Зергерлік өнері біздің байқауымызда, қолымыздағы бұйымдарға қарап дәлелдегенімізде қауымдық дәуірлерден басталып, 14 – 16 – Ғасырларға жеткенде тіпті дами түссе керек деп ойлаймыз. ,
Мысалы: қазіргі Қазақстанның жетісу өңіріндегі «Мың шұңқыр» Зиратынан табылған екі ат бейнеленген екі алтын сырғаны Қазақстан ғалымдары 14 – 16 – Ғасырлардағы «Қарасұң мәдениетінің қалдығы» деп зерттеген.
Ал, Алматы маңындағы «Есік қорғаннан» табылған «Алтын адам» (есік қорғанының көсемі) үстіне кигені жұқа Жібек көйлек, қысқа камзол, қызыл күдерден тігілген шалбар, өкшесі жоқ ұзын қонышты етік, шалбарына пантасикалық бұғы мен бұлан басы әшекей тігілген.
Көсемнің басына киген үш шабаталы шошақ бөрік (шошақ бөрікті сақтар дәл осындай бас киіммен бейнеленген) мұнда жолбарыстың басына ұқсаған ұшығы бар, үш оралған әшекей таққан, оң қолдағы саусақтарына екі жүзік, біреуінің айналы қалқаншасы бар, екіншісінің бетінде тәжі киіп қырынан отырған адамның бейнесі салынған. Мұрденің сол иығының тұсында алтын ұшытқы бар, симоликалық аса таяқ пен алтын лентәмен оралған қамшы жатқан. Оң жағында қызыл бөйәуменен боялған ағаш қынның ішінде салт атты жауынгердің қаруы алмас қылыш, сол жақ қынында жанталасқан бұлан мен жылқының бейнесі салынған болат қанжар, оның екі басты жыртқыш құсқа ұқсаған, сабы алтынмен апталған, алтын пләстикалармен безендірілгендей, ғалымдардың болжамында бұны «Сақтар заманы» Яғни «5 – 6 ғасырларға» тәуелдеген.
Міне, жоғарыдағы екі деректің өзінен – Ақ зергерлік өнердің тегі, әсіресе алтын, күміспен безендіретін зергерлік өнерлер қай дәуірлерде барын аңғарып Қалмастан, халқымыздың мәдениетінің тегін, деңгейін ұға аламыз.
«Дала тағылымы» Б. Жұмабайұлы. Шннжяң әсемөнер – фото сүрет баспасы. 1995
Редактор: А. Бәген