Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

Қариға Қалитұлы 1911 жылдары Алтай өңірінде дүниеге келген, Қариғаның өмірі білімдарлыққа талпыну, тұрмыстағы бұраңдылықтарға пісіп жетіліп, ерлікке толы өмірмен азаматтықты дәлелдеу, ата-бабаның тектілігін тәрк етпей инабатты азамат болу, имандылықты көптің көкірегіне сіңіре білу-дейтін талпынысқа толы тірлікпен өтті, әрі осы алға қойған армандарына жете білген нағыз асқақ ойлы, адуын азамат болды.

Қариға ата-анасынан ерте айырылсада, Дәкен ағасынан мол білім алып, Зуқа батырдың баулуында адуын, парасатты азамат болып өсіп, Сұлтаншәріптің сілтесе шоқпары, атса оғы сынды ең сенімді азаматы болып көзге түсті, шыны керек ол кезде Сұлтаншәріп сияқты беттегін ісін тындырмай тынбайтын, айтқанын орындап, аңсағанына қолын жеткізетін азаматтарға өзіндей тіпті өзінен асқан пысық азамат болмаса жолдастыққа талдап, сеніммен бірер іске жұмсамайтын еді, әне Қариға Сұлтаншәріптіңде ондағы елдіңде көңілінен шығып, сеніміне ие болған азамат еді.

Сұлтаншәріптер ғұмыр кешкен кез елді асырап, жерді қорғап, басқаға кеудеңді бермеу үшін әрине Қариғадай азаматтарға сүйенбеу мүмкін емес еді, барымта-сырымта, жаудың бетін қайтару, дауды жеңіп, қысыл таяңда досын жауға тастамау дейтін өткелектердің бәрінен Қариға сүрінбей өткен нағыз болат топшы қырын сынды азамат болғандықтан қашанда ел-жұртыда, Сұлтаншәріптей ел ағаларыда қос басы, іс басы, тындырар жұмыстың жетекшісі болуындай сенімге ие болды.

Қариғаның мұндай ерліктерін айта берсек бірер кітәп шығаралық. Мысалы ел жадында қалған оқиғалардан Баркөл жерінде бірнеше реткі жаумен шайқастағы ерлігін, жүректілігін, айлакерлігі жайында таңдай қаға айтатындар көп, бәріненде ол жау жүрек, асқан мерген екендігі жайында талай оқиғаларды мысалға алады.

Қариғаның тұрмысқа пысықтығы сонша жанындағы достарын жауға бермейтін, қайдан болсада жолтапқыштығына талайлар тамсана кеңесіне тиек етеді. Ел басына ауыр күн туып, жау жағадан алған қиын жағдайды көре білген Қариға қарап жата алмай Оспан батыр қосынына қосылып талай-талай оқ борап, от оранған соғыстарды бір төбенің иесі болып, ерлігімен ел көзіне түскен жерлері тіптен көп болыпты.

Қариғаның енді бір ел жадынан кетпейтін оның адалдығы, жанындағы дос жорандары жолында өз басын бәйгеге тігуге бар нағыз ер екенін көп айтатын қариялар мына бір мысалды көлделең тартады; Сұлтаншәріп жаламен Құмыл өңірінде түрмеге түскенде Қариға, Сүмбежан бастаған адамдар заң алдына кеуде керіп барып «қылмыскер Сұлтаншәріп емес, біз болатынбыз»-деп Сұлтаншәріпті түрмеден шығарып өздері Үрімжі түрмесінде бес жыл жатып қайтқанын естігенде Қариғаның адамгершілігіне кім-кімде еріксіз мойындайтындар кемде-кем еді. Қариғаның осы ерлігін, адалдығын, шынайылығын әркез еске алып отыратын Сұлтаншәріп оны өмір бойы алқаумен болып, өзіне айырылмас серігіне айландырып өтті.

Қариғаның енді бір ел аузынан түспейтін хикаясы 1950 жылы Баркөл жеріне барған Америка консулі ДУГЛАС МАККИРНАН-ың басына ауыр күн туып еліне қайту мұң болғанда Оспан, Жәнімхан, Сұлтаншәріп сияқты ел ағалары оны құтқарудың жолы Қайыз жеріндегі Құсайынға жеткізсе ары қарай Тибет арқылы жолды өзі тауып кететінін жөн көріп, өз орталарынан әрқандай қиыншылықты жеңіп, тосалқыларды бұзып өтіп, міндетті адалдықпен орындайды деген сығайланған азаматтар арқылы көзеулі жерге жеткізуді ақылдасады. Міне осы жолы сығайланған ығай жігіттердің бірі осы Қариға болса енді бірі Зиратбай болып аттанып, консульді көзеулі жеріне жеткізіп Аман қайтып оралғанда Сұлтаншәріп «жарайсың ер азаматым»-деп алқаған екен.

Қариға ұзамай Сұлтаншәріпті Үрімжі үкіметі жиынға шақыртқанда бірге барды, себебі Сұлтаншәріптің бұл жолы шақырылуы бекерден-бекер емесін сезді. Айтқандай Үкімет Сұлтаншәріпті халыққа қарсы салып, «міндетті орындамаса түрмеге қамайтын» болғандықтан Сұлтаншәріп жал тауып құтылады да сол кеткеннен Гемалайды бетке алады. Міне бұл көш сол кеткеннен Үндістан, Пакістан, Түркияға жеткізгенше жол жағы қан төгіс шайқас, қою ауадан қырылу, аштықпен, азапты көш тағдыры дегендердің барлығында Қариға Сұлтаншәріппен бірге болды. Босқын ел арада Үндістан жерінде аялдай қалған бір сәтте Сұлтаншәріп қажылық сапарға баратын болғанда тағыда ең сенімді серігі Қариғаны жол жолдастыққа ертіп кетеді.

1954 жылы босқын ел Түркия еліне тұрақтайды. Мұндада Қариға ізгілікті жұмыстарға араласып. От басын бақытты етіп, ұрпақтарын заман талабына сай оқыған, білімді адамдардан ету жолында өзінің әкелік парызын ада етті.

Қариғаның ұрпағына үлгі боларлық қасиеттері көп еді, бәрінен бала тәрбиелеудің шынайы оқулығы ата-ананың бала алдындағы әдебі мен ақылдылығы екенін ескеріп сүйген жарымен береке бірлікте ұрпақтарына нағыз адал, әділ, шыншылдық жайында үлгі бола білген парасатылығы өз алдына .

Иә, кеңесті бірден термелесек ұзақ әңгіме. Қариға өзінің ұрпағын, ел-жұртын Түркия сынды иманды, ибалы, инабатты елінде өсіріп-жеткізкеніне «Аллаға мың тәуба»-деп 1980 жылдары бақиға аттанды. Өмірі күреске толы марқұм осылайша арман еткен Түрік жұртының топырағын жамылып тынысы тоқтады. Топырағың торқа болсын елінің есіл азаматы, ұрпағың өзіңді қашанда сағына еске алады!.


материалды дайындаған: Байахмет Жұмабайұлы

редактор: Құрманай Құрманғалиқызы

  • Шілде 27, 2020
  • Қараша 22, 2020
  • Қыркүйек 29, 2021
  • Қазан 31, 2021
  • Ақпан 21, 2023
  • «наурыз» 28, 2021
  • «Сәуір» 04, 2021
  • «тамыз» 01, 2021
  • «наурыз» 15, 2021
  • «мамыр» 11, 2020
  • «мамыр» 29, 2021
  • «Желтоқсан» 15, 2021

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз