
Тәлипұлы Нұрлан 1968 жыл 19 қазанда КНР СУАР-да дәрігерлер отбасында дүниеге келген.
Ата-анасының жолымен жүрген білікті маман иесі.
Сол себептен болар медицинаны мұра еткен әулетте Нұрланның әкесі Тәліп Әбдірахман травматолог, ортопед болса, ал анасы Айгүл Махсұтханқызы гинеколог.
Нұрланның әпкесі Күнсәуле Невропатолог болып жұмыс атқарады.
Нұрлан 1993 жылы 1910 КНР-да негізі қаланған Хуа Ши Медицина Университетін бітірген. Нұрлан медицина саласында екі тапқырлықтың авторы. «ӘДІЛЕТ ШАПҚАТ КІМДЕ БАР», «МЕЗГІЛСІЗ ҚАРТАЮДЫҢ АЛДЫН АЛУ» атты кітаптың және он шақты медициналық мақалалардың авторы. "Мейірім" медалінің иегері.
Нұрлан бұл күнде Алматы қаласында «Жалбыз Мед» емдеу сауықтыру ЖШС-ынің бас дәрігері.
ӨМІРДІҢ МӘНІ
Мына тайталасқан аласапыран заманда, барлық адамның, қуаттыда күшті бай болғысы келетіні шындық. Бірақ өмірдің өзегі мән мағынасы онда емес, өйткені қаншама дәулетпен мансапқа ие болсада, жалаңдап тоймай, соңында боқтықпен қарғыс жуытып, өз тубіне өзі жеткен адамдар аз емес. Адам баласы бақытқа, бақытты өмірге ұмтылатыны хақ. Бірақ, әр адамның заманның, бақыт туралы танымдары әр түрлі, себебі адам өзінің қандай елде қандай отбасында нендей тағдырға кезігетінін өзі шешпейді. Жаугершілік заманда, бәріненде бастың амандығы – бақыт. Қазіргі кезде біреулер бай болуды, ал байлар «құдай» болуды ойлайды. Әйтеуір ауқатты және басқадан жоғары, ерекше дәрежелі болуды бақыт санайтындарда баршылық . Біреулер әке-шеше, бала-шаға, ел-жұрттың аман, мамыражай қуанышты ортаға сыйлы, өмірін, бақыт деп бағалайды. Ал, жастар үшін ханшайымын, ханзадасын кезіктіру ең маңызды мағыналы болу керек. Әр адамның және ұлттың өмірі, бақыт туралы танымы әр түрлі болуы, тіпті сол бір ұлттың әр кезеңінде бақыт туралы танымы әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ жүрек түбіндегі ортақ бір нәрсе көп өзгермейді.
Өмірдің бір сәтінде адам баласы мен кіммін? Қайдан келдім? Қайда бара жатырмын? Неге жасап жатырмын, өмірдің мәні не? -деп ойлайтыны хақ. Оған алуан түрлі түсініктерде айтылып, жауаптар берілген. Соның бірі, өмірдің мәні – оның жеткен биігінде, не табысында емес, барысында дейді. Мысалы, адам қартайып, не санаулы күні минуты қалып, өткен өмірін ойлағанда, ол үшін өмірдегі ең мағыналы нәрсе оның жиған байлығы не қол жеткізген мансабы емес, қайта өмірдің қиын қыстаулары мен қуанышында бірге болған дос жарандардың адал достық сезімі, қуанышпен қайғыны бірге бөліскен мағыналы кездері, туыс-туғандарының мейірім сүйіспеншілігі, қолдауы болады. Анасының дос жаранның оған разы болған жүздері екені шындық.
Тағы біреулердің пікірінше, ойдағыдай өмір мына үш жақтан турады делінеді:
1) Физологиалық тұрғыдан мықты, күшті болу, (әйелдер үшін тартымды көрікті болу) өмірге ұрпақ қалдыру.
2) Жан дүние тұрғысынан сүю және басқаның суюіне ие болу.
3) Қоғамдық тұрғыдан, азаматтарда жауапкершілігі болу, ел-жұрттың аманатын сезіну және оны мойнына алу, делінген.
Бұл жерде Қытайдың ойшылы философы Ху Шы мырза: өмірдің мәні не? деп толғанудан гөрі, өміріңнің әр күнінде мағыналы жұмыстармен айналыс, сол өміріңнің мәні болады деген екен. Сонда адамның өмірінің мағынысы оның айналысқан ісімен сол іске итермелейтін танымы, құндылығымен байланысты болып тұр.
Бәріміз бір жер бетінде ұқсас ауа, ұқсас су жұтып, бірдей жерді басып жүргенімізбен, жасаған ортамыздан сезінетініміз, оған береріміз бен одан аларымыз әртүрлі. Әр адам өзі мән-мағына берген жан дүниесінде жасайды делінеді. Адам не ұлт, мемлекет арасындағы айырмашылықтар көрер көзге алып өндіріс ошақтары, зәулім ғимарат, үлкен техникалар, ондағы тәртіп пен ретті қала және оның таза тұрғындары сияқты болғанымен, негізгі айырмашылық жан дүниелерінде, танымында ғана болады (Оңтүстік, солтүстік Кореяны парықтап тұрған, идеологиясы ғана). Олардың көзге көрініп тұрған реттілік, тазалық тартымдылығы бәрі де адам жан дүниесінің (қоғамдық құрылымның) ішкі қасиетерінің сыртқы көрінісі ғана.
Әр адам әр түрлі іспен айналысады, біреуі дұрыс іспен, енді бірі бұрыс іспен айналысады. Оны сол адамның мінез-құлқы, талғамы, танымы, ішкі құндылығы шешеді. Ал, енді адамдардың мінез талғамы әр түрлі болуына не себепші болады?
Ертеректегі қасқыр бала, жабайы адам олардың өмірінің мәнісі негізінен жан сақтау, таза нәпсінің қажеттілігі екені рас, олар тістесіп, ұлып, қыңсылап сезімін қажетін әрекет, даусымен білдіріп жатады. Олар бойындағы табиғи физиологиялық сипаты сақталғанмен, қоғамдық сипатынан айырылып қалғандар олардың бойындағысы тап-таза нәпсі ғана.
Ал, енді өмірде мейірім, сүйіспеншілік т.б. адами қасиеттерді сезіне алмай өскен адамдарда таза нәпсіден басқа, сол нәпсіге жету үшін, мына өзі жасап жатқан лас қоғамынан бойына сіңіріп алған сайқалдық, өтірік, залымдық, қатыгездік, арамдықтары мен айла-шарғылары болады. Содан болар, адамның жаманы хайуананда өтіп кетеді, олардан сақтануда оңай емес. Бүгінгі күнде адамдар еркімен жіберілсе, әдеп, ақылақ, заң-тәртіптің шектеуінсіз біраз адам араққа, құмарға, компьютерлік ойынға, тіпті ұлы шегімдікпен айналысып кетіп өзіне ие бола алу, тағы бірі ұрлық-қарлық, атыс-шабыспен айналысып кетуі мумкін.
Біздің көбіміздің арманымыз, тіпті жалпы қоғамның табынатын нәрсесі, бүгінгі күнде, ақша және мәнсап. Көбінің ойлайтыны танымалы, бай, жұлдыз болу, күшті машина, жақсы үй, сәнді киім. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Айтуға оңай» бағдарламасында үйсіз, күйсіз жанның, көмекке киім-кешек, азық-түлік алып жатқан, жалғыз басты, көп балалы отбасының 14 жас (мөлшермен) қызынан үлкейгенде кім боласың, шешеңе көмектесіп, жұмысын бөлісіп, отбасының ауыртпалығын жеңілдетесің ғой ә? деген сұрағына әлгі бала, «әнші жұлдыз болам» дегенде, жүргізуші не дерін білмей қалды. Өміріміздің мәні мақсаты осындай нәрсемен шектелгені әрине, дұрыс емес. Адамдар неге мәнді, мағыналы, баянды нәрсені арман-мақсат етіп тұтпайды?!
Қазақта «ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі»-деген сөз бар, бала шыр етіп осы дүниенің есігін ашқанда оны қандай ана, қандай отбасы күтіп тұр деші!.. Ананың шексіз мейірімі, отбасының қуанышы, ыстық мейірімге толы жанары қарсы алса, нәресте бұл дүниеге жатырқамай, қорқақтамай, ішкі жан дүниесін ашып осы әлемге қызықтап назар салады, өзін осы отбасының, мына дүниенің бір бөлшегі деп сезінеді, қуаныш бақытын ата-ана отбасы, туған ел мен жерімен байланыстырады. Ал, енді дүниеге келген жаңа қонақты күтіп алған анасы мен оның отбасы, оны қуаныш деп емес, қайта масыл, әуре, оның кез-келген қыңқыл-сыңқылына төзімсіздік, тағатсыздық танытса, ұрсып зекісе, тіпті ұрып-соқса, онда бұл қонақ қадір қасиетсіз, жан дүниесі панасыз, жасық болып, көкірегі осы өмірге толық ашылмай тұйықтала бастайды. (Әрине нәрестесін баптап көтеріп баптап қоюға сабырлылықпен уақыт бөлуге мумкіндігі жоқ отбасыларда бар, тұрмыс жар бермейтін.)Оның өмірінің бар қызығы мағынасы, нәпсілік деңгейден аса алмай қалады, оның өмірінде адамды өзіне тартатын сұлулық, көркемдік көкжиегі тартымды мағынада болмайды.
Жігіттер қыздардың жандүниесінің сұлулығына мейірімге бай болғаны үшін ғашық болады. Қыздарда жігіттердің жан-дүниесінің мағыналы болғаны үшін оған күйеді. Өмірінің мағынасы бар адам қашанда көңілі тоқ жүреді.
1988 жылы ағылшындардың «Балаңа жолдас болған не нәрсе?» деген мақаласын оқып, оны қиып алып күнделігіме сақтап қойып едім: Онда балаңа кешірім, мейірім, силастық жолдас болса, ол өскенде кең пейілді, кешірімшіл, жылы жүзді болады. Оған мұқату, кекету, жазалау жолдас болса, ол қатігез, мін тапқыш, қырыс адам болады делінген.
Ұрып соғу, қорқыту, айтқанынан шығармай ұстау жолдас болса, ол қорқақ, жеке көзқарасы жоқ, өз бетімен ештеңе істей алмайтын, іші тар қызғаншақ өмірінде мән мағына жоқ ез болады. Бір әке-шеше мейірімін және дара дербес адам ретіндегі сый-құрметін сезініп өскен баламен, жетім , не берекеті кеткен отбасында өскен бала үшін соңғысы атына кір келіп, намысының былғанып, қадірінің кеткені өлімненде ауыр болатынын сезіне алмайды. Әрине, бұл оның кінәсі емес, қоғамның, бөленген «бесіктің» кінәсі. Өмірдің есігін жаңадан ашқан ұрпаққа адамдықтың махаббат мейірімнің уызымен сусындатпасаң, ол гендегі жазылған нәпсіден басқаның барын қайдан білсін.
Мынадай: «білімді үйрете аласың, бірақ, мінез бен ақылды үйрете алмайсың» деген сөз бар екен. Ол бесіктен яғни отбасынан беріледі. Одан тыс геннен де болады. Өз есесін, намысын, ісінің әділдігін қорықпай сұрап, күресе алған және жақсылықпен әділдікке бүйрегі бұрып жақсылардың соңынан ерген балаларда да, өз жан дүниесін сезініп, оған қайта оралуға болады екен. (Ол берекесіз отбасында өсседе). Әрине, олардың бұғанасы қатпаған белін әділетсіз қоғамның көне нанымы мен жеке мүдденің қара күші, жүктеп кетпесе.
Англиялық ақыны Percy Shelley:
«....Асқар тау көк аспанды суйеді,
Күн нұры жер шарын құшағына алады.
Толықсыған ай көлдің бетін өбеді,
Осының бәрі неге керек,
Егер сен мені сүймесең!» - деген, екен.
Сүйіспеншілік, махаббат болмаса, мына ғалам, сезімі жоқ құлазыған материялдардан ғана тұрады.
Егер сүйіп, еркелететін жан болмаса, көз жастыңда қадірі болмайды. Сүйспеншлік болмаса қуаныш пен қайғыңныңда мәні кемиді.
Анадан, бесіктен берілетін мейірім, сүйіспеншілік, махаббат болмаса, адам толыққанды сау адам бола алмайды, олар нәпсіден басқа оларды еліктіретін, құнды нәрсе барын білмейді. Осыдан жеті жыл бурын Қаби деген ағамыз жұмысыма келіп, «Нұрлан сен ана мынаны қой, бұдан былай әр жұма түсте мен саған келем, сен дайын тұр! Мен сені мешітке жұмаға ертіп барамын. Сенің бүйтіп жүре бергенің жарамайды» деді. Ол кісі, қатты силап құрметтеп жүрген, таза, батыр ағаларымыздың бірі еді. Мен ол кісінің талабын қайтара алмадым, Қаби ағаға келмей-ақ қойыңыз, «жұмаға» өзім-ақ барайын» дедім. Әрі, бір жылға жуық бардым. Содан соң, Қаби ағадан рұқсатын алып тоқтатым, ол рұқсатын берді.
Оның үстіне сол кезде, өзіме жақын, жүрегім жақын тартып, араласатын жолдастарымның бәрі «Жұмаға» баратын еді. Өзімде таңқалып ойлайтынмын, араласатын адамдарымның бәрі дін жолындағылар, солар неліктен жақын, жылы сезіледі екен деп. Ол жолдастарымда қоймайтын. «Нүке, Нүке аға, өстіп жүре бересіз бе? Сәждеге бас қойып, жұмаға бармасаңыз болмайды» деп. Оған «мен деген дәрігермін кәсіби адаммын, біреуге қиянат жасамай, ала жібін аттамай, таза жүрсемде болар» дейтінмін. Кейін өзімше түсінгенім, дін жолына түскендердің көбі мейірім, махаббат көрген, ақша мәнсап секілді құр жылтырақтан гөрі силастық пен адамдақты бағалайтын, мына нәпсі, сауда айла-шарғы, қулық-сумдыққа толы сайқал өмірден жиреніп, жан дүниеге таза сезім, жарық әлем іздегендер екен. Олар сол жерден жүректеріне таза мекен іздеген адамдар. Кей елде әділетсіздік зұлымдық, сайқалдық асқынған сайын, ондағы бейуаз жуас жандар, жасап жатқан қоғамынан көңілдері одан ары қалып, жандары дауаламай діннен пана іздейтіндер одан сайын көбейетін сияқты.
Бұл жерде дінге берілмегендер жан дүниесінің тазалығын керек қылмайтындар емес, олар көз аясы кең, өткен кеткен тарихтан өзіне ұқсас басқада ұлт пен ұлыстың тағдырынан хабардар, саналары тұйықталып қалмағандар.
Биік қабат үйдің 1-3ші қабатында тұратындар 20-70 метр жерді көреді, көздеріне шашылған қоқыс, шылым тұғырлары көрінеді. 30-шы қабаттағылар бүкіл аймақты табиғатты көреді, олардың көздерін ағайын ара есенің кетуі, өкпе реніш күндестік бәсеке т.б. ұсақ түйек торлай алмайды.
Жоғарыдағы кей көз қарастарымды жазу, жазбау туралы біраз ойландым, себесі: біріншіден соның бәрі жүз пайыз дұрыс деп айталмаймын. Екіншіден мынандай сөз бар екен «құдықтағы бақаға көкжиектің кеңдігін қанша айтсаңда түсінбейді», ол танымның тұңғиығынан шықпайынша, қайта ұрыс керіс дау болуы мүмкін.
Адамдар жұмақ мекен іздеп туған жерден көшуі, көп жағдайда, шұрайлы жайылым, бау-бақшалы әсем тәбиғатты мекен үшін емес. Бүгінгі күнде қазақтар мен өзге ұлттар батыс елдеріне көшуі батыстың жайылымы кең, тау-тасы, өзені біздікінен әдемі болғанынан емес. Туған жердің тау тасы, ағайын туыс-туған кімге болсада, ыстық екені табиғи. Олар тек адам сияқты өмір сүру үшін, шарасыз көшуде.
Адамдар көбінде тұрмыстың қиындығынан қатқан-құтқан тамақ, не нашар үйде жатқаны үшін куйзелмейді. Қайта қадірінің кеткені, рухының аласартылғаны үшін қиналады. Себебі, саяхатшылар мен жиһанкездер, әскерлер жорықта, тұрмыстары қаншама қиын, шарт жпғдайы нашар болса да, рухтары сынып мүсіркемейді. Ақын күшілер ойшыл филосафтар, қанша кедей болсада бейшара күйге туспейді. Егер адам баласында ұлылық бар болса ол тек жан дүниесінде.
«Адамдар өмірге сауатсыз болып келеді. Бірақ, ақымақ, жауыз, сайқал болып келмейді». Оны жауыз, ақымақ қылатын нәрсе, идеология мен теріс діни ағымдар. Мысалы, атыс, жауласу, қырғын, қуғын-сүргін, әсіре идеологиялар мен діни топтар арасында болады. Ал, физик, математиктер, ақындар арсында пікір ұқсамастығы болсада, ондай тағылықтар болмайды.
Біздің жан дүниеміз мына материялдық дүниеден жоғарыры. Ол өз алдына тек сұлулықтан, махаббаттан нәр алып көгеріп көктейтін көркемдіктің әлемі. Оның ашық, нұрлы, жанға жайлы, сұлу болуын, кір шалмауына, арамдықтар иектемеуіне, қоғам отбасы, бүкіл адам баласы жауапты. Жан дүние тазаланғанда ғана, біз ғасырлар бойы күресіп жеңе алмай келе жатқан құлдық мінез, жемқорлық, парақорлық т.б. бойдағы жаман міндерімізден бір жола құтыламыз. Жан дүниеміз кірлеп тұрса, мына қоғам ешқашан тазаланбайды. Адамның жауы арыстан, жолбарыс не жын-шайтан емес, әділетсіз адамдар. Қоғамда күніге неше түрлі хайуандықтар болып жатады, оның ешқайсысын хайуандар жасамайды, тек адам жасайды.
Хакім Абай атамыз айтады, қазақтың жауы қазақ деп, бұл сөз барлық ұлтқа, адамға келеді. Адам баласының жауы бесікте жан дүниелері жетіле алмай құбыжыққа айналған жандар, оларда жауыздықтан басқа неше түрлі сақтануың қиын, көз бояушылық, сайқалдық болады. Бесігіңді түземесең, қазақтың түбіне қазақ жетеді. Адам баласы түбіне адамның өзі жететін болады. Адам баласының ең алып күш-қуаты, өмірінің мағынасы, асылы, болашағы мағабатта.Ақын Оскар Вілде айтыпты, ұлы ақындар ғаламның шынайы бейнесін емес, болуға тиіс бейнесін біледі, олай жаза алмаса, жасамаса ол ақын емес деген екен.
Қәзіргі ғылым техниканың жетістігі бойынша «Бүкіл ғалам энергия, материал және информация үшеуінен тұрады дейді, әрі энергия мен материял өзара алмасып орын ауыстырып тұрады.
Біз жасап жатқан әлем өз заңдыдығымен дамып өрбиді. Осыдан «алты жүз миллион жыл бұрын» осы ғаламның кішкентай бір планетасы жершарының бетінде тіршілік пайда болады, ол сол кездегі жершарында жанартау, найзағайдың көп болуы, көміртегі газдарының жоғары қоюлықта болуы алғашқы тіршіліктің пайда болуына себепші болған дейді. (оны американдық ғалым бітеу шыны ыдыс ішіне, сол замандағы жер шарының экологиясына еліктеп, оған жасанды найзағай түсіріп, сол ыдыстың ішіндегі не органикалық заттан органиқалық зат пайда қылып әлемге дәлелдеп көрсетті). Жүз мың жыл бұрын алғашқы адам пайда болып, содан біртіндеп тас, содан соң қола, темір қарулар, құралдар пайда болады. Мал шаруашылығы, ауыл шаруашлығы, тіл, алғашқы алфавит жазу, цифр математика, биология, химия, физика ілімдері т.б. бірінен соң бірі пайда болып бүгінге жеттік. 1987 жылы бір нәрсеге таңқалып едім. Ол философия кітаптарын оқығанға дейін алфавйт, сифр, математика медицина т.б. ілімдері атамзаманан бері мына тау-тас, өзен-сулар сияақты келе жатқан тәбиғи бар нәрсе деп ойлайды екенмін.
Кейде өзім ойлаймын, біз шексіз ғарыш мұхитының үстінде қалқып жүрген, бір жапырақтың үстінде жасап жатқан кішкене тіршіліктер сияқтымыз. (ғарыштағы бірер минот біздегі сан ғасырдай) кез-келген толқын, бізді құрдымға жіберуі әбден мумкін. Бізге жаңа құрлық (кезіндегі Америка Аустралия қурлықтары сияқты) жаңа планета, тың әлемге апаратын Cristoforo. Colonbo-лар керек, жаңа құрлыққа ерте қадам басқанымыз дұрыс болар. Оның үстіне «жер бетыне адам симай барады, адам санын азайтатын шаралар істеліп жатыр деген» алып қашпа сөздерде көп, кезіндегі Америка, Аустралия құрлығы сияқты жаңа планета табылса, адам жетіспей қалатыны хақ. Кез келген уақытта, адам құнын кетіретін нәрсе тек көз аямызбен пейіліміздің тарлығы ғана. Мына әлем адам үшін ұлан қайыр, ондағы мүмкіндік материал, энергиия ұшан теңіз, шексіз деуге болады, тек адамдар өзара және жасаған ортамен өз үйлесімділігін тауып жасаса болғаны көзалдағы тарыдай нәрсеге қырық пышақ болмай.
Жер шарының, күнніңде ғұмыры бар. Олар мәңгілік емес, оны ғалымдарда айтып жатыр. Күніміз санаулы деп. Бірақ, рухымыз, мәдениетіміз соны жалғастыратын ұрпағымыз мәңгілік болса деп, әр бір адам тілейді. Біздің оған қол жеткізетін мүмкіндігімізде бар, оған адамдардың өзара мейірімі, махаббаты. Сый құрметпен байланысып, ары қарай білімнің күшімен жетуіне болады деп ойлаймын. Өйткені күш қуат бірлікте.
Философ Бертран Расселден тілші, «Мың жылдан соңғы ұрпақтарыңа не өсиет айтасың?» дегенде: Ол: Парасаттылыққа ұмтылу ақымақтық, сұлулыққа ұмтылу парасаттылық. Адам баласы үшін жауласу ақымақтық, достасу, ақылдылық деген екен.
Бертран Рассел үш түрлі күштіде қарапайым сезім менің бүтін өмірімнің мағынасы, тірегі депті;
1) Махаббат, сүю менің оған деген құштарлағымның күштілігі сонша, бір сәттік махабаттың ләззаты үшін барымды айырбастаймын.
2) Мен адамдардың жан дүниесін және жасап жатқан ғаламымыздың тылсым сырларын білгім келеді. Содан өзімді алып күш иесі екенімді сезінемін. Әйтеуір махаббат пен білім бізді жұмаққа жетелейтіні шындық.
3) Аш жалаңаш панасыз балалар, азаптың тауқыметінде қиналып жатқан бейуаз адамдар менің жанымды жегідей жейді. Қарт әке-шешелері, көздеріне керегі жоқ масыл боп көрінетін ұл мен қыздар, осының бәрі адам болып адам сияқты өмір сүруімізге деген мазақ, келеке сияқты, деген екен.
Адам баласы бұл өмірге бір тапсырма немесе мақсатпен келмегені шындық (жаны тұрғысынан). Copernicus, Nioton теориялары ғарыштың қозғалу заңдылықтарын түсіндіріп бергенмен, өмірдің мәні не екенін түсіндіріп бере алмайды. Адам баласы жасаған мына әлемге көкірегін, құлашын аша оны сүйіп, онымен қоян-қолтық араласып сезініп, соған сіңіп соның бір бөлшегі болып кету, өзін ұмыту.
Хакім Абай атамыз:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сенде сүй сол Алланы жаннан тәтті,
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті»-деген екен.
Өмірдің мәні, іздеуде емес, жаратуда. Оны техника, білім не той-томалақ, ойынмен емес, тек махаббатпен жаратқанда ғана, өмір мағыналы, әлде қайда баянды болады. қоғамның қуаты мен сәні бірлікте. Адамның жетер ең үлкен биігі тек махаббатқа, білім мен сабырлылықты (кеңдікті) жолдас етіп алғанда жетеді.
Өмірдегі ең кедей адам ол уызыға жарымаған адам. Ондай адам жетпіс ұрпағына жететін байлыққа ие болсада, төрдің төрінде отырса да, аржағы құлазып іші жалаңдап тұрады. Олар жалған дүние, өтірік атақ, өтірік мақтау, көпе көрнеу жағатсып, астына копшік қойып жатқанын сезседе, бәрі бір, аржағы соны тілейдіде турады (елге опасыздық жасау ол тоймсыздықтан басқа). түбін қуғанда ішімізде жалаңдап тойымсыздардың көп болуына себепші, уызға жарыта алмаған бесік, бесіктің құт берекесін қашырып алған ел кінәлі. Халық әділдік, шындық, адамдықты қастерлеп, ту етіп қорғай алмаса, ол елді нәпсі билейтіні шындық. Нәпсі билеген ел әрі беріде өзіне өзі жау болады,бірімен бірі итше таласады, рухтан, сұлулықтан мақрум болып, өзі жарымай жүргенде ұрпағын қайтіп жарытады, туыс туғанын, қандасын қайтіп қанатының астына алады?!
Бертран Рассел: «Халықтың кедей болуы себеп емес, ол істің салдары. кедейліктің себебі, құлдықта. Қоғамда бір бөлім адамның шектелуі мен енді біреулерінің жүгенсіз дарақылану, ұшпағына жеткенде, кедеймен байдың айырмашлығыда, ұшпағына жетеді екен. Адам кедей болғаны үшін құл болмайды. Құлдыққа көнгені үшін кедей болады»-деген екен.
Қорқақ адам жүрек түбіндегі адамдықты намысты қорғауға дәт қыла алмайды. Олар мейірім махаббат, шынайы достықтың қадірін сезіне алмайды. Адамдығын қорғай алмаған ел, еш нәрсеге сеніп және оған тоқтай алмайды. Еш нәрсенің құны болмайды. Тек «баға» ғана болады, жігіттің намысы, қыздың ары бәрі саудаланады. Бағасы келсе болды, тіпті ел мен жерде сатылады.
Өңделген нұсқа– ДБ
Тәліпұлы Нұрлан, дәрігер