Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

Байахмет Жұмабайұлы

Кімде-кімнің өмірінің мәні мен сәні тәуелсіздіктің отыз жылдығында

(Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту)

Әуелде ежелден қалған үш мысалға назар аударайық:

Бабаларымыз «өз үйім – өлең төсегім»-дейді. Мүмкін алыс сапарға жолаушы жүріп, ел аралап – жер кезіп, азып – арып келген жанның өз жан ұясына келгенде «үх»-деп рақаттана тыныс алып, нағыз бақытты сезінген сәттері болар.

«Әркімнің өз туған жері Мысырдың шәрсі»-дейді, «шіркін Мысыр шәрсі ай»-деп тамсана жеткен және бір бабамыздың өз ел – жұртына келгенде «басқа жерде бақыт бар, өз еліңнің несі тар»- деп қортқан парасаттылығы еді.

Ал Жиренше шешен қара қосынан аяғы сыртқа шығып жатсада ханның шақыруына пысқырып қарамай өзін дүниедегі ханнан биік адам санап жатуы өзінің отаны от басына деген махаббатты еді.

Сүйтетін бабаларымыз қорта келіп «... дүниенің кеңдігін қайтейін...»-деп әлемге пысқырып қарамай өзінің туып өскен мекенін дүниенің кеңдігінен, байлығынан биік қойған емеспе...

Міне бұлардың барлығынан нені ұғамыз, «бәлен жерде пайда бар, барсаң бақыршада жоқ»-деп азаттықтың, бостандықтың, тәуелсіздіктің қадіріне жетуді ұрпақтарына өсиет, аманат етіп отырған еді.

Әрине біз заманында сайым даланың көкжалы азат ел едік. Кейін 300 жыл бойы тәуелсіздігімізден айырылып бодам елге айландық, неге?... әрине «сыртқы күш» дерміз. Нәтижеде бірлігіміздің әлсіздігі себеп болды десек жаңсақ емес, бұл ұзақ әңгіме....

Ел ағалары, бақадүр – батырлар тәуелсіздіктен айырылудың азабын әбден сезінді, енде елдің бостандығы үшін атқа мініп қаншама боздақтарымыз қан төгіп, жан берді.

Иә, олар өздерінің жеке басының азаттығы үшін күрес жасамады, «ұрпағым, ел – жұртым тәуелсіз ел болып, бодамдықтан құтылып, өз отанында аяғын көсіле жатып, кеудесін кере жүретін болса екен»-деп күрес жасады.

Міне осы сөзімізге дәлел: үш жүз жылдын бері ірілі – ұсақты 280 дүркін отаршылдыққа қарсы қазақ халқының күресі болған екен.

Иә, 1991 жылы қазақ елі өз тәуелсіздігін әлемге паш етті. Қазақтың көк туы көк аспанда желбіреп заманында түрлі қысымның себебінен шетел асып кеткен қандастардыда бір тудың астына жиналуға шақырды. Көздері жасты, көңілдері күпті, жанарлары отты қандастар туған отанына қайта оралды.

Міне содан бері 30 жыл болды. Тәуелсіздігіміз отыздағы азамат болды. Талай кешулерді бастан өткізіп, тәжірибе топтап, кемелденген тәуелсіз ел болып дүниеге танылдық.

Иә, кешегі жетім баладай біреудің қолына қарап жалтақтайтын күн артта қалып, тәуелсіз елдің ұл – қыздары асқақ рухпен өз отанында алшаңдай басты.

Біз үшін ендігі құндылық осы тәуелсіздігіміз, әр бір Қазақстандықтардың мойнындағы бірден – бір ауыр міндет, борыш, аманат тәуелсіздікті қорғау. Оның қымбаттылығына, кұндылығына көз жеткізу арқылы көз қарашығымыздай қорғау. Сондықтан «тәуелсіздігіміз жасасын!»-деп асқақ дауыспен ұрандайық ағайын!....

Сайтта кім отры

Қазір 514 guests және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

  • Қаңтар 27, 2024
  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 24, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • «мамыр» 15, 2023
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қыркүйек 12, 2020
  • «тамыз» 17, 2020
  • Шілде 29, 2020
  • Шілде 17, 2020
  • Шілде 16, 2020
  • Қараша 22, 2020

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз