ҚҰЛДЫҚ САНА
Осы күнгі кейбір елдердің дами алмай тоқырап тұруының негізгі бір себебі, қоғамның басынан аяғына, аяғынан басына дейін жаппай жайлаған құлдық санадан деп ойлаймын. Кез-келген елдің бүгінгісінен тартып, болатын болашақтағы ең үлкен ағаттығы не десеңіз, ол байлықтың талан-таражға салынып, кен байлық, ірі кәсіп орындарды сату, ақшаны шетел асыру, алып қашу, жер сатуда емес. Ол қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақтың жандүниесін құлазытып, ластап, құлдыққа мәстіке үйрету, табиғатын, бойындағы тума адами қасиеттерін ноқталап, жүгендеп өшіру, содан жан дүниесіндегі ар-ұждан, жігер-намыстың жалыны өшіп, көз алдында болған кез-келген елге, жерге, қыз- ұлдармызға, болашағымызға жасалған опасыздық, арамдық, сатқындыққа селт етпеу. Болашаққа құлдық қанымен сүйегіне дейін әбден сіңген нағыз құлдарды дайындап кету, сөйтіп ұрпағымыз бізден де асып, мансабы барлары байлықты, жерді, тіпті ұрпақты сатып, ал мансабы жоқ қара халық еркегі намысын сатып, әйелі арын, баласын сатып, масқаралықтан «Даңғойлық пен жағымпаздықтан» бізден де асып түсетін қылу.
Қарап отырсаңыз жер бетінде қазіргі дамып, көркейіп отырған елдер, ұлан байтақ жері немесе жерасты байлығына мейлінше бай елдер емес, қайта кен байлығынан жұрдай, алақандай жерде отырғанымен, еркін рухты дербес ой, сана және содан туындаған ақыл парасаты мен береке бірлігі қосылып, ғылым білімнің шексіз кенін мейлінше пайдалануға қол жеткізіп отырған елдер. Батыстың сол мәдениетіне қосылған Жапон, Корея, Сингапур сияқты т.б ел халықтары басшыға күштіге жалбарақтап, жағатсып пара бермей-ақ,еркін тыныш, салауатты өмірін сүріп жатыр. Бұл мәдениет адам баласына ортақ деп ойлаймын. Оны Месопотамия, Греция, Еуропа т.б елдерінің оқымысты зиялыларының қаншама ғасырғы ақыл парасаты мен тәжірибе сабағынан, жақсы қоғам құруға деген арман тілек ізденісінен туындаған, бұл мәдениетті Европадан кейінгі Жапон, Корея т.б. елдері 30 жылда өз бойына сіңіріп үлгерді, ол батыс, шығыс деп бөлінбейді . Ол адам баласына ортақ .
«Ғылым, білім - күш қуатың, ал адамдығың ол бағытың» деген ғұлама сөз барғой, 2-ші дүниежүзі соғысы кезінде Британия, Германия, Жапония елдерінде озық ғылым мен білім болды. Бірақ Германия мен Жапония адами бағыттан адасып, елді де өзінде ойрандады. Адами қасиеттерді, ең жоғары құндылық етіп көтеру, сүйіспеншілік, жасампаздық, сұлулықтың шығар бұлағы. Олардың байлығы сондағы әрбір азаматтың толыққанды адам сияқты жасауға лайықты ортаны қалыптастыруында. Сондағы әр адам өзін туылғаннан өлгенше толыққанды адам ретінде сезінуі, сол арқылы адам жан дүниесіндегі үрей, ашу ыза, қорсыну, көре алмаушылық, күндестік сынды жаман әрекеттерді болдырмау, ондай қоғам адами қасиетке бай, адамдар өзінің жасампаздығын, талантын ашып, адамдар қоғамда табиғи түрде адами жақсы қасиеттерін көрсетеді. Онда құлдарда болатын берекетсіздік, жат қасиеттер болмайтыны хақ.
Құлдық сана ол қоғамның туындысы, қоғам пайда болғалы бар нәрсе, қоғам болған жерде күшті, әлсізі, жетім жесірлері, жалғыз-жарымы, ордалысы болады. Бұрын қамданған ауқаттысы кейін келген немесе әлсізі құралақаны болады, күштісі, ауқаттысы, ордалысы өз күшіне салады, таластарда басымдылығын көрсетеді..
Әрі уақыт өте келе бұл үрдіс санаға әдет болып әрі қағида, шындық болып қалыптасып қалады. Адамдар мыңдаған жылдар осындай заңдылықтармен өмір сүріп келеді, санаға әбден қалыптасып қалған. Мысалы: Пётр Чайковскийдің мақаласында түрменің кітапханасында қылмысын өтеп, әрі мақалаларын жазып жүрген ақын бостандыққа шықан соң еркіндікке үйрене алмай ақыры асылып өліп қалады. Тағы бір мысалда, кезікпегелі біраз жыл болған бала күнгі достар көшеде кезігіп қалады, қуанысып, амандасып сөйлесе келе біреуінің бүгінгі күнде әкім орынбасары екені белгілі болғанда, екіншісі дереу сөзі өзгеріп әлгіні тақсыр деп атап, оның ұлыда дереу түймелерін түймелеп кимдерін түзеп әкім орынбасарының алдында салдатша қасқиып тұра қалуы санада орнап қалған. Міне осындай мысалдар көп.
Шығыс халқында «Жеңген хан болады, жеңілген құл болады» деген мақал бар. Бұл жерде ханның тұқымы салмақты, асыл, ал кедейдің тұқымы жеңіл сапасыз емес, айырмашылық тек екеуінің қоғамда тұрған орнында болып тұр. Құлдық, феодалдық немесе диктаторлық қоғамда жеңгені хан, ұлы көсем, ал жеңілгені құл, қылмыскер, жансыз болып шыға келетіні хақ.
Ливандық ақын суретші Джебран Халиль бір мақаласында (өңделген) былай делінген, «Мен туылғаннан бергі 7000 жылда бүкіл әлемді шарладым, мен қара лашықтан зәулім сарайға бардым, Вольводан Парижге, Ниневиядан Нью-Йоркке дейін бардым. Мен тек бағынған құлдарды, иілген бастарды, тұсалған қолдарды, бүгілген тізелерді көрдім. Пірлеріне бас ұрып, табанын жалаған пақырларды көрдім».
Барлық жерден атадан балаға ұрпақтан ұрпаққа мирас боп жалғасқан құлдык мінезді көрдім. Ормандар мен таулардан, жазықтар мен қыраттардан, жыралар мен сайлардан күңіреніп шыққан қасіретті ыңырсуларды естідім. Балалар сабақ оқумен бірге бағыныштылыққа тәрбиеленеді, кішкентай кыздар момақандықпен жұмсақтықтың қуыршақ киімімен қапталады. Әйелдер бағыну, көну, қорланудың төсегінде иленеді. Еркектер өз ара ортақ тіл сүйспеншілігі жоқ әйелдермен шатысып өмірін қор қылады.
Мен зәулім сарайларлар мен үлкен оқу орындарына, ғибадатханаларға кірдім. Тақ, мінбелер мен баскесерлердің қанды қылышының астында тұрдым. Менің кез-келген жерде көргенім, жұмысшылар саудагердің құлы, саудагерлер әскерлердің құлы, сарбаздар биліктің құлы. Елбасы әулие, пірлерінің құлы, әулие пірлері жынның елесі деген екен. Автор осы мақаласында ғасырлар бойы адамдардың санасына сіңген құлдық сенімді жеткізе суреттеген.
Біздегі кейбіреулер айтады, «бізге темірдей тырп еткізбей қысып ұстайтын басшы керек!» деп, ол құлдық түсінік, ол құл жайлаған коғамда болады. Мынандай сөз барғой, «Абсолютті билік абсолютті құлдыққа, жемқорлыққа апарады» деген. Абсолютті билік құлдықты одан ары асқындырады. Осыдан біраз жыл бұрын үлкен Буш президент боп тұрғанда, бүгінгі күнге дейін адамзаттың ең үлкен жетістігі өнеркәсіп револоциясы, ғарышқа ұшу, адам ДНК-сының құпияаларын ашу.... тағы басқалар емес, ол адамдардың билікті тізгіндей алуында, мен тап қазір жүгендеулі күйде сіздермен сөйлесіп тұрмын деген.
Жер бетіндегі барлық адамдыққа қайшы қылықтар, көре алмаушылық, қызғаншақтық, сайқалдық, күндестік, бірін-бірі аңду, арбау, өштесу, жауласу жоғары өрлемей кері тарту секілділердің бәріде осы құлдық санадан деп ойлаймын. Мысалға екі Кореяны, және ертеректегі батыс шығыс еуропа елдерін қараңыз, диктаторлык жүйе астындағы елдер қалай болды?!.. Солтүстік Корея Ким Ер Сен қайтыс болғанда адамдар өкіріп жатып жер тепкілеп жылады. Өздерінің диктаторға деген «махаббатын» барынша үлкейтіп көрсетуге тырысты. Ал, демократиялық елдерде ондай көрністің болуы мүмкін емес.
Адамдар басының амандығы үшін бәрін салып өзінің диктатор жағында екенін көрсеткісі келеді, кейбіреуі өзінің адалдығын білдіру үшін тіпті туысын, жолдасын әшкерлеуге барады, осының бәрі солардың қорыққанынан өзбасын арашалау үшін болғаны рас. Құлдардың бойында болатын қасиеттері, зұлымдықпен, әділетсіздікпен куресуден қорқу, оның қорлығынада, зорлығынада көну, содан барып адам бойындағы ең әдемі нәзікте, құдіретті қасиет сүйіспеншіліктен, мейрімнен жұрдай болу деген сөз. Сұлулыққа, білімге деген ынтығудан айырылу. Бүтін санасын өзімшілдік, көреалмау, залым қаскөйлік торлағандықтан бірлесіп тірлік қылу табиғатында жоқ.
Жолы бола қалса басқаны адам деп санамайтын, жолы болмағанда бейшара болақалатын, құлдыкты пайда қылатын коғамдык атмосфера былай қалыптасады. Маған ергендерің жасайсың, қарсы шыққаның құрисың, деген ортаны қалыптастыру, халықты барынша кедей ұстау оның алдынғы шарты. Азаматтардың қажыр-қайратын күнделікті күйбең тірлікпен сарп ету, зорлықты күшті ұдайы істету, қарсыластарының ізіне түсіп аңду, бір жағынан жаныштау үшін болса, бір жағынан елді ұдайы зорлықты күш мемлекет машинасымен қорқытып, үркітіп тұру. Ақшамен, мансаппен арбау. Елді ақша мен мансапқа табындыру, санасын құрсаулау осы әдістермен халықты мал етіп, қойдай қайырып, иіріп ұстау.
Байырғы қытай патшалығы кезіндегі «Щаң жүн кітабы» деген кітапқа негізделіп халықты баскарған екен. Осы әдістермен адамды құлдыққа үйретудің жоғары деңгейіне көтерілген. Бертінгі Қытый сыншысы, байырғы қытай императорын «шошқа бағушы», ал, оның саясатын шошқа бағу тәртіп-ережелері деп сынаған, әрі осы «Щаң жүн кітабын» жазған Щаң ян деген адамды адамзатқа, адамдыққа қарсы қылмыскер деп санаған. Оның кітабын бүтін Қытайды қаншама мың жылға тоқыратты деп айыптаған. Әрі Щаң янды бес атқа тартқызып баршалау керек деген.
Адам баласы ертедегі жабайылықтан құтылып мәдениетке бет бұрып келе жатқаны шындық. Ал, ішінара елдер әлі өркениетке ілесе алмай келеді. Ол тек басқарушының ғана кемістігі емес, ол жалпы қоғамның, сондағы қалықтың, қарадан ханға дейін әлі феодалдық түсініктен арыла алмауы дер едім. Бұл жерде ең маңызды нәрсе басшыны емес, жүйені ауыстыру керек. Жүйе ауыспай, билікке кім келседе, ол қоғам құлдарды дайындайтын бесік болады. Бұрынғы Совет одағынан бөлініп шыққан Республикалардың ішінде халқының Феодалдық құрапилық идеядан арылмағандарының мемлекетік жүйесі әлі ауысқан жоқ, басшыларының ауысуыда басшының ажалы келіп не төнкеріспен ғана ауысуда.
Көп адамдар ертедегі кез жақсы еді, қазір заман бұзылды деп ойлайды. Ертедегі кез жақсы болса, Абай атамыз өз заманынан сонша көңілі қалып сынарма еді?! Бірлі жарым жетім жесір,жандарды ертедегі қоғамда адам деп ескерер ме еді?! Тіпті жетім жесірлер сұлтан - билермен соттасып әділдігін талап ете аларма еді?! Ал, өркениетті елде бұның бәрі орындалады. Біздеде құдай қаласа, түбі соған барады.
Қазіргі мәдениет қалыптасқан таяудағы жүз жылда адамдар бұрынғы мың жылда істей алмаған табыстарға қол жеткізді. Мысалы айға ұшу, КТ, МРТ, УЗИ мен іш құрлысын ашпай-ақ көріп білу. Дене мүшелерін ауыстыру секілді жаңа технологиясы.
Біз сияқты ішінен кеміріліп жатқан әлсіз елдерді 1930 жылдар кезіндегідей басып алып біріне бірін талатып, (Есерсоқтарын қалдырып, естиярларын түбегейлі көзін құрту) қара жұмысқа керек болатын, өзінің малын бағуына керек бірер малшы, ат қосшыларын ғана қалтырып қалғандары керек жоқ деп құртуы. Олардың көзқарасы бойынша, өздері ғана жасауға лайықты адам, басқалар жабайылар, түкке пайдасы жоқ, керексіз зат сияқты. Бұл жерде Каддафидың қызы (әкесі 1200 ге жуық түрмедегі қарсыласын екі сағат ішінде өлтіріп, соған наразы болып алаңға шыққан ъалықты қырғындағанда) телевизорда айтқан «Каддафиды сүймейтіндердің жер басып жүретін қақысы жоқ» деген сөзі еріксіз еске түседі. Бұл бәрміз бірдей адам болғанмен түсінігіміздің жермен көктей айырмашылықта болатынын көрсетеді.
1999 жылы Алматыда бір көрер көзге зиялы, тәрбиелі, егде жастағы әйел маған ағылшынша үйрен, орысша үйрен пожалуйста қазақша неге (зачем) керек деп айтқаны. Қазақ тілін айтқанда түкке керегі жоқ қоқыр қоқсықты айтқандай бет аузы быржың-тыржың етеді. Менің түрімнің жаман бұзылғанын көріп зытып берді. Түріне қарасаң әлгі әйел маған шын жүректен күйініп айтып тұрғаны.
Тап бүгін қасындағы әлсіздерді, байлығына жеріне көз алартып, олардың дамымай мешеу күйде тұрғанына қарап, оларға мұрнын шүйіріп олардың тілінің де, өздерінің де түкке керегі жоқ деп санайтындар. 1930 жылғыны қайталағысы келетін елдер жоқ емес. Тек адамзат мәдениетінің жетістігінен болған халықаралық тәртіптен, UUN-нан және өркениетке жеткен ақылды елдердің, адамдардың тектеуімен ғана тыныш отыр. Олар ел басышысының кемеңгер күш-қуаты немесе парасатынан сескеніп келе алмай отырған жоқ. Осы халықаралық мәдениет, тәртіп шайқала қалса, орай күтіп отырған нәпсісіне ие болалмайтындар жоқ емес.
Байырғы адамдар өте әлсіз, панасыз оның үстіне көзі әлі ашылмағандықтан жыртқыштарды айтпағанда найзағай, жанартау, дауыл, құйын, сел, жер сілкінісі сияқты құбылыстарды бір құдіретті тылсым күш деп санайды, өздеріне пана болатын құтқараушы біреуді іздейді.
Адам баласы санасының ашылуына соның ішінде ойшыл философтардың арқасында, жасап жатқан планетасын, өзін, жан дүниесін біртіндеп тани бастады. Әрі қараңғылық құлдықпен күресе бастады., «Адам құқығы, демократия, бостандық пен теңдік» Адамзат қоғамының дамуының басты тақырыбына айналды. Ол құлдықты санамыздан жоғалтатын ең негізгі құдіретті күшіміз болмақ.
Осы күрес жолында адамзатқа ең көп үлес қосқан, үш мемлекет халқының мына қадамдары екенін айта кеткен жөн.
Бұның ең маңыздылары, алдымен Италияның XIV-XVI ғасырлардағы Еуропа буржуазия таптарының мәдени идеялық талаптарынан туындаған ренессанс. Онда XIV-XVI ғасырларда Еуропаға жайылған қара өлімнен (Оба, Yersinia pestis, қара өлім, қара оба) қала тұрғындары жаппай қырылуы, ол халық шапағат күткен шіркеуден ешқандай көмек болмауы адамдардың өз күшіне сүйенуіне тура келді. Әрі шіркеуге шеккелтіре бастады. Шіркеудің шектеген көркем әдебиет, ғылым өнер туындыларына бетбұруы болды. Бұл ғылым әдебиет, өнер саласының қайта өрлеуін алып келді. Ол ренессанс деп аталды.
Ренессанс алдымен Италияның қала-мемлекеттерінде пайда болды, кейінірек Батыс Еуропа елдеріне дейін кеңейіп, 16-шы ғасырда өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл тек әдебиет пен өнер туындыларын қайта жандандыру ғана емес, сонымен бірге ғылымның, ойдың өркендеуі және көркем революция еді. «Қайта өрлеу» ұғымын 14-17 ғасырда италяндық гуманист жазушылар мен ғалымдар қолданды. Сол кезде адамдар Греция мен Римнің классикалық дәуірінде әдебиет пен өнер жоғары өркендеді деп сенді.
Екіншісі 1688 жылы Ұлыбританияда болған конституциялық монархиясы. Ол патша билігін сол қоғамдағы өндіруші ықпалды күштер (жер иелері, мал иелері, саудагерлер, сарбаздар, дін адамдары) бөліске салынуы болды. Онда патшаның шетелден ақылшы шақыруына тиым салды. Ақыл мен шешімді парламеттен алуы керек делінді. Осылай ең алғашқы парламент дүниеге келді. Патша немесе оның семьясы, жоғардағылардың жерін, мал -мүлкін, қалағанша тартып алуына болмайды. Өз бетімен соғыс жариялай алмайды және еркін адамды қудалауға, қамауға жер аударуына шектеу салды. Ол «Даңқты революция» немесе «Парламенттік монархия» деп те аталады. Бұл адамзат тарихындағы ең алғашқы патша билігінің бөліске салынуы болды.
1689 жылы Ұлыбритания парламенті патшалықты шектейтін «Құқықтар туралы заң» қабылдады. Корольдің билік етуі, бірақ басқармауы үшін конституциялық негіз қаланды, мемлекеттік билік монархтан парламентке біртіндеп берілді. Конституциялық монархия осы даңқты төңкерістен бастау алды.
Үшіншісі Америкада болды, 1776 жылдың 4 шілдесінде «Тәуелсіздік декларациясы» жариялады.
1863 жыл Авраам Линкольн (AbrahamLincoln) «құлдарды азат ету» декаларациясын жариялады, содан бастап жербетінде құлдар біртіндеп жоғалды десек, ал құлдық санадағылар әлі қаптап жүр.
Осылайша құлдық түзім аяқтағанымен, жүздеген ғасырлар бойы жеңген хан, жеңілген құл болатын, жабайы қоғамда жасап келген адамзаттың құлдық санадан арылуы оңай жұмыс болмады.
Осы құлдық сана адам бойындағы ең сұлу, әдемі сезімдерді, махабатты, жасампаздықты, барлық адами қасиеттердің шірітушісі болды .Америка Франция және басқа Еуропа елдерінде адам коғамның ең бірінші құндылығы .Оның еркіндігі, теңдігі, ар-намысы, адамдық құқығы қоғамның ең жоғары құндылығы болып санала бастады.Бұл 1863 жылғы адам тәнінің азат болуынан кейінгі адам жанының азат болуына әкелетін ең негізгі өрлеу болды.
Біраз елдер құлдық санадан құтыла бастады, ол жерде еркін саналы дербес рухты, толыққанды адамдар дүниеге келді. Жанды азат ету үшін сол жанды тербетіп тәрбиелейтін бесіктің «қоғамның» құндылығын түзеу керек екенін түсінді. Осының арқасында Финляндияда, Данияда, Швейцарияда т.б. елдерде қылмыс азайды, түрмені жабамыз деп жатыр. Мұқым елді азғантай адам басқарады, себебі ондағылар толыққанды адам, құл емес. Олар өздері қатысып құрған заңына және жүректегі адамдығына бағынады. Оларды бір-біріне аңдытып, кадағалап штрафпен тізгіндеудің қажетті жоқ, қайта олар өз саналығымен коғамның кем-кетігін қадағалап түзеп жүреді.
Ертеректе Лушүн қытайда махабат, сүйіспеншілік жоқ деген екен. Енді шынғой халқын құл қылып ұстап орырған елде ненің сүйіспеншілігі болсын. Баяғыда Қабдеш аға айтып еді «Осы арабтар бір біріне қайыры жоқ, бейшара, сорлы халық екен деп ойлаушы едім, кішкентай Израильге айнала қоршаған қалың арабтардың шамасы келмей тоз-тозы шықса, байлары Еуропаның жезөкшелерін ұшақпен тасыса, кедейі ішерге асы жоқ тозған халық деп ойлаушы едім. Сөйтсем сан ғасырлық отарда болуы, бертінде дектаторлық түзімнің езгісінен ұлттық рух, намыс жігерлерінің өшуі, құлдықтың санасына терең сіңгенінен екен» деп. Сол сана біздіңде санамыздан ойып тұрып орын алған сияқты.
Бізде осыдан оңып тұрған жоқпыз, жақсы болсақ шындық әділеттің қадірін білер едік, тек бас амандық, жаның ләззаты, жеңіл күлкі артында жүрмес едік, елім, жерім деген азаматтарымызды қудалатып қоймас едік.
Француз әдебиеті тарихындағы көрнекті жазушы Виктор Мари Гюго «Алаңда ханда, қарада, диқанда, сарбазда, қаңғыбаста, қайнап қалжыңдасып, келекелесіп жүрген көрністі жазған. Жүз ....... жыл бұрын ол адамдар солай болу керек деп ойлаған және түбі солай болатынына сенген. Қарап отырсаң қазір кей елде ел басылары автобуста, велосипедте елмен бірге жүріп жатады, қалжыңдасады, орнында отырып-ақ басшымен сөйлесіп дауласа береді.
Кей елде мемлекеттің барлық машйналарын, тетіктерін тек бір отбасының мудесі ушін ғана жұмыс істеуге, лайықтап алған. Ондай режимді ұстап тұрудың бір ғана жолы бар, ол халықты барынша надан құл, тобыр етіп ұстау.
Ел болам десең бесігіңды түзе. Біздің бесігіміз әрбір дүниеге келген және сонда жасап жатқан перзентімізді толыққанды, тең құқылы, еркін рухты адам деп қабылдауы тиіс. Әр азамат туылғаннан бастап соны шынайы сезінуі тиіс. Біздің арманымыз осындай қоғам, жүйе құру болуы керек. Бұл барлық болашағын, ұрпағын, елін ойлайтын адамның міндеті, мейлі ол қара халық болсын, елбасы болсын, сақшы сарбаз, судья болсын.
Қысқасы адамды үкім, жарлықпен қул қылалмайсың.ол өзі мойынсал болып, өзін басқадан кеммін төменмін деп қабылдамайынша. Адамның намыссыз месі құл болып қалыптасуы, сырқатты бесіктен бастау алады, қазақта сөз бар «ел болам десең бесігіңді түзе» деген, ел болам десең ел басын түзе демеген. Осы үкіметтің машинасының құлағын ұстаған басшысынан тартып, ең төменгі мал дәрігеріне дейін, осы бесікте өсіп тәрбие алғандар, басқа жақтан салбырап түскендер емес, солардың бірін кетіріп екіншісін келтіргенмен баяғы жартас сол жартас. Оны көрші елдерденде көріп отырмыз, бізге ғана тән құбылыс емес. Тойымсыздық жемқорлық нәпсі т.б. ол барлық ұлтта бар, адам геніндегі нәрсе, арам шөп сияқты, адами құндылықты әділдік шындықты ту етіп ұстай алмаған елде, жемқорлықты қанша өртеп шапсаңда, қайталап өсіп қаулап шыға береді.
Ұрпақтарымыздың жан дүниесі құтты өсіп келе жатқан жас шыбық, ағаштарға ұқсайды, оны жас кезінде еркіндік әділдік шындығы жоқ, қисық бесікте, зорлықты күшпен бүкірейтіп ноқталап ұстасаң, ол өскенде жан дүниесі «бүкір қисық ағаш» құбыжық болып шығады.
Оны аралап, не шауыпта түзеу қиын. Одан құтылудың жолы адамның жан дүниесін мінезін қалыптастыратын ел бесігінің, бел ағашы болатын; адамдақ еркіндік, әділдік, шындықты, ең негізгі құндылық ту етіп тіктеу. Біз осыны әр қазақтың жүрегіне ұялатуымыз керек. Сонда барып толыққанды адам, толық қанды ұлт бола аламыз деп ойлаймын.
Нұрлан Тәліпұлы дәрігер
Тел: 87007776444