Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

Бұның бәрі кешегі болған болмыстар, тарихта ескерілер еңбек жолы, куәгерлерінің арты үзілмеген шындықтар, әрине айтып кету ұрпақ үшін керек деп білемін.

Зуқа батырдың өмірі мен ізгі істері жайында тоқталмасамда оқырманға түсінікті. Менің айтпағым марқұмның Белқұдық деген жеріндегі ұзақ жылдар жел мүжіп, жаңбыр шәйсада пішінін бұзбай тұрған қорғаны жайында. 1994 жылы Түркия елінен батыр бабамыздың кенже ұлы Сауат (Сауатағзам) қабірді жаңғыртып жөндейтін болып келді. 

Қабірді жаңғырту жайында қатысты орындарға мәлімет етілді. Олардың  бекітуінде «көрнекті жөндеуден өткізбеу, көп адам  жинап жиын - той өткізбеу, шығын үшін жұрттан қаражат топтамау» делінген шартпен құрылыс басталынды, өзім бұл жұмысқа бастан - аяқ араластым, қорғанын бұрынғы есігі терістік батыс жағында (құбыла жақта) еді, оны жол жаққа қаратып, маңдайшалықпен босағалықтарға жазылатын жазуларды өзім міндетіме алдым. Үлкендермен ақылдаса келіп, батырдың жалпы өмірі мен іс - әрекетін «өз дәуірінің ойшыл, көпшіл, жаужүрек батыры Зуқа Сәбитұлы»-деген тұжырымды сөзбен жинақтап, жол үстіндегі қабырға зиярат етушілер мол болғандықтан әрі басқа ұлт адамдарда түсінікті болу үшін Қытай тіліне Тоқан Сейітбатталұлы деген аудармашыға аударттым. Қабірдің  маңдайшалығына жазылатын құран аятын Қазез Ақытұлына жаздыртып, бұл жазуларды көркем жазумен шұғылданып жүрген Бекен деген азамат түсіретін болды. Аралықта өзім қорғанның маңдайына қоладан ай құйдыртып  орнату жұмысымен кешеуілдеп келген едім, қабір басына жазылатын жазулардың Қытайшасы толығымен жазылып қазақшасы тек «батыр Зуқа Сәбитұлы» деп қысқартылып  жазылғанын көріп, жөнін сұраған едім, арада ел ағасы  болып жүрген белгілі азамат келіп «Зуқаны кім танымайды, қысқа болсын»-деп бұйырыпты да, қытайша аудармаға (қабілеті жетпедіме?) өзгеріссіз жазылған екен.

 

Қабірдің әсілгі қалпын бұзбай сыртын қоршап, іргесі бекемделді. Арада Көктоғай ауданының кей орындары, ішінара жекелер қабірдің маңын көгалдандыруға шамасынша күш шығарды. Бірақ мұндағы судың сор болғандығынан еккен өсімдіктер еш кетті. Сөйтседе қабірді зиарат етушілер тым мол болды.

Қай бір жолы белгілі ғалым Сұлтан Жанболат ағамыз бір шоғыр  адамдарды бастап келеді. Қабір басындағы қытайша жазуды көрген адамдар: «бұл кім болғаны?»-десе керек, сонда Сұлтан ағамыз «Қытайдың әйгілі тарихи романы «су бойындағы»  Усыңды білесіздерғой, міне бұл өз кезіндегі Қазақтың Усыңы»-деп түсінік берген екен.

*               *                *  

2010 жылы қабір екінші реткі жөндеуден өтті. Германия елінен Әбдірахман  ағамыз (Зуқаның немересі) келіп, өлке бастығы Нұрбәкірдің 60 мың июань ақша босатқанын, ендігі жерде қорғанды әрлеп, төңірегін көгалдандыратын болып жұмыс бастады, мұнда жоғарыдан түскен ақша аймақтың қатысты орынына түсіп, олар бұл қаражаттан бажы тартып қалғанда шамасы  55 мың июань қаражат қолға тиді. Осы қаражатқа қарай жоспар жасалып, қабірдің екі босағасы мен маңдайшалықтарын мрамор таспен қайта тұрғызып, алдына айырым ескерткіш орнатыуды жөн көрдік. Бұл жолыда босағалыққа және ескерткішке жазылатын жазуларды әзірлеу оларды Қытай, Ағылшын тіліне аударту жұмыстары менің міндетіме болды. Сондықтан Қытай және Ағылшын тіліндегі аудармаларды арнаулы маманданған аударма орталығына аударттым.

Қабірдің батыс жақ босағасындағы батырдың суреті түскен тасты бұдан бұрын Тарбағатай жерінен Дәлел деген азамат арнаулы әзірлеп қорғанның ішіндегі, батырдың қабір топырағына орнатып кеткен тас еді, бұл жолы оны қабірдің  сыртқы босағалықтың біріне орнаттық. Екінші босағадағы жазу жаңалап әзірленді. Ескерткішті үш қырылып үш жағына үш тілде  әзірленген тас орнатылды. Бұл тастардағы жазуларды Қанат деген азамат жазып түсірді. Қабірдің ежелгі орнатылуы, кейінгі екі рет жаңғыруы жайында аздап ескертпе жазылып айырым орнатылды. Бұлардың барлығы өз қолымнан өтті. Кейінгі кезде тек батырдың туылған және қайтыс болған жылы арасындағы бірер жылдың парқына пікір таластар болып жүрді, алайда мен өте көз қарықты адамдардың айтқан тарихи анықтамаларына негізделіп жаздым. Әрі бұл анықтамаларды «Рухы асқақ ер Зуқа» деген кітәбімда толық еңгіздім.

 

Бұларды айтудағы себебім батыр бабамыздың қабірінің екі реткі жөндеуден өтуі жөніндегі жұмысқа өзім тіке араласқандықтан ертеңгі ұрпаққа анықтама ретінде айтып қалдыруды жөн көрдім, бұнсызда қабір жұмысына қол салып істеген адамдар әлі қатарымызда, Сауыт атамыз дүниеден көшкенмен Әбдірахман ағамыз әлі отыр, сондықтан  кешегі жұмыстарымызды қаттап – шоттап кеткен жөн сияқты.

 

 

 

 

Зуқа (батыр) Сәбитұлының 150 жылдығын Үрімжіде өткізу 

 

2016 жылы 150 жылдықты өткізуге жарым жыл дайындық жұмысы болды, Іле, Алтай, Тарбағатай, Санжы, Құмыл, Мори, Баркөл, Ақсай өңіріндегі аудан, ауылдардағы туыстарға тұтастай хабар таптырылды. Дайындық жұмысына Үрімжідегі азаматтар белсене араласып қаражат топтап, әр түрлі дайындық жұмыстарын әзірлеп, мұндағы ел ағаларының басын бірнеше дүркін қосып, олардан ақыл алып отырдық. Әсілі «ұйымды түрде, белгілі орын алып өткізсе» деген оймен аймақ, аудан. Ауылдарға, тіпті жеке серіктіктер, бұхаралық ұйымдар міндетіне алса екен деп өтінген едік барлығы дегендей бұл жұмыстан бас тартты, ақыры ұрық – жырағаттарының атында шақырту жасап өткізуден басқа жол болмады, осылайша Зуқа батырдың өмірі мен ізгі істері жайында мақалалар топтамасын әзірлеп. Ол мақалаларды Қазақ және Қытай тілінде де шығару, батыр жайында тың деректерден бір кітәп әзірлеу және естелік бұйымдар мен батырдың еңбектеріне жоғары деңгейдегі ғалымдармен, билік иелерінең лекция сөйлеуін орналастырдық. Осылайша дайындық недәуір деңгейлі әзірленді. Қимылды өткізуге он күн қалғанда қимыл өткізілетін орынын, ай, күнін белгілеп, шақырту билеттерін жер–жерге тарата бастағанымызда қатысты орындардың тұтқиыл тексерілуіне түсті. Бұл тексерілу жер–жерде өріс ала бастағандықтан адамдар бұл шараға қатынасудан шегіне бастады. Бұл кезде батырдың 150 жылдығы Қазақстан, Түркия сияқты елдерде жаппай өтетін болып жатқан еді, Қазақстандағы өткізуге әзірлік көріп жатқан азаматтар, «Қытай жерінде өткізбей Қазақстанда бір жерден өткізу» талабын қойды. Алайда  бұл кезде Үрімжіде «150 жылдықты өткізу алқасы құрылып, әзірлік жұмыстары дайындалып, жалпы халық құлағдар болып болғандықтан Қытайда өткізуден бас тарту  біз үшін сенімнен айырылу болатындықтан өз пікірімізде қалдық. 2016 жылы  6 айдың басында (Ұлы тау» мейрамханасында қимылды өткзетін  болып ресми бектілді. Тексеруде күшейе түсті, өзімнен заң саласы мән жәйді ауыз екі ұғысқан соң  өткізуімізге мақұлдық берді. Деседе жер – жерден келетін адамдардың жолы тосылды, кей қонақтар Үрімжіге келіп алып жиынға қатынаса алмай кері қайтты. Сонда да 500-ге жуық адам қатынасқан батырдың 150 жылдық мерей тойы деңгейлі өтті, той ғылыми конференцияға ұласып,  өлке дәрежелі басшылар мен ірі ғалымдар арты–артынан лекция оқыды. Өз басым жыл бойы шапқылаған  жұмысымыздың  аяқсыз қалмағанына шүкір етім.

Иә оқырман, уақыт өте келе кей жұмыстардың сыры әшкереленіп шыға бастайтындығы шындық ғой, сол бір игі жұмыстың жолына тұсау болғандар өз ішімізде жүрген азаматтар екені ашыққа шыға бастады. Тіпті шет елде жатып алып қатысты орындарға арыз жазып, адам салып отырған сұрқиялықтарды білгенімізде «ойпырмай» деп жағамызды ұстадық.

Иә, олар өзінің қараңғыда жарға жабысқан жарғанаттай бұқпалап жымысқы қылық істегенін біліп отырғанда болар,  бұның бәрі ендігі ұрпаққа тәжірибе сабақ болса екен деймін... 

150 жылдықта тындырылған жұмыстар:

 

 
 
  • Шілде 17, 2020
  • «наурыз» 19, 2021
  • Шілде 17, 2020
  • Шілде 17, 2020
  • Ақпан 21, 2023
  • «наурыз» 28, 2021
  • «Сәуір» 04, 2021
  • «тамыз» 01, 2021
  • «мамыр» 11, 2020
  • «наурыз» 15, 2021
  • «Желтоқсан» 15, 2021
  • «мамыр» 11, 2020

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз