Нұрила Қызықан қызы «Затым бір болған соң, айел деген сөзге елең ете түсемін» деп бастапты «Теңін таппаған теңеулер» деген сын мақаласын. Бізше, елең ете түсетін ештеңе де жоқ. Өйткені, Қазақ әдебиетнің арғы - бергісін аударып - төңкерсеңіз, айел, қатын, кемпір, қыз, келін деген қайшалысқан қалың сөздің қайсысына елеңдеп үлгіресіз! Елеңдегенді қойып оқудан ерінер едіңіз. Көркем шығармалардағы «Еркек» деген сөзге ерлер елеңдесе, «Айел» деген сөзге айелдер елеңдесе, онда жерге, руға, ұлтқа байланысты «Шылықтар» қатарына жынысқа байланысты тағы бір жаңа «Шылық» қосқан болып қалмаймыз ба?
Автор мақаласында: «Кейбір туындылар әйелдерді ошақ басынан оздыра алмай отыр» , «Бәрібір айелдер ерлерге жетпейді деген ыңғай байқатады» , «Мал құлағы саңырау деп жұре берсек болмас» , «Кейбір теңеулер әдебиет аспанына шығып алып, әйелдердің басына бір ноқат қара көлеңке түсіріп тұрған тәрізді» , «Алтын басты айелден бақыр басты еркек артық деп отыр» , «Дәстүрлі ұлы ерлер өктемдігі көзқарасін жаңалу тиісті» , «Бүтін халық мойындалып отырған теңдігіміз арандала қоймас» , «Құйынның көпті шарпи алмағанымен, көкті шарпи алатыны бар» , «Алдеқашан көмілген феөдәлизмнің өлексесі көне жұрттың көмескі қалған жерінен сасық иісін шығарғанда жиіркеніп қаламыз» , «Ақын - жазушыларымыздың ішінде бірер көк иекті, көсемше мұртты замандастарымыз айелдер жөніндегі айдарлы атауларды дұрыс қолданбай отыр» деп мықты жазба ақынымыз бердібек пен атақты айтыс ақынымыз қүрмәнбектің шығармаларынан бұрын, көк иегі мен көсемше мұртынан жармасады. Осы да сын мәдениетіне жата ма?
Заман ақыр төндіре, қара аспандай түнерге сыншының сұсты кейпіне қарап бүлініп кеткен іс бар ма десек, бар болғаны ізденгіш те айтқыш ақын бердібек қүржіқәйевтің соңғы жылдарда жазған біртәләй өлеңдеріндегі «Байтал» , «Кемпір» , «Абысын» , «Қатын» , «Келіншек» , «Келін» , «Қыз» деген сөздерінен секем алып, далел - фактсыз жағаласып, жыныстастықтың жыртысын қәте жыртқан.
Байтал − екі жастан үш жасқа шығар жылқының ұрғашысы, көне қоғамда «Байтал шауып бәйге алмас» дейтін әйелдерді кемсітетін кертәртпә мақалдың болғаны шындық. Осыған бола байтал деген сөз естілсе болғаны, айелдер қауымы «Бізге қаратылған» десе болар ма? Байтал сөзінің қолданылу көлемі өте кең, бұл сөз айтылса, «Әйелдерге тиіп кетеді» деп оны сөздік қорымыздан шығарып тастау мүмкін бе? Парасат байымы бар сауатты қауым байтал сөзінің бас - аяғындағы сөздердің мәніне қарап оның көнтекстегі орнынан - ақ неге қаратылғанын біле қояды.
Біз төменде сыншы «Байтал» деді деген бір шумақ өлеңді мысалға алып оқырмандармен ортақтаса ой жүгіртейік:
Қонып тұр бақыт құсы түндігіме,
Жел қуық байтал жетпей дүлдүліме.
Жырымның жолын алды таласып жұрт,
Байланған кісіліктің кіндігіне.
Бізше болғанда, бұл шумақтағы «Жел қуық байтал» сөзін ақын әсте әйелдерге қаратып, «Сендер ерлерге жетпейсіңдер» деп отырғаны жоқ. Абзал саясаттың арқасында бағым жанып, бақыт құсым түндігіме (басыма) қонды. Ақиқаттың дүлдүлі озып, жала мен өтіріктің жел қуық байталы шаң қауып, шаба алмай қалды» деп отыр. Бұл қайтып «Әйелдерді қорлау» болады? Енді бір жақтан жақсы жырдың жарыста озған дүлдүлі болады екен, жаман жырдың жемдесең де желмейтін жел қуық байталы болуы да абден мүмкін.
Өзіміз күнде айтып жүрген «Байтал түгіл бас қайғы» , пәленшенің «Шолақ байталдың құйрығындай ғана дәулеті болыпты» , «Саумал ішсең қымыз жоқ, байтал мінсең құлын жоқ» дейтін көптеген тұрақты тіркестеріміздегі «Байтал» әсте әйелге қаратылмағаны бәрімізге аян ғой! Жамбылдың мына өлеңін оқылық:
Шығып ем бүгін мініп көк байталға,
Кез болып екеуіңе көк қайқаңда.
Көк байтал өзі семіз, өзі буаз,
Жануар шаба алмаса өкпе айтам ба?
Бұнда «Байтал» − айел емес, жылқы, шаба алмайтын буаз, семіз байтал. Бекең осы жылқы күйіндегі «Байталды» құбылтып, өлеңді образдандыру үшін өсектің байталына немесе жаман жырдың шабан байталына ауыстырып қолданады.
Көркем сөздің көшелі зергері, тіл құбылту мен түрлендірудің төтенше шебері ілиәс жәнсүгірөвтің мына өлеңіндегі ұлғайған метәфөрәғә назар салайық:
Түлкі қыз, қызыл алтай, кермәрәл қыз,
Ақ қоян, бозша байтал, ақша нар қыз.
Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,
Жігіттер бар؛қғқо да сұқтанарсыз.
Халқымызда «Түлкінің күшігіндей» деген сөз ежелден бар. Ақын бұл өлеңді құбылтып кермеет түрлендірген, жан тебіренткен жарқын қыз суретін қайта - қайта оқығыңыз келеді. Біздің сыншымызша таяз ойлайтындар «Жақсы қызды қу түлкіге, кермәрәлғә, ақ қойғанға, бозша байталға теңепті» деп те теңдессіз саңлақ ақынның «Бозша байталды» жағымды мағынада қолданып отырғанын оп - оңай сезе бермес еді.
Пөетикәліқ тілдің күдіршіл тарланы, аға ақын мағаз раздан ұлы:
Келіссе егер айтағы,
Үдете түсер ойбайын.
Өсектің шыжың байталы,
Бұлғайды сонда борбайын, − дейді.
Ашты ажуа, тотияйын тіл, масқара мазақ. Қүржіқәйевтің айтып отырған «Жел қуық байталы» өтірік пен өсектің, сұмдық пен сұмпайлықтың байталдары екенін кез келеен оқырман ескертпесіз - ақ түсініп отырмай ма?!
Даналар айтқандай «Дүниедегі ең жаман нарсе − күдік» күдік әдебиетке әлек әкеледі.
Сыншы жолдастың енді бір қатулана қадалғаны б. Қүржіқәйев шығармаларында кездесетін «Қатын» , «Қыз» , «Кемпір» , «Айел«, «Келіншек» , «Келін» дейтін сөздер екен.
Бізде «Қыз дегенді ерсі көріп, қыздарды «Айел бала» дейтін әдет бар. Бұл − сөзді сыпайылау емес, дөрекілендіру, өйткені «Айел» деген атаудың аясына қыз да, келіншек те, кемпір де, айел де кіреді. Жап - жас қызды «Айел» деу қай жырғағандық. Тілдегі айқындылықтың, дәлдіктің талабы үшін қызды − қыз, әйелді − айел деуде тұрған палендей ағаттық жоқ.
Мақалада бекең «Сүйкімді суретке − «Қыздар» , «Келіншектер» ؛ сүркейлі суретке «Мыстан кемпір» , «Кембәғәл кемпір» , «Қатын» деген теңеулер алады» депті.
Өкінерлігі, сыншы «Мыстан кемпірге» ара түсіп, оны «Сүркейлі суретке теңеді» деп орынсыз ренжіген. Онда «Мыстан кемпірді» заманымыздың жағымды кейіпкерлерінің жарқын образына теңеп қолдану керек пе?
Ал, бекеңнің өсекшіл қатындарды «Мәдениет зор төңкерісі» жылдарына теңегені рас, кембәғәл кемпірді сүркейлі құбылысқа теңеген емес.
Қытайдың ежелгі перзенті мау зыдұң: «Партия бәгуінә қарсы тұрайық» деген шығармасында: «Біздің кейбір жолдастарымыз ұзақ мақала жазуға құстар, бірақ онысы мазмұнсыз келеді де жалқау қатынның шұлғауы сияқты әрі ұзын, әрі сасық дегеннің дәл өзі болып шығады» деген өткір салыстырма жасау арқылы ойын айшықты, образды етіп бейнелеген еді. Бұл жалқау қатынға да, ұзын сонар мылжың мақала авторына да тамаша тәрбие емес пе! Бұнымен салыстырғанда, б. Қүржіқәйевтің «Мәдениет төңкерісі» жылдарын өсекшіл қатынға теңегенінде не тұр! Арғысын айтпағанда, асанқайғыдан Абайға дейін, Абайдан осы кездің ақын - жазушыларына дейін «Қатын» деген атауды өз шығармалрында айтпағаны аз шығар. «Солардың барлығында әйелдерді қор санаған феөдәлдіқ идея бар» десек, орынды бола қояр ма?
Осы мақаланың өбиекті болған ақын бердібек қүржіқәйев ертеректегі бір өлеңінде:
«Қойды аздырар құртаңы» деген тәмсіл шын шығар.
Әдебиетті құртады, сауаты жоқ сыншылар, − деп еді, оның бекер айтпағанына бүгін көзіміз абден жеткендей болды.
Мақалада автор «Қатын сөзі ауыз екі тілде ғана қолданылады» депті, бұл − қәте ұғым, проза болсын, пөезиәдә болсын, «Қатын» сөзін іздесең, мыңдап мысал табуға болады. Соның ішінен: «Қайыс тақым қатындар» , «Бетін үзіп - үзіп алған қатындар» , «Қатынсыз қара түн өткен сұр бойдақ» , «Көрінгенмен көңілдес сасық емшек салаба қатын» , «Қатын өсек» , «Қатын қыдырыс» , «Қалыңсыз алынған қатын» , «Қасаң қатын» , («Тұл қатын» , сыншының бір өлеңіндегі өз сөзі) қатарлы бірнешеуін алсақ та жетер.
Әкәдемик жазушы ғабит мүсіре өзінің көріспегелі көп болған ең жақын досымен бірге өткізген көңілді бір кешті, «Бұл отырысымыз тоқал қатынның тойынан артық болды» деген екен. Отырыстың мазмұнды, көңілді болғандығын айтпақшы, мұнда ол әсте тоқалды кемсітпекші емес, әйелді көзге ілмеудің көкесі «Тоқал» сөзінде тұрғанымен, бұны ғабеңнен бұрын халық айтқандығын ескереміз де адеби тілімізге ерсі демейміз.
Ал б. Қүржіқәйевтің:
У ұрттадық ақындар,
Сор сораптап не түрлі,
Қанып ішкен қатындар,
Қарымта шай секілді, − деп образдап отырып, жып - жинақы, әдемі бейнелеген ойын сыншы қисынсыз бұрмалаған. «Мәдениет төңкерісіндегі» солақайлық ақынға сор сораптатып, жала у ішкізді. Оны ақынның «Қатындар ішетін қарымта шайдай қарны сыздағанша ыштык» деуі қандай образды, қандай орнды айтылған.
Мақалада — тапқыр ақынның төрт аяғын тык басқан тәуір өлеңдерін «Кемпір» деген сөзіне бола бекерлемек болады.
Мысалы:
Іреп - сойып сыншылар өлтір мейлің,
Айлар бойы кейде өлең келтірмеймін.
Бата оқырға бір шаршы әқтіқпенен,
Бара жатқан кембәғәл кемпір деймін.
Бізше, бұл − датталар емес, мақталар өлең (кезінде баспа сөзде мақталған да болатын). Бұнда талапшыл ақын кейде айлар бойы өлең жазбай, үнсіз ізденумен өткізген кездерін әдемі - ақ бейнелеген, осылай айтудың арзанға соқпайтындығы сөз жүйесін түсінер адамға айдан айқын.
Қәсіреті күнге еріп қатқан мұздай,
Шаттық дейтін тұлпармен шапты андыздай.
Кемпірі де кермейіқ бұл даланың,
Екі беті еңілік жаққан қыздай, − деген шумақта ақын көкіректегі мұңдары мұздай еріп «Шаттық» тұлпарымен шапқан бүгінгі сахара малшыларының бақытты тұрмысын әсерлі де көркем суреттеген. Сыншы осы шумаққа да кына тағып, «Кемпір» , «Қыз» деген сөздері бар деп орынсыз жармасыпты.
Рефөрмәдән кейінгі жаннат тұрмысқа кенелген жайсаң даланың жасаңғыраған кермейіқ кемпірлерін екі бетіне еңлік жаққан қызға теңеудің қай жерінде әйелдерді кемсіту түр? Осындай сирек кездесіп оқырманды сүйіндіретін өлеңнен кынарат іздеудің қажеті қанша еді?
Сыншының «Сүркейлі суретті мыстан кемпірге теңепті» деп сөккен өлеңінің толық шумағы мынадай:
Адамзаттың көз жасынан көл тұртып,
Жайлар жалпақ бұл жаﮬанды дерт - уыт.
Мыстан кемпір − кары өтірік кетпесін
Бесіктегі ақиқатты өлтіріп.
Сонау әлмисәқтән бері адамзатты әлекке салып, апат әкелген лақса өтірікті «Мыстан кемпір» демей, «Иман жүзді, рақымды ажей» дейміз бе? Қүржіқәйевтің кемпір араласқан мына өлеңін нашар жазылған деуге бола ма? Бұны да оқырманға ұсынып кетейік:
У тақымы тарпаңға ырық берген бе?
Қазақ түспес бесті асаудан өлгенде.
Кеуілжірі жоқ бая пұшық атанмен,
Зарең ұшар кемпір беттен желгенде.
Қүрметті ойлы оқырман, осы өлеңде Қазақ кемпірлерінің образына нұқсан жеткен бе? Жоқ, «Қазақтың жігіттері түгіл кемпірлері де қия беттен атты қойып, атан түйемен зар желеді» деп отыр ғой. Бұл жайында қолданылған жақсы марапат емес пе!
Сыншы тағы да б. Қүржіқәйевтің «Қыз» , «Бөйжеткен» , «Келін» , «Абысын» деген сөздер кіріскен бірқәншә өлеңіне қисынсыз соқтығып, буынсыз жерге пышақ салып, қойдың ізін қойғанға бастырмақ болған. Бұған да мысал келтірейік:
Өміріме өлең сұңғақ бой боп сен,
Қалам алып омыраулап ой кешсем.
Сұлулығын бір - біріне қызғанад,
Өңшең күндес лирикалар бөйжеткен.
Теңін тапқан тамаша теңеу. Ақын лирикаларының сұлулықты бір - бірінен қызғанып «Күндес» болғаны жақсы, ал сыншы бұл жердегі «Күндес» дейтін әйелдерге бейім сөз жағымды мағына да жұмсалып отырғандығын түсіне алмағандықтан, ағат пікір айтып отыр.
Қыз салған белден төсектен,
Қыналы тасы жұмсақтау.
Ата мекеннің қыналы тасын, қыз салған жайлы төсектен жұмсақ деу, туған жерге деген тұп - тұнық махаббат қой! Мақала авторы осы жолдарға да «Қыз» деп кына тағады.
«Бал жаласқан бастас абысындаймын, − деп әйелдерге айналсоқтай береді» дейді автор тағы. «Халықпен бал жаласқан батас абысындай тату - тәттімін» дейді ғой ақын! Бұл жолдардан әйелдерге нендей залал келіп тұр?
Сыншының және бір мін іздегені − «Қылт - сылт етпей тыныш жүр келін заман» деп келетін өлең жолдары.
Өткендегі алтыбақан, ала ауыз заманды қылтың - сылтыңы көп жеңілтек келіндерге теңесе, онда нендей оғаштық болмақ? Қасым аманжолов:
Қылтылдақ қалпақ киген ғасырлардың,
Қыз мінез қылтыңына бас ұрмадым, − деген ғой, ғасырларды қитұрқы қызға теңеген қәте деп қайсымыз қарсы шыға алар едік. Әдебиеттегі бұндай образдау тәсілдеріне жадағай - жайдақ қарау жарамайды. Бізше, осы сын мақалаталдау қуатынан айрылып, тек айелдер жөніндегі атаулар енген өлең тармақтарын қайта көшіріп берумен ғана жұмысын аяқтатқан.
Тағы осы тізінді сөздің біріне үңілейік. Бұл − «Ибасыздау әйелдердің ырбаңы» деген сөз. Ал шындыққа қүрмет етер болсақ, бұл сөйлем мына шумақта әдемі қолданылған:
Ғылым дейтін жылы - жұмсақ азықты,
Жия алмаған ақ көз надан жазықты.
Ибасыздау әйелдердің ырбаңын,
Маубас ақын махаббат деп жазыпты.
Қәзіргі кезде ырбаңы көпө ибасыз айелдер жоқ па? Біздің кейбір маубас ақындарымыз бен ақ көз надандарымыз осындай ибасыз әйелдердің ырбаңын «Махаббат» деп жаңсақ танып жүргенін де жасыра алмаймыз. Осы бір шумақ өлең махаббатты пөезиәдә қалай бейнелеу жөнінде жазылған бірер шағын мақаланың ролын атқарып тұрған жоқ па. Жазылған нағыз пөезиә, ақындарға берілген алдын алу сигнәлі.
Сыншы құраған бердібек өлеңдерінің айелдер туралы атаулар «Сөздігінде» «Неге мұша ғашық болдым өлеңге» , «Өлмеді ғой келіншегі жоқ келең де» , «Сараң айел май салғанда бұйеннен» , «Өлеңнің де кемпірінен қызы артық» , «Тык бақай қыздай өмір серісің ғой» деген сөйлемдер тағы бар екен. Осының ішінен:
Өйтпегенде құтын қимас табиғат,
Сараң айел май салғандай бұйеннен, − деген жолдарды алып, әйелдерді «Сараң деп қорлапты десе жөн болар ма еді?
«Өлеңнің де кемпірінен қызы артық» деген жолда, ақынның кемпірдей кейіпсіз өлең жазбай, сұлу қыздай сүйкімді, көркем өлең жазуды дәріптеп отырғандығы анық. Бірақ бұл жерде ақынға сын айтуға абден болғалы тұр. Амал қанша сыншы айта алмаған. Ол өлең көркемдік жақтан сұлу қыздай болғанымен, ой - пікір жақтан көпті көрген кемпірдей болуы керек дейтін пікір еді.
Ақын тұманбай «Абай ауылында» дейтін өлеңінде, Абай ауылының тектілігін айта келіп, «Қыздары да ақылды кемпірлердей» деп еді. «Жап - жас қызды кемпірге теңегені несі? Одағайлық қой мынасы» деп пөезиәні түсінер қауым айта қояр ма?
Ұлы адамдардың біреуі «Төңкеріс − бедеу айел емес» деп еді. Мау зыдұң қытайдың жаңа қоғамын көп ұзамай дүниеге келетін ана құрсағындағы тулап жатқан нәрестеге теңеп еді, бұл қандай образды теңеу десеңізші?! Ал мәякөвски пөезиәдәғі көркемдікке тоқталғанда: «Көріксіз әйелдерді сүй деп зорлағанмен сүйгің келмейді, құды сол сияқты көркемдігі жоқ пөезиәғә да ешкім қызықпайды» деп, пөезиә сұлулығын өңді айелдер сұлулығымен салыстырып еді. Осы күнгі майда сыншыларымыздың бұған: «Қоғам айелден туама екен?» , «Пөезиә сұлу айел ме?» деп дау айтуы таңданарлық іс емес көрінеді.
Еліміз іші - сыртындағы таңдаулы ақындардың айел затына байланыстыра жазған өлеңдері толып жатыр. Мысалы:
Не қыламыз шынында музаны біз,
Көп ақыннан қалған ол бір кары қыз.
(қ. Аманжолов)
Етектен жалға қарай ну қарағай,
Қыз емшек қия тастар тұр жағалай.
(и. Байұзақов)
Мақала авторы б. Қүржіқәйевтің «Айелдер туралы аз сөз» атты өлеңін «Бұнда айелдер ерлер үшін ғана керек» деген идея бар деп кінәләпті. Бізше, бұл − ұшқары пікір, оқырманның қадағалап қайта ой жүгіртуі үшін бірнеше шумағын келтіре кетелік:
Дөкір ғой ердің дөнені,
Әйелдің көңіл тайы озған.
Ақ аю үсіп өледі,
Әйелсіз үйдегі аяздан.
Қалтасы тесік жігіттің,
Қатынсыз қиын баюы.
Жейдеңді берер тігіп кым?
Еркектің епсіз аюы.
Жақсы айел ұйден аттаса,
Жұмыспен сыртқа бір шығып.
Есіктен енер тұтпаса,
ЖАбайы құба тіршілік.
Бұл шумақтарда әйелдің образын шоқтықтандыра көрсеткен ғой. Сыншы айтқандай идея қай жерінде тұр?
Ең ғажабы мына шумақтардың нендей себептермен қақпайға ұшырағанына жіп таға алмадық:
Даланың жеті тамұғын,
Жеңіпті Қазақ әйелі.
Әжеміз айтқан тағылым,
Әлемдік ойдың мәйегі.
Несіне ерлер дүрліктің,
Әлемнің айел нұр жағы.
Түбірі ана тірліктің,
Әкеміз − арең жұрнағы.
Қүрметті саналы оқырмандар менен сарапшы - сыншы достар, бүгінгі Қазақ әйелдерінің жеті тамұқты жеңгені оңай - оспақ ерлік пе? Ақ самай әжеміздің айтқан тағылымында әлемдік ойдың мәйегінің жатуы әйелдердің ақыл - парасатын жырлау емей немене?
Мұндағы соңғы шумақта тіпті де тереңдей түсіп ана − тірліктің түбірі, ал әке − арең жұрнағы дегенді кез келген ақын айта алар ма еді? Ізденуден туған ілгері идеялі бұндай өлеңдерге араша түспеуге ар - ұжданымыз көтермейді.
Ғалым зейнөллә қабдолов: «Әдебиеттің естетикәліқ табиғатын, көркемдік критерилерін назык түсінбеген адам сын жаза алмайды؛ тұрпайы сөтсиөлөгиә дегеніміз − әдебиеті де, адеби шығарманы да естетикәліқ табиғаты мен көркемдік қәсиетінен жұрдай етіп, жап - жалаңаш идеяға жаршы етіп қояды» деп еді. Бізді пікір айтуға мажбұрлеп отырған сыншы да пөейзиә да жалаңдықты жарата ма қалай? Бұның дәлелі бердібектің «Жәнкешті жалаң төс едім» деген образды, ойлы өлеңінің орынсыз обалына қалғандығы деп кесіп айта аламыз. Бұл өлең туралы сыншы: «Нарыңмын, шадыр аңыңмын, қиярмын, қауынмын, сексеуіл бұраумын, тізесінен май тамған Қазақпын, бала мысықтай, ашытқан қымыздың қорындай т. Б» , «Сөз дәулетін аралап жүріп оқырманның өзі де адасып қалады» деген екен. Қәнеки, осы сөздер қолданылған өлең шумақтарын көріп, дәлелге жүгінейік:
Төс табаны түрілген,
Нарыңмын, қомдап көш елім.
Қазақтың қайта тірілген,
Жәнкешті жалаң төсі едім.
Бұнда ақын өзінің реал өмірін өлеңге өзгерткен. Өзгерткенде де өзгеше өрнекпен өзгерткен.
Мен оқ тимес шадыр аң,
Тарлауын жеген тауымның.
Турасаң елім бадыраң,
Жара алсаң пысқан қауынмын.
Демек, ақынды отаншылдықтың қүдіреті туған жердің адамы түгіл, аңы болуға разымын дегізеді. Аңшы демекші, аң болғанда «Өсек - аяң, жала атаулы дарымайтын шадыр аң болсам» дейді. Ал елі үшін «Туралсам, бадыранды (қиярдай) туралам, жарылсам, пысқан қауындай жарылам» дейді. Бадыран мен пысқан қауынды қайдан тапты? Неге «Сәбіздей туралам, асқабақтай жарылам» дей салмайды? Бұнда үлкен мән жатыр. Пөезиә тіліне ерекше жәуәпкершілікпен қарайтын, тіл қадырын түсінетін талғампаз ақын пысқан қауын мен бадыранды, осы тектес жүздеген сөздердің ішінен образдық бояуы қанық болғандықтан, таңдап алып отырғандығы анық.
Байлықты жазам бүгінгі,
Ит басына ыркыт төгілген.
Ауғызбас елім жүгіңді,
Сексеуіл бұрау едім мен.
Тапқыш ақын бұл тал бұрау, қарағай бұрау, қайың бұрау болмай, «Ит басына ыркыт төгілген» , байыған елінің жүгін ауғызбайтын сексеуіл бұрау болуды бекерден - бекер айтып отыр ма? Осы бұрау сөзі үшін қаншалықты бас қатырғаны байқалып тұрмай ма? Осыдан талғам өте ме? Қазақтың дүзгеннен түйе мұрындық, сексеуілден бұрау алатын тұрмыстағы ұсақ - түйек қәдетіне дейін ақын қандай қанық! Дүзген түйе мұрнын жарақаттамайтын, жағымды ағаш болса, сексеуіл сыртқы әсерге шыдамды, берік ағаш, сексеуілдің осы ерекшелігі жөнінде халық арасында айтылатын: «Тамғанша ұрлей - ұрлей таз өлер, тамғаннан соң қызуына қыз өлер» дейтін тәмсіл де бар. Шында халықтық парасат құнарына бай тұп - тұнық пөезиәдән кынарат іздеп қара құрықтатып, қара байыр сын айтқанша, тұрмыстық сауат алып, тіл қабылдау қажет - ақ!
Бұл өлең он шақты шумақ болып, ең соңы былай аяқтайды:
Тегіме текті сай біте,
Мінезім қоңыр қорс етпес.
Ашытқан бапты бәйбіше,
Қымыздан алған қор тектес.
Сыншы осыған да осқырына қарап «Қымыздың қорымын» депті деп ренжіпті.
Ал, біз бұған қатты қуандық. Өйткені сөз қадырын білетін пенденің тапқырлыққа тәнті болмайтыны жоқ. Қазақ тұрмысынан хабарлы адамдардың көбіне белгілі, барлық үйдің қымызы таңдайға тати бермейді. Тек, бапты, қылап бәйшібелердің қымызы ғана жағымды болады. Қымыз ашытқандар мұндай үйдің қымызынан арнаулы қор алады. Алымды ақын өзінің ата тегінен жұққан қорс етпейтін қоңыр мінезін бапты бәйбішенің ашытқан қымыздан алған қорға теңейді. Бұған қол қоймай, қосылмай қәйтерсің.
Қорытып айтқанда, бердібек қүржіқәйев жалаң дидактиканың ақыны емес, ойын оқырманға ашық - ашық ала ұшпай, образға орап ұсынатын орамды ақын.
Соңғы пікіріміз: Мақаланың сөз сөйлемдері лөгикәсіз, жүйесіз, олақ құралғандықтан пікір күңгірт тартып, шыбарланып кеткен. Ауел десеңіз, «Бір тойда екі жар жоқ» , «Тас түссе таңдайға, маржан түссе маңдайға» , «От қағында тұрғанға, осқырынып тұрғандай» дейтін мәтелдерді де орнына келтіріп, ойнатып қолдана алмай обалды еткен.
Егер осы мақаланың тіліне, сөйлем құрылысына, грәммәтикәліқ жүйесіне, тыныс белгілеріне шұқшия қарар болсақ, тағы бір көлемді мақала жазылуы қақ екендігін құлақ қағыс етіп сөз жиғымыз келеді.
Жақсы өлеңге жақтастық пікір осымен аяқтады, әділін әлеумет айтар.
ШинЖяң «Шұғыла» журналы
Редактор: Жолдас Сарманов