Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

Хан еді жерді шарлаған

Тізгін жеткен жер болса,

Қалмады жауы алмаған.

Қапыда қалған артыңда,

Ел-жұрты түгел зарлаған.

Көп тілеуі, көл деген,

Заман туар кек алар.

Айналайын асылым,

Арғымақ еді қаражон.

Қайыры керек барының,

Ақырын берсін бір жауап.

Қабыл болсын Құдайға,

Қажы аға-ау, зарымыз.

Сәлемет болғай иншалла.

Халал неке жарыңыз,

Алайын кішілік дұғада.

Халифа дәнекеріңіз,

Хайыры болар иншалла.

Сәлемет болса жаныңыз,

«жүрекке тұмар» дегенді.

Көңіліңізге алыңыз,

Ғинаят болсын иншалла.

Тірлік салауат салыңыз,

Құдай өзі оңдасын.

Қажы екем ісіңді,

Аян беріп ұйқыңда.

Көрсетсін бізге тұсыңды,

Байтолланың жолында.

Көрсетіп едің күшіңді.

Ауызға жастай ілініп,

Ер болып едің мұсынды.

Он екі Керей тіленіп,

Дұшпаныңыз қысылды.

Сыздың ниет, мақсатты.

Ауыл-аймақ тұсыңды.

Кемел адам болдыңыз,

Ел мүддесі үшінгі.

Азаматтың бірі едің,

Құрбыңнан асқан білімді.

Алла өзің қорғай көр,

Қажы, батыр құлыңды.

Он сегіз мың ғаламды.

Тәрбие қылған бір Алла,

Дүние пәни болған соң,

Бір орында тұрар ма.

Тасқа жаңбыр жауғанмен,

Көгеріп шалғын шығар ма.

Майысқанымен алдааспан,

Белі болат, сынар ма?

Ғаділдікпен өттіңіз,

Ұшпаққада шығарды.

Ер басына іс түссе,

Сабырлы жаман қылар ма?

Қанша айтқанмен ақылды,

Надандар сөз ұғар ма?

Ақылды болса асылдар,

Жолдан мойын бұрар ма?

Имам болған Керейге,

Атаңыз Сәбит дамолла,

Тақуа Ғазез атаңыз.

Бел байланған хақ жолға,

Суырыла озған мың саннан,

Ғаламнан асқан сары жолға.

Қыранда түсер деген бар,

Ауытқып кетсе хәм торға.

Мағұлым Алла жар болса,

Дұшпаныңның өзі түсер орға.

Ер басынан тірлікте,

Не келіп, не кетпейді.

Әлі-ақ жұртым теңселіп,

Келерсіңдер қалпыңа.

Қайғыны енді ұмытып,

Сабырға да ерелік.

Тәуекелге қол артып,

Сабырды қолдан демелік.

Айналайын асыл зат,

Қажы Зуқа атынан.

Тәуекел дейік Аллаға,

Айырылған халқыңнан.

Қапаста тұрсыз аз күнге,

Дұға болсын ғаріп жан.

Бір қасырет деп кез болған,

Ер қолқаны салтынан.

Он екі Абақ еліміз,

Талай мұңнан құтылған,

Дәрия-Шалқар көліміз,

Дауыл соққан беліміз.

Ел-намысын бермеген,

Ерекше жан едіңіз.

Сүйекті гауһар мүр едің,

Жүрек жұтты ер едің.

Көргенің жоқ абақтың,

Мұқтажы болдың дегенің.

Жасый берме қайғы ойлап,

Үкілі туған өренің.

Көрдім тілеп жүргенін,

Аруақ қолда дегенін.

Байқап көрдім абайлап,

Тілеулес екен ер елің.

Ойласаңыз не келмес,

Ер-жігіттің басына.

Түтін шалып тұрғандай,

Алтайдың заңғар басында,

Бөлек-бөлек дағдарма.

Қолдарыңның басында,

Жырақта жүрсің аз күнгі,

Данышпаным жасыма.

Қанша жүкті артсада,

Пілдің белі қайыспас,

Қанша салмақ түсседе,

Асыл болат майыспас.

Екі асыл зат тірессе,

Айтқанынан тайынбас.

Дұшпан болған екі асыл,

Белдесуден қайыспас.

Екі надан қас болса,

Күндесуден қалыспас.

Алла тағала жаратқан,

Он сегіз мың ғаламды.

Артық қылған бәрінен,

Ақыл-ойлы адамды.

Талай елге қажыға,

Жұрағаттан тарады.

Тазартқан еді өзі Алла,

Иманынан санаңды.

Сорыңа бола жоғалттың,

Он екі керей данаңды.

Ойлаған ерлер жасыңды,

Әуре-сарсаң заманды.

Рахметінен Құдайым,

Берсе ағаң панаңды.

Сәлемет қылсын Құдайым,

Ауыл-аймақ балаңды.

Қайырлы етсең ақыры,

Басына түскен жаланы.

Дұға да болып қажыға,

Тілейміз сізден аманды.

Қала көрген жасында,

Алла досы пайғамбар.

Керек күн балық қарныңа,

Жүсіпті де салған бар,

Нешеме жыл құрт жеген,

Айыпта болса ғаріп қыл.

Жетімдік көріп жасында,

Зар-жылаған сәруәр,

Сол құдыреттің бірі деп,

Қажы аға енді көңілге ал.

Қажы Зуқа қолыңа,

Рақым ойлы, иә жаппар.

Өздерің сақта азаптан,

124 мың пайғамбар.

Дұға оқып асылға,

Он екі имам болсын жар.

Қырық шілтен демей гөр,

Жәбірейіл Ғайфылар.

Иншалла дұғамен,

Көңіліңіз сусындар.

Бір Аллаға жалынып,

Мұқтаждықпен қылдым зар.

Сәбитұлы Зуқа құлыңа,

Рахмет, Алла я жаппар.

Арғынбек аға Шайыр өзім атым,

Дұртуыл сүйегім найман затым.

Абақтың қажы Зуқа бұлбұлы едің,

Алыстан тілеулес болып жазған хатым.

Қолында ағаның тәрі хатшы едім,

Билеген шаһар Жайсаң [1] мемлекетін.

Бір қонып үйіңізге Талдысайда [2] ,

Көріп-ем ауылыңыздың рақметін.

Мың сәлем бір танысқа деген сөз бар,

Асығыс тілеулес бол жазған хатым.

Асылдың ойлағанда жаттығы жоқ,

Құдайым берсін жанның саламатын.


  • [1] Жайсан – Шығыс Қазақстандағы Жәйсаң ауданы айтылады 
  •  [2] Талдысайда – Шынжаңның Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданына қарасты жер аты, Зуқа батырдың мазары да осында, (бұл жоқтаудың басқа үш тарауын Малшыбайұлы Құсайын бақсының қолжазбасынан, 4-тармағын 1949-жылы алған Қасен молланың қолжазбасына доктор Қ. Қабдаш жинаған. Ол жоғарыда айтылған жырдың бір үзігі, яғни мына төмендегі 5-тарау «Көктоғай ауданының өлең-жырлар» кітабынан, «Қу Ертіс», 1992– алынды).

Автор Арғынбек Апашбайұлы: XІXـXX ғасырда өткен халық ақыны

"Абызал-ай" баспасы, "Зуқа батыр" кітабы 2016 жыл

  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 27, 2024
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қаңтар 24, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • Ақпан 25, 2024
  • Қаңтар 08, 2024
  • Қаңтар 09, 2024
  • Шілде 23, 2020
  • «Желтоқсан» 06, 2020
  • «наурыз» 20, 2021
  • Қазан 31, 2021

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз