,

Еш адамның ілесбеуші еді бұзығына

Біреудің тастандысын алғалы жүр,

Қарашы дыбаң шалдың қызығына.

 

Қасымға айтқаны:

Айта бар барсаң сәлем Қасымыма,

Кезікті ғой Найманың масылына.

Өз басы тентіреп жүріп асық жиып,

Қарашы сүйегінің асылына.

 

Туратауға:

Айта бар, барсаң сәлем Туратау жұрағатым,

Қарыс жерде қаза бар өлім жақын

Туратау ағам бар деп ойларма екен,

Менен бір аяқ ішкен көже жақын.

Бұл өлеңдерді Құтыбий өңірінде 90 жылдары сексен жастардағы Бәтіш ақынның туысы Туратау ақсақалдан жазып алып сақтаған Зәйтін Имаммәдіұлы. Бұл жолы қайта толықтанып беріліп отыр.

 


материалды дайындаған: Байахмет Жұмабайұлы

редактор: Құрманай Құрманғалиқызы

 

 

  • Қаңтар 27, 2024
  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 24, 2024
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • «мамыр» 15, 2023
  • «Желтоқсан» 23, 2023
  • Қаңтар 09, 2024
  • Шілде 17, 2020
  • Қазан 31, 2021
  • Шілде 29, 2020
  • «Желтоқсан» 06, 2020

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз