Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

1908 жылдары әзіргі Қазақстанның Зайсан ауданына қарасты Қаратал өңірінде өз ортасында жоғары білімі мен инабаты бар, болыс шенін алған Мұқан отбасында дүние есігін ашқан Садық парасатты ата-ананың тәлімімен сусындап, баулуында есейіп, сол кездегі діни және Байтұрсын оқуларынан Садықпен қоса оның артынан ерген Сапа, Зада деген балаларында оқытып білімді болып шығуға қудау болады.

Әр кезеңдегі оқуын нәтижелі ақырластырып отырған Садықтың оқуына ата-ана жүрегі разы болып, одан зор үміт күтіп педагогикалық мектептен білім алуға аттандырады.

Я, аңғарлы әкенің ұрпақ үшін шыжақ болуы бекерден-бекер емес екен, 1931 жылға келгенде кеңес үкіметінің «билік иелері мен бардамдарды тап ретінде жою» саясаты келгенде, балапанын қорғаған құстай шыжақ болған ата-ана бір түнде Жеменей жеріне үш баласын бірдей алып өтеді де мұнда білімділерді төңірегіне топтап жатқан мейірімді Жеңісхан төренің ауылына келіп сіңіседі.

1928ж. Садық Мұқанұлы (оңнан шәпкі киген адам), бірге болған жолдастары: Қаныкеш Сағындықұлы, Әбден Райымбетұлы, Қанапиа (болыс) Түсіпбекұлы, Қасен Сақариұлы, Рахметолла Тоқтарбайұлы, Ақан Сарыбайұлы.

Бұл кезде мол білімді Садық бала оқытуымен қатар жасынан үйренген ағашшылық өнерінде іске қосып, мұндағы елдің алқауында жүргенде Үрімжіде Жың Шурын үкіметінің қудалауында жүрген Шәріпхан Көгедеев Сауырдағы еліне оралады да, мұнда алғабасар азаматтарды ұйымдастырып, әділетсіз үкіметке наразылығын білдіргенде Садықта осы топтың белсенділердің бірі болып қатарға қосылады. Міне бұл 1932 жылы еді. Шақаң Садықтың Орыс тілі мен жазуларын толық меңгерген азамат екенін танып жетіп, төңкерістік ұйымның хатшылығына тағайындайды.

1933 жылы Шинжяңда жаңа үкімет орнап, Шәріпхан Алтайдың дутыңы (губернатор) болады. Қашанда адал да білімді, турашыл Садықты қасынан елі тастамайтын Шақаң Алтайға ерте келіп «дутың» мекемесінің хатшылық міндетін жүктейді. Сөйтіп жаңалыққа ынтық, ел ісі дегенде елгезектігін танытып, «болашақ ұрпақ бақыты»-деп құлшынған жаңа үкіметтің халық шаруашылығын дамыту, мектеп ашу, баспа орындарын құру сияқты қат-қабат жұмысының салмағы Садыққа түсседе, аңғарлы азамат адалдықпен жұмыс атқарады.

Әне солардың бірі мынау Алтай бетінде бала оқытуда оқытушылардың кемшілігін байқаған Садық оқытушыларды жетістіру курсін ашып, жер-жерден сауатты азаматтарды әкеліп тәрбиелеу, тіпті оқыту құралдарын құрастыру «Жаңа Алтай», «Алтай газеті» сынды газет -журналдарға мақала, өлең жолдап, халықты қараңғылықтан құтқару жолында құлшыну, ойын-сауық орындарын құрып, тақпақ, ән тексті, комедия, театрлар жазып, үгіт-нәсихаттың беталысын халықтың белсене еңбек етіп, надандықтан арылып, бақытты ғұмыр кешіруіне арнаған шығармаларды молайтуға барынша мән береді. Үкіметтің хатшылығымен қоса қыруар қоғамдық жұмыстарға ат салысқан Садықтың ерекшеліктері мен білімдарлығына разы болған Шақаң «Екі қолымның-бірі»-деп оған бар сеніммен қараған еді.

1937 жылы «7 -шілде оқиғасынан» -соң Алтайда «жянгерлікке қарсы тұрып, жапон басқыншыларына қарсы тұру» да белсене алға шығып, әр ұлт халқын тығыз ұйымдастырып, бір ауызды бір ниетті болуға шақыратын отаншылдық рухты серпілтетін мақалалар жазды.

Иә, аумалы-төкпелі заман Шың Шың шайдың зұлымдық өктемдігі арада бой көтеріп, елбасы болған Шақаңмен қоса қыруар игі жақсы, зиялы тобын «Үш ұлт құрылтайы»-деген желеумен Үрімжіге қамайды, Садық жағдайдың өзгерісін сезініп 1939 жылы Бурылтоғайдың Жетіарал деген жеріндегі туыстарына барып Жетіарал мектебін ашып ұрпақ тәрбиелеу жұмысымен айналысады. Иә, бұл кездердің қиындығы, Садықтың басынан өткен ауыр күндерді тізбелесек ұзақ кеңес..., аңғарлы да білімді азамат қандай күнде де ұрпаққа деген жауапкершілігін басты орынға қойып, өзін сергек ұстап ертеңіне үмітпен қарады.

1944 жылғы сұрапыл соғыс Алтай халқын аласапырандыққа түсіргенде Садықта жұбайы Зүлжамал Жұптай қызымен бірге ӨрАлтай Шіңгіл жеріне барып осында тұтқиыл аурудан қайтыс болады. Ұзамай Садықтың Жұбайы Зүлжамал да дүниеден өтіп, артында Қанағат пен Сағдат атты екі жетімегі ел мен сол кездегі үкіметтің құшағында қалып, аяулы ата-аналарының «Тек білімді болу ғана адамның асқақ арманына жеткізеді»-дейтін тәлімімен білімге құштар болып есейеді.

Иә, Садықтың өмірі бір мақала емес, қомақты томға да симайды, себебі ол өз дәуіріндегі алғабасар адамдардың алдыңғы шебінен көрінген аңғарлы да алымды азамат еді. Біз осы шағын таныстырумен марқұмды сағына еске аламыз.


материалды дайындаған: Байахмет Жұмабайұлы

редактор: Құрманай Құрманғалиқызы

  • Қаңтар 27, 2024
  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 24, 2024
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • «мамыр» 15, 2023
  • «Желтоқсан» 23, 2023
  • Қаңтар 09, 2024
  • Шілде 17, 2020
  • Қазан 31, 2021
  • Шілде 29, 2020
  • «Желтоқсан» 06, 2020

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз