Автор Байахымет Жұмабайұлы туралы
- Қ.Р тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі.
- Қазақстан жазушылар қоғамының мұшесі.
- Әлем халықтары жазушылыр одағының мүшесі.
- Тұрік әлемі жазушлар қоғамының мұшесі.
- Қытай мемлекеттік жазушылыр, фольклоршылар қоғамының мүшесі.
- Этнограф, зерттеуші
- 2019 ж. М.Х.Дулати атындағы халықаралық әдебиет сыйлығының иегері.
- 2020 ж. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «МИХАИЛ ШОЛОХОВ» орденінің иегері.
- 2020 ж. Қазақ қоғамының қайраткері медалының иегері.
- 2022 ж. «тұран әлемі» өрденінің йегері.

Әрине жаратушы жаратқанда-ақ дүнйеде артық құбылыстар жоқ екендігі рас. Бәрі бір - бірімен үйлесімді, өз – өзара белгілі қарым – қатынаста тұратын, астарлы формалармен тұтасқан жүйелердің жиынтығы екені хақ. Ендеше біз қолға алып отырған күй өнеріде дәл сондай тәбиғат және тіршілік әлеміндегі адамзаттың жан дүниесімен қауышқан ғажайып гармонияға йе.
Сөз тек күй жөнінде, бізден бұрынғы ата – бабамызда күй өнерін тектен тек киелі өнер санамаса керек. Сондықтан домбырада немесе сыбызғыда орындалатын кұи дыбыстық, тілсіз тіл, ол бай мазмұнды, әсем ырғақты жан тебрентетін дыбыс толқыны болып, өмір құбылысымен қолдасып, табиғат болмыстарын бойына тоқи, идиялық мазмұны қою, шығу тегі бар, зарлы – мұңлы, ойнақы – қуанышты, қоңыр ұнді, сыршыл – сыңғырлы, сағынышты, сазды, тәтті сарынды, ұғымы жеңіл, құрлымы қысқа көркем тақырып талғамынан туған. Былайша айтқанда, асқақ сезім толқыны бар. Халықтың тарихтан бері кұрес дұбірі, жеңіс туынан желбіреген асқақтығынан тыс, қым – құыт табиғат дүниесімен, жануарлар дүниесінің сымбатты сындарынан, қозғалыс – қимылынан, сабақталып жеткен ата – бабаларымыздың эстетикалық сезім шежіресі. Осы арманшыл сезіммен мәуелі махабатына жалғанған, тарихқа таңба болып қалған ұлыттық бояуы қою күи - жазу, архивсыз өткен өкінішті мол ғасырлардан бері, өр сезім, ұлы мұратты кұи композиторлары арқылы тарих етіп қалтырып, басып өтседе, жақсы шежіре – тәтті күи, тартымды әннің каусар нәрін ұрпақтарына емшек сүтімен бірге емізіп, атадан – балаға мұра ретінде қалтырып қолдан – қолға, домбырадан – домбыраға жалғап, саусақтар арасынан сығымдап өздерінің тарих алдындағы меншікті борышын атқарып бізге жеткізіп кетті.
Сол қатпары мол ғасырдың қуанышы мен жұбанышын, қасыретті – кегі мен мұң – зарын бізге жеткізіп отырған күй атаулыға зер сала білсек, сол дәуірдің ондағы өмір шындығының архивы, шежіресі деуге болдады. Бұлай деуімізге бірден себеп күй авторларымен оның кешірмелеріне жарай туындаған күйлердің тегі мен зарлы күйлеріның дәуріне қарай сарындары аңғартады. себебі әр қайсы күйге назар сала білсеңіз, халықтың басынан өткен, арпалыс күндерінің көрінісін, мылтық үнін, қан майданды көз алдыңа әкелсе, бір бөлімі: халықтың тиіптік хикаяларынан бет ашады. Тағы бір бөлімі қайсы бір дәуірде жоқшылық жондап, жүрегі мұздаған аш - арықтың мұңы болып жетсе, бір бөлімі таңғажайып табиғат талғамымен тілдесіп, көктемнің гүл біткенді өбіп, алтын жапырақты ақ қайың, кұміс жапырақты тал, теректер сылдырлап, өзеннің гүрілі, тас бұлақтың сыңғыры, құс қанатының зуылы, махабат зарығының ашты лебізі, қуанышты күлкінің құмары, алуан гүлмен көмкерілген өрісі малға, қойнауы құтқа толған, шат – шадыман думанды өмір бақшасындағы тіршілік көріністері бейнеленсе, тағы бір бөлімнен өзікті өртеп тұрған теңсіздік пен әділетсіздік, өктем тұрған ескі дүниенің өкініш – құсасын аңғартса, кейде алып ұшқан асқақ ниеті ашық кеудеге сонау белестен қол бұлғап, өмірдің өткелек жолын анықтап нұсқап, сол нұсқаған жолына ізгілік пен адамгершілік, бірлік – ынтымақтың сорабын салып, алдағы бақыт сапарына аяғынан алып аттандырып отырады. Ал кей күйлерде: озбырлық пен әділетсіз, адамгершіліксіздікке қарсы ашу – ызаның ақ өркеш толқыны болып арындайды. Ал тағы бір бөлімі жауына сатиралық мысқыл боратып, өткір қанжар болып жатса, және бір бөлімінде білім – ғылымға талпынған ізгі ниетті аңғартады.
Ендеше осындай алуан түрлі құбылыстарды, тарих тартысын бізге жеткізіп жатқан бір құдіретті энцколопедиялық шығарманың «сандығы» сыбызғыға салынып, домбырамен шертілген күй жәйінан толығымен сөз қозғасақ өз алдына бір төбе.
Қысқартып айтқанда, күй форма жағынан «төкпе күй», «шертпе күй», «терме күй», «соқпа күй», «тақпақ күй», «кеңес күй», «толғау күй» болып бөлінеді. Ал туындау жағынан «ұласпалы» және «бір шертпе» күй . Яғни «Тоғыспалы симфониялы күй» болып бәрі де басталу, даму, шарықтау, шешілу сынды сюжеті анық, мазмұны бай, құрлымы шымыр орналасқан шығарма екендігіне халық күйлері куә болады. Бұл жөнінде арғысы Қорқыт, Асан ата күйлерінен дәлел табамыз, бертінгі Байжігіттің «қара жорға» күйін шертуде «Қара жорғаның майданға шығуы», «Елдің жорғаға таңырқап қарауы», «Жорғаның тайпалап жорғалауы» деп бөліп шерсе, мынау 1931 – жылы Өр-Алтай аталатын Шыңгілдің Шаған өңірінде өр керейдің төрт тәйжісінің бірі - Жапардың асы болғанда Шақабай Шалаптың тұқымы болған дауылпаз күйші Ырымбайдың қартайып қалған шағы болсада арнаулы адам жіберіп асқа алдыртады, ақ үрпек балапандай болып мәлкілдеп отырған Ырымбайды асқа әкеліп қолына домбырасын ұстатқан заман әлгіндегі рухсыз күйден серпіліп, жанары кұлміңдеп бәйге атынша тыпыршып, домбырасын қағып – қағып жіберіп орныға отырып «Толғау» күйін сұңқылдата шертіп барып ауыр кұрсінеді де, «Бәйгеге көп шабылған жүйірік едім, қартайғанда бір серпіліп көрейін» деп күйін бастап кетеді. Ырымбай әрбір шерткен күйінің аңыздарын айта отырып шерткенде тәмәм ел сілтідей тынып ұйый тыңдай, күнді таңға жалғаған екен.
Арада көптің ішінде отырған Бұратай, Қалел, Қүли, Ноғайбай, Боранбай бастаған ел ағалары бұл асқа тоғанағы толық келіп, астың дабралы өтуіне тілеулестік білдіріп, өздері де күміс көмей әнші, жез таңдай шешен, суырып салма ақын, бармағынан бал тамған күйші, сыбызғышыларын ерте келген еді. Ырымбайдың мына өнерін көргенде оған тәнті болғаны сонша таңдай қағып, тамсанды. Шағын ғана аршадан жасатқан домбыраның бетіне етінен арылған салалы саусақтарын еркін ойнатқанда он саусақтың құдыретімен бүкіл ғаламды домбыра шанағына сиғызып, алуан сарын аңғарта, күй нөсерін бұрқыратып отырған күйші өзі шерткен күйлерінің оқиғасын баяндай келіп: «Ақсақ аю» күйін: (1) аңшының аюға шыққаны (2) аюдың қарағай ішінде бейқам кетіп бара жатқаны, (3) оқ тиген аюдың ақсақтап қашқаны, (4) аңшының қуғаны, (5) аңшының аюды атып алып қуанышпен қайтқаны - деп шертсе. « Қаз» күйін, яғнй «Жалғыз қаз» күйін: (1) қос қаздың су бетінде еркін жүзіп жүргені, (2) мергеннің атқаны, (3) сыңарынан айырылған жалғыз қаздың ақсақтап қашқаны, (4) жалғыз қалған қаздың зары – деп бөліп – бөліп шерткенде төр алдында күй сарынына мас болып жатқан құтты қонақтың бірі:
- Ау ақсақал, өнердің құдіретін, күйдің тілін сеннен ғана ұғып тұрғандаймын, деседе сұрайын дегенім, сіз шерткен күйдің бәрі дізбекті ғой, басқалар күй шертсе күмбірлетіп өте шығады, сонда бұл қалай болғаны? – дегенде, Ырымбай:
- Е,е,е – деп ыңырсй отырып - орынды сұрақ, осынау Еренқабырға, Боғда, Алтай, Сауырға мәлім Жәйір Салықбай деген данагөй, өнер атаулының «жілігін шағып майын ішкен» адам болған – деп бір тоқтап алдындағы қымыздан сіміре жұтып алып – марқұм қасйетіңе бас, жәйлау, төлдеу, отар, қыстау деп шошаңдамай, тау бөктеріндегі қыстауындағы тас қораны іргелей тіккен қырық шоқпыт кигіз үйінде отырып жер-жаһанды біліп отыратын адам еді. Кигіз үйінің керегісінің үшінші көзіне дейін қй басып, өзіде сар қйдың үстіне аю терісін салып алып соның үстінде, кеудесін жапқан сарғуаң тартқан сақалын саумалып, құлағына іліп қойған ұзын мұртын іреттеп қойып, «е.е балақай домбраңды қолыңа ал!» демесі барма. Мен дірілдеп - қалшылдап домбырамен болғанда, ақсақал іргесіндегі үлкендігі қой терісіндей, төңірегі желінп дөгеленіп қалған сарғуаң тартқан кітабын парақтап көз жүгіртіп отырды да, әлден уақытта «жә, бала» деді. Мен өзім не шертіп не қойғанымды білмей есім шығып отырғандықтан ақсақалдың үніне селт етіп оқыс қараған едім. Қария: «Бері қара, бала!» деді де: «Күй деген өзің сияқты бұйымтайыңды ұғындырып айтып, мақсатыңа жетектеп - жеткізетін тәрізді, ұғынықты болады, сен әзір шерткенің «зауза» күйі екенін біліп отырмын, «Зауза» күйі қыздың өңділігі, жүріс – тұрсы, сыпайыгерлігі бозбаланы ғашық етіп отырмайма, сондықтан соның бәрін тыңдаушы тұсіне алатын болуы керек, құр күңгір күй болмайды» дегенде ұялғаным сонша «Барлық күй солайма» дегенді қалай айтқанымды өзім аңғармай қалдым, «Әлбетте, ұғынықты болуы керек» деді кәрйа, абыз қарттың сол сол сөз мәңгі есімде қалды, ойласам тым орынды, әрйне күй тіл емеспе, ол әлде нені айтып тыңдарманына жеткізбек, расында барлық күй солай дізбекті, оқиғалы болуы керек екендігін білдім – деді кәрйа. Кәриа орынан қозғалақтап орнығып отырып алып, сұрақ қоюушыға қадала қарап: «санаңа қайсысы сіңімді болса соны тыңдап ләззат ала алсаң болғаны» - деді паңдана.
- Әрине, сіздің шерткен күйіңіз ұнайды, шерт, шерте тұс ақсақал! – деген еді отырғандар да дұркірей, «шертіңіз, арқарай шерте түсіңіз!» деп дуласып кетті.
Бұл мысалды айтып отырған себебім жоғарда Ырымбай шерткен кұилер ғана «ұласпалы дізбекті болады» дегенім емес, жалпы күй солай болуы керек екенін дәлелдеу, ендеше толқынды – толқын қуып келе жатқан өмір ағысына назар аударсақ Жәйірдің ізін басқан мұрагері Ырымбай болса ал Ырымбайды көре қалған мұндағы көне көздердің не деріне назар аударайық.
Бір кезде мұнда «Шақабай шалап» күйінің авторы Шалап. «Алайақ аттың жұрсі» күйінің иесі Аспандйар. «Төрт жаяу» күйінің иесі Наубел. «Ертіс толқыны» күйінің иесі Мұқабала. «Әттең әлем» күйінің иесі (1916 – 1940) жылдар ғұмыр кешкен – Сайып Қалелұлы. «Әттең» күйін шығарған (1894 -1960) жлдар ғұмыр кешкен Шынайхан, және 1940 жылдар 58 жасында дүнйе салған Шыбышер. Әнуар және 1970 жылдарда дүниеден өткен Рақйла апай. 1908 жылдар дүнйеден көшкен «Ыбырай» күйінің йесі Ыбырай. 1960 жылдар ғұмырдан озған «Шыңырау» күйінің иесі Абдай Молдақанұлы, және Ертай, Қабыл, Тайкен т.б көптеген күйшілер өтсе, осы күйшілердің ізбасары болып, олардың кейісінен домбыра үйреніп, кейбірінің күйлерін солардың өздерінен үйреніп қалған аға аталарымыздан Айдарқан, Нәк Қасенұлы, Рәпіғат Ниғыменұлы, Тайыншабай Байкелеңұлы, Қабдай Рабайұлы, Сетерхан Мұрсанұлы, Шәймардан, Құсайын. Мағай Тәиебайұлы, Игібай Сақабаұлы, Белет Игібайұлы т,т күйшілер сол ұстаздардың тәліміне сай: «Қазақ күйлері көбінесе оқиғалы, әрі ұласпалы болып келеді, ал төкпе күйлер мен кеңес күйлерде оқиға аз кезігетінін, бұл екі мазмұндағы күйлер жалпы қазақ күйлерінің аз мөлшерін ғана ұстаса, ал оқйғалы, дізбелі күйлер төрт тұлік мал, аң, құстардың қймылымен байланса келген күйлер адамдардың жан дүнйесінің ішкі сырын бейнелеу арқылы халық күйлерінің басым санын ұстаса, бірмұнша күйлер тәбйғатпен байланысып жататынын байандайды, сондықтанда әрбір күйді шертуші күйдің шығыу тарихын айта отырғанда барып бүгінгі жалпы әдеби жасампазықтың басталу, шарықтау, шйленісу, ақырласу барысы болатыны сияқты, күй де сол тәртіппен жүйеленетінін ерекше ескертіп отырғанын байқаймыз.
Ал халқымыздың күйлерінің ішінде бөгенайы бөлек «Айтыс күйі» деген күйлер кезігеді, бұлар бейне айтыс ақындары сияқты күйді сол майданда суырып салып жауап беріп отырады, мұнда бір күйші енді бір күйшіні арнайы іздеп барып домбыра тілімен танысып, немесе бұйымтайын домбыра тілімен жеткізеді, мұндайда әріптесі домбыра тілінен (дыбысынан) оның кім, не жұмыспен келгендігін біледі де, өзі де домбыра тілімен жауап береді, сүйтіп таныстық, махаббат, достық, құрмет, си-сияпат басталады. Мұндайда кейде күнді-таңға жалғаған күй айтысы басталады, бұл жөнінде «Еркежанның қызбен айтысы», «Қойкелдінің қыздан жеңілуі» т.б қруар күй айтыстары дәлел болады. Мысалы; Еркежан бір ү йдің сыртынан өтіп бара жатып күмбірлеген күй даусына кідіре қалады, айызды күй дыбысының жетегімен үйге енсе күй шертіп отырған қыз домбырасын тоқтата қойып бейсауат адамға сәлем беріп алып, күйін жалғастыра береді. Сонда қыздың шерткен күйін тыңдап отырған Еркежан қыздың «қайдан жүрген сері едің» деп шерткен күйіне жауап беруге домбыра кезегін алып «күйің жетектеп әкелді» деген жауапты күй тілімен қайтарады, ендігі жерде қыз кезегін алып «жолың болсын мырза-еке» деп шертсе, Еркежан «кеткім келмей қалған-ай» деп жауап береді. Осы аралықта үйге тыстан енген қыздың әкесі домбыраны қолына алып «тоқтатыңдар айтысты, құдіреттің күштісі» деп айтысты тоқтатқан екен, міне осындағы айтыс күйлері адамдардың бір – біріне тіл қатып тұрғанындай қысқа – қысқа қайырмамен ақырласады, мұндай күйдің тіл екенін баяндайтын тарихтағы Кетбұғаның Шыңғысханға ұлы Жошының өлімін естіртуі. «Бөкен жарғақ» күйіндегі қызға ағасының өлімін естітуі т.б нағыз дәлел, мұндағы шарт күйшінің қарсыласы шертілген күй тілін ұғып өзіде жауап бере алатын қабылетке йе болуы шарт.
Ал бұдан басқа күй бәсекесі деген болады, бұнда екі күйші бірінің шерткен күйін белгілі жерге келгенде екінші күйші жалғастырып кетуі керек. бүл «сен білген күйді менде білемін» деген сйақты жастарды күй бәсекесі арқылы дарынын ұштап, арқарай өнерге ынталандыра түсу мақсатындағы бәсеке жарыс болмақ.
Байқаған боларсыз, халқымыз дыңғырлатқаның бәрін күй санамаған, күй өнерін өте биік талғаммен сезіне білген, күйдің құрлымды мен көркемдік тазалығын бйік деңгейде қажет еткен, М; Сүгір қайда жүрседе жанқалтасынан немесе арнаулы дорбаға тйек толтырып алып жүреді екен, бұнсы барған жерде шертетін әрбір күйіне арнаған тйегі болады деседі, тйекпен домбыраның құлақ күйін барынша теңшеп барып күй шертетін болған, ал Құрманғазы күй шерткенде алдына келген домбыра жақбаса күй шертуден бас тартқан, сондықтан қашанда өз домбырасын бірге алып жүріп шерткен күйінің айызымен бірге теңселіп, қимыл жасап, құйрығымен жорғалап бірде төрде, бірде есік көзіне дейін жылжып қызына шертетіні айтылады, бұдан «домбырасының құлағына көбелек қонған күйшінің ақ орданы күймен тербетіп, әлемді күй шанағына сйғызған күй құдыреті арқылы аспандағы аққуды көлге қондырып, көлдегі қоңырқазға ұн бітіріп, бұлбұл торғайды күй сазына елітетін нағыз күй өнері деген осы екенін білуге болар еді. Осыған қарап кәнігі ұрылардың күй сазына мастанып ұрлығын естен шығарып қолды болуы көкірегінде «Көгалаүйрек» дарыған нағыз күйшінің күй құдыретінің арам пйғылдыда есеңгіретіп тастауы, әрі оның жан дұнйесінде күй сезіне білетін қасйеттің барлығы еді. Йа, аңызба әлде ақйқатба? Асан ата мен Қорқыт бабаның бірі етіп байандалатын; күй құдыретімен пері қыздарын ашық аспан, сҮт сәулелі ай сәулесінің астында ақ күміс меруерт маржан шәшілғандай ақ құмда пері қыздарын билетіп сайран салдырғаны осы біз айтқан күйші мен күй құдыретінің деңгейінен хабар таптыратындай. Сондықтанда біздің халқымыз күйден жеріп, күй құдыретін сезіне білмейтін жандарды «сйырдың құлағына домыра шерткенмен бірдей» деп түйіндейтіні де осыдан.
Автордың мекенжайы: Алматы обылысы. Қаскелең ауданы. Райымбек. Бестерек 8 А
Тел: 87756990810. Пошта: