Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

Ия, біз кімбіз? Алты ай бойы аттың тоқымы құрғамай жүргенде, алты малтаны азық етіп, Алтай менен Атырауды, Жоңғар менен Бұланайдың арасын кезіп, жақсыдан жақшы тауып, дұшпанын тозғындатып, ерге ұйық, қызға қиық іздеп, жондап жұрт күреп, атанымызды қомдап байлық артып, үлы даласын үрпаққа аманат еткен бабаның ұрқы едік, сондықтан тектілік бізден алыстап қайда барсын, жә делік, осындай батырдың, балуанның, ақынның, шешеннің ұрқы болып кеудеге нан пісіретін жөніміз бар делік, әрине жарасып-ақ түр, алайда бабалардың еңбегімен, ерлігімен мақтанған бүгінгілер ші? Ердің еңбегін ісінен сынар болсақ, тындырғанымызды айтайықшы, бабаңа ұқсаймын деп неңменен мақтана аласың?

Мынау бабаңның кешегі бақыты емес, сіңірген еңбегімен есептесер заман болды, ата – баба рухы сенің жан дүниеңе, ой-санаңа парасат берсе де, істеген ісіңе елің қанағаттанбаса не мақтаныш?

Иә, билік алу, мәртебелі атаққа ие болу, ол сенің жеке мүдделік мұң-зарың ғана, ал еліңе, ұрпаққа, отанның ертеңіне арнаған уыс толы еңбегің ғана сенің ен – таңбаң болмақ, бас пайдаң үшін арыңнан айрылып, ұлт мүддесін, халқыңның мұқтажын құрбандыққа шалумен шалқудың алда бір зардабы боларын білген жөн сияқты. Өйткені басқадан ассаң да, халықтан аспайсың, «Көп қорқытады, терең батыратынын» сезе білгеніміз жөн.

Жуырда қытайдың «Бей жиң ұлттар аударма орталығында» істейтін бір Қытай азаматпен таныстым, ол Қазақ тілінің қорын жинақтап, кириллицаны төте жазуға, төте жазуды кириллицаға аударатын электронды сестема әзірлеумен қатар, дыбысты хатқа (жазуға) айландырып әрі баспа бас Қазақ тілін қытай тіліне, қытай тілін Қазақ тіліне аударып жазып отыратын системаны әзірлеп жүргенін айта келіп ... «Дүниеде қанша елде Қазақ болса, солардың бәріде диалектсіз бір келкі сөйлейтінін ескеріп, осындай сестемаларды әзірлеуге кірістім» − дейді мақтанышпен, иә, ол еңбегінің адамзаттың жұйеден ұлттар ара қатынасқа қолданысқа жарағанына мақтанады, бұнысынан мынау ұлттан бодау, ақы сұрап тұрғаны жоқ, біздің қайсы бір азаматтарымыздай екі ауыз өлең жазып немесе айтып, екі кітабі жарық көре салып терісіне симай, ұлттың қолын ұшпаққа жеткізіп тастағандай болып жүргені жоқ, сол қарапайым, кішпейіл бейнесімен өзімді тәнті етті.

Осы азаматқа салыстыра өз ұлтымыздан кезіккен енді бір азаматтың кеңесіне сәп салайық, ол кезінде медицина мамандығын бітірген екен, бірнеше жыл кәсіп істеген соң, мынау қоғамда астында машинасы бар, бірер адамды басқара алатын әкімшілік кадр болуды армандап, араға жорға, дорба жүргізіп жүріп әкімшілік орынға барып арманына жетіп, онда сатылап бөлім дәрежелі лауазымға жету жолында қаншама бодау бергенін бір өзі біледі. Әйтеу екі - бір адамның қожайыны болып, солардың кеу – кеуінде жүргенде уақыт тұрсын ба, денсаулығы да сыр беріп демалысқа жатар уақытының да жетіп үлгіргенін білгенде, жүректегі бір түйіншек сезіле бастайды, онысы кезіндегі өлмес мамандықтың құрдымға кетуі ішін удай ашытты, өкінді, енді амал не?, ит қосса да қолға келеме, «Ақымақ екенмін – ау» дейді бар қорытқанын.

Ендігі бір пысықай азаматымыздың сыр – сипаты, ол қол жеткізген болымсыз шөнтегін (билік) көзір тұз ретінде пайдалана білді, алайда халқының қамы негізгі орында емес, өзінің наны зор болды, ебін тауып, амалын келтіріп, арада напақа түсірудің маманы болды, уақыт өте кәнігі тірлік асқына жүріп, түрмеден төбесін бірақ көрсетті, ал оның қатарында далдада қалғандар бар еді, бейшаралар мынау заңдық, саясаттық түрткі қашан қопақ еткізерінен алаңдап, ішкені ірің, жегені желім болып жүргенін көр...

Халықтың еңбегін жеу қайда апарады дейсің, бұлар да кешегі бабасымен мақтанатындардың ұрпағы еді, ата – бабасы кеше күні «халқым» деп қан төксе, міне бүгін сол ұрпағы халқының қанын ішуге әзір ...

Қортып айтқанда «Есіктен ергеншек кессе − иттен ұят кетеді» дегендей ындын кетіп, қанағатшылықты ұмытқан інілерден не сұраймыз.

Иә, бұндайлардың арамды белшесінен басып жүріп, маңдай терін ағызып, табысымен тарих жаратып жүрген еңбекші халыққа жонданып, шенденетінін қайтесің, тіпті кеше өзі де сол егінші – малшының ұрқы екенін мүлдемге ұмытып, араны ашылып, ұяластарымен бас қоса қалса, ұлттың болмысында жоқ табиғаттары өршіп шыға келедіде, бір-бірінің көздерін бақырайтып қойып, беттері бүлік етпей мақтап, мақтанады-ай келіп, ал үзамай бірінің беті бұрыла бере жамандап шыға келеді, бір өңірдің шаруаларын бір өзі бітіріп жатқандай шаршап – шалдығып қоразданады – ай келіп, ал олардың бір топ итаршылары болады, олар жағатсудан алдына жан салмайды, бастықтарының аузынан шыққан сөздің бәрін жүптеп, алтынға балап жанталаса, бетері бүрыла бере оларда «Оттапты» деп топырақ шашып жатады, міне көрдіңіз бе? Қандай сұрқиялық, қандай қасіретті тірлік.

Ендеше, інілерім алтын мен күміске орансаң да, келте тірлікте оның біз үшін қанша құндылығы бар, шындықты шырылдатып айтып, ақиқатқа қасқайып тұратын, елі үшін елгезек болып, ұрпақ үшін ойлылығын танытатын баба рухы қайда, тегімізде, табиғатымызда жоқ жағымпаздық, жарамсақтануды, жемеңқорлықты қалай, қайдан жұқтырып алдық екенбіз, қанша қоразданып, шалқайғаныңмен тағы да халықтан қол ұзе алмай?, осылардың халық деген қүдыреті қүдайдың алғысы мен қарғысының додасына түсеріңді білсең етті дегім келеді.


«Куабол» сайыты 2014 ж

Редактор: Жолдас Сарманов

  • Шілде 24, 2020
  • «Желтоқсан» 06, 2020
  • Шілде 25, 2020
  • Шілде 17, 2020
  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 27, 2024
  • Ақпан 25, 2024
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қаңтар 24, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • Қаңтар 09, 2024
  • «Желтоқсан» 23, 2023

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз