300 жылдық тарихқа ие шаңырақ табылды
Бұқарбай (батыр) Елтоқұлы (1690- 1780) жылдарда құмыр кешкен. Абылайханның "Жоңғарға қарсы соғысында", "Еділ қалмақтарымен шәйқаста" және "Ресей шапқыншыларымен" жанкешті күрескен "Ақ буралы батыр". «Атойшы батыр». «Ерке батыр» атанып, ел ұранына айналған.
Бұқарбай батырдың кіндігінен төрт ұл болып соның бірі Манаттың алтыншы ұрпағы Мұқият Сұлтанұлы бұл күнде Қазақстаның Астана қаласының іргесіндегі Қоянды елді мекенде түрады. Мұқияттың сексеннің сеңгіріне шыққан әз анасы Бижамал Ыдырыш қызы бұл шаңырақтың алты – жеті ұрпақ жалғасып келгенін баяндай келіп, «әр ұрпақ бір – біріне - шаңырақты қастерлеп, әрқандай ауыр күндер болсада қадырлеп - қастерлеп сақтап жүруді бір – біріне аманат етіп тапсырып отырғанын, сондықтан талай үркін – қорқын, жаугершілікті бастан кешкен әр ұрпақ бұл шаңырақты күн көзінен , Боран – шәшіннан қорғап, киесі барлығын ескеріп, қытай жерінен ата жұртқа шырынды тамтығы болсада алып келгенін» айтады.
Байахмет Жұмабайұлы