Автор Болат Бопайұлы туралы:
1960 жылы 1 Қаңтар күні ҚХР Шінжаң өлкесі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданы, Қуертіс қаласында дүнйеге келген.
11 жасында қолына қалам алып шығармалар жаза бастады. Оның ең алғашқы тырнақ алды туындысы шағын өлеңмен басталды. 1977 жылы 10 кілас біптіп кетіп бара жатқандағы "Арманым бар" өлеңі Алтай гəзетінде жарық көрген. Содан бастау алған шығармашылық жол тарыдайдан таудайға қарай ұлғайа берді...
Болат Бопайұы Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мұшесі, Қазақ ұлттық Салт-дəстүр, Əдет-ғұрып Акедемиясының Акедемигі. Танымал Этнограф жазушы, Астролог, Гүл танушы ғалым, Əдебиет сыншысы...
ТҮТІН ЖЫР - ТҮКТІ СЫР
(Сәден Әнуәрұлының бір өлеңіне үңілгенде)
Сәден Әнуәрұлын мен көп естідім. Бірақ өзін көрмеген екенмін. Сәденді білетіндер қай ортада , қандай орында болсын оның " Шылымшы" деген өлеңін жатқа соғатын. Ауыз жаппай мақтайтын "Керемет ақын " деп бірін- бірі жүптей жөнелетіндере өз басым, талай уақыттан бері куа болып келемін...
Жә, үзақтан айтылып, арыдан қүлақта қалған , осы өлеңді хатқа алып, қағазға тұсіреуге бір орайы келмей жүруші еді. Кеше ғана орайы келді, сәтті түсті, мөрті болды.
Алматы қаласы мамыр ықшам ауданында түратын белі жуан, қабырғасы қалың , майтабан маңғаз жеке кәсіпкер , қазынасы сарқылмас бай саудагер Шағанбек Қанжарбайұлынан Сәден Әнуәрдің осы өлеңін көшіріп аламын деп мүлде ойламаған да екенмін.
Бір қызығы , бәрінен кереметі , басқа емес Сәден Әнуәрұлы мархүм , тірі кезінде өзі аузымен оқып, мәгнитопан тасбасына жазған тірі дауысы бар екен. Оны Шақаң ,өз кезінде даңықты жазушы , хас қаламгер Жақсылық Сәмитұлынан көшіріп алыпты...
Иа, ақшадан арды, дүниеден азаматтықты, жақындықтан ақындықты жоғары бағалайтын, түп нүсқаны түсінетін Шағанбек Қанжарбайұы екеуіміз Бесқайнар ауылынан Алматыға қайтып келе жатқан жолда , Сәден Әнуәрұлының осы өлеңін машина мәгитонына салып қойып берді.
- Ау, Шақа , өлең сөз өнеріне де , қүштарлығың бар екен- ау,- деп иманды жүзіне , ашық жарқын дидарына бұрыла қарадым...
Өлеңді тыңдап үзақ отырдым. Сәденнің қоңыр дауысы - қоңыр таудан, қоңыр үйден тартылған қоңыр қобыздай сарнап, талай да, талай қоңыр ойдың тереңіне тез- ақ батырып жіберді...
Иә , мархүмның жатқан жері жаннат болын, жамылған топырағы торқа болсын, қабыры нүрға толсын, Кінәсі болса, Алла кешсін деп іштей үйіріліп білген иманымды тіледім. Дүға оқып бетімді сыипадым.
Ой жібегім үзатылып, қиялым қиырға қыдырды. Қыдырғанда да, сонау Алтай тауларын аралады. Жеменей қойнауында қалған Сәден Әнуәр іздерін саралады. Көңіл көк аршыным көктем кеудемнен қанат қақты, Сәденді іздеп, Сәден жазған өлеңді іздеп Алтай , Жеменей тауларының үшар басына қарай самғап үшып кетіп жатты.
Ойхой , қу дүние - ай деші!!
Бергенінен берері көп , асау арда ақын азаматтың аз өмірі, қысқа ғүмыры арқандаулы аттай аядай жерде , алақандай өңінде өтіпті - ау!!
Бір қунап қуанар жай, оның қара алдырмас хас қаламынан туған азамат өлеңдері жұмыр жерді аралап, арда көкіректерде жатталып , алтындай болып сақталып, жалықпай оқылып келеді екен-ау , - деп бір ғажап терең ой түйдім.
Сәкеңнің , Сәден Әнуәрдің тірі кезіндегі тірлігіне тікендей қадалған, артынан өсек айтып сандалған , маңайындағы аласалар арамзалығын асырғанда, жамандап жабысып басынғанда , Сәкең , қасқайып тұрып , қолындағы шылымының көк түтінін будақтатып түрып, қасіретті ойдың ұзақ, алыс көкжиегімен тілдесіп -" Шылымшы " өлеңін жазған екен -ау , - деп ,ой қауызын бір қайнатып барып , қиял қабығын. аршыдым.
Міне, Алматыға да жеттік. Үйге оралған соң, Шағанбек Қанжарбайұлынан әлгі таспаны қалап сұрап алып, түп нүсқада өз дауысымен оқыған өлеңін күшіріп алдым. Мына өлең сол , Сәден Әнуәрұлы өзі дауысымен оқыған нүсқа. Құлақ салып тыңдап , тың ойларына ой ұзата отырыңыздар:
Қүлазыған далада ,шылым орап,
Мен тұрмын ,дүниеге қырын қарап.
Жалғанның мылқауындай қалдым үнсіз,
Меңіреу тәбйғаттан ,сырымды аяап.
Буалдыр көкжиекке көп қарадым,
Бетіме ап ,биссимлласіз ,кеш самалын,
Дем аралас есілген көк түтінді,
Қасірет бұйдасы ма деп қаламын.
Күрсіну- күйніш көргінің күшті демі,
Маңаиы шылымшының ұшқын еді.
Ұшқындар шар тарапқа шашыраған,
Арманның қиырынан күтші мені.
Шылым ба, апиын ба , айыра алман,
Аузымда тек түтіннің дәмі қалған.
Өшкен түқыл өзіңе қарай берем,
Сергімей тағы да бір ауыр ойдан.
Өше бер түқыл , өш мейлің,
Оныңа неге жасыиын.
Ашырқанғаным соншалық,
Апыиын керек, апыиын...
(Сәден Әнуәрұлы)
Міне, қызық қыиыр, қыиын шыиыр.
Сырлы жүмбақ , құлыпты қүпия, мешкей идея. Орақты ой, салмақты бой , сері сезім, қиыры алыс қиял. Секемді мінез, керім кебез бейе деген осы.
Осы болғанда да, ой толғағы тоқ ,қүпяға толы өртеңді өлең. Отты тіл, ашынган діл. Арыстандай айбатты ар бар. Алдында күндестері терең қазған құлама жар бар. Соның бәрі өз қасында, жүрген , қанжығалас қаламдастары. Бет келгенде көбіктей көбіршіп , көңіл бетіне шығады. Беті теріс айналса, артынан бетбақ өсек жаудырады. Нағыз жүректес , шын тілектес дос таппаған соң, өзін байызға шақырып, іштей ашуын жұтып , шылымын орап ойланып - толғанып алып , айналасына баяу ғана көз сырғытады.
Көз сырғытып тұрып, өкпесін өсек қақтап қалған қараңғы тартып қалған, қақсал қасқыр азу адамдардың санасына , шылым түтініне оранған ойды ұзатады. Кеудесіндегі мидай қараңғы түнге, ай жарығындай аппақ сәуле төге тұрып , жымия қарайды.
Бәрекелді, Сәкең, алдына кім жақындап келсе де , қасынан ұзап кім кетсе де оған еш өкінбейді. Олардың құштарлықтан іш тарлыққа айналған тар, тарпаң мінездерін еш аяғалы тұрған жоқ. Ардың , ашудың ай балтасымен ақ жаңқадай хақ айырап , хақ ортадан хақ бөліп жарып тастағалы тұр. Жүгенсіздің жүрегін жұлқығалы тұр. Суық тартқан тас баурын езгелі тұр. Арам қоқсық толған қүлқасын қопарғалы тұр. Жікке бөлінген жілігін сындырғалы тұр. Өзімшілдіке сыққап толып тоқтанып қалған толарсағынан қаққалы тұр.
Ол құлазыған далада шылым орап, темекі тұтінін жай құмар үшін будақтатқалы тұрған жоқ. Біз соны білуміз хам , терең, кемелді, кең кеудемен түсінуміз керек. Айналасы арамзалық батпағына белшеден батып қалған. Іш тарлық төсегін төрге сап жатып қалған. Мөп - мөлдір жанына жақсы, адал дос таппай , айдалаға алыс жаққа, кір табан тимеген жерге барып, артына бұрыла қарап, қалт жібермей бажайлап бақылап тұр. Бақай қулыққа басқандардың батқа бақайларын тас талқан етіп шаққалы тұр. Өсектің бұлтынан көз ашпаған , көр көкіректерді ар оғымен атып , ар сотында соттағалы тұр. жесір ой, жетім қиялдарын темекінің қызыл шоғына қарық қылып қарығалы тұр...
Ол - ақын айдалада жәй тұрған жоқ. Алмас сөзін мыр оғындай зымыраптып , ой селін селдете төкелі тұр. Жылым кеуде жылпостарды өздері қазған көрге жыққалы тұр. кеудем соқ көз соқырды , темекі отымен өртегелі тұр. Көкжал азу , қасқыр тісті қырсық мінезді қыңырларды қиратқалы тұр. Қара ниеті қабынған қаскөйлердің қара қабырғасын қақыратқалы тұр. Оңбағандардың омыртқасын үзіп опырғалы тұр.
Иә, ақын жәй тұрған жоқ. Атомдай атылғалы, бомбыдай жарылғалы тұр.
Сәден Әнуәрұлының өлеңдері осындай өр бйікті өр өркешті сөзден өріледі. Шындықтан шымырлап қайнайды, ақихатпен айғақталады. Жалғаннан тат , уайымнан дат жүқтырмайды. Мөлдір ардан арландап аспандап туады. Қараңғы көкіректерді қарыс айырады. Надандықты ін түбіне індетеді, намыссызды намыстың отына күйдіреді, ұятсызды ар сотында соттайды. Тақатсыздардың тақымына тақап бүрау салады. Бетсіздердің берекесіздігін бетіне басады, бәрін ашық айтады, жария жазады. Бұл Сәкең өлеңдерінің өміршең өлмес өзегі болып саналады.
Жә , асыратыны да , жасыратыны да жоқ." Шылымшы " өлеңінде ақынның ақ жайқын асау сезімі де, жар толқын ой жағасын ұрған еркін ерке мінезі де, тарлан тарпаң тәбиғи тәбиғаты да , тентек тегеуіріні де , теңдесі жоқ тебін күші де , көзге ұрады, көңілге ұя басады.
Демек, бөгде мінездегі ,рухани дүниені бөтен идеиямен қараған ,қарабайыр адамдарға бұл өлең бірден үнай қалмауы мүмкін. Бірақ тәттіден әбден жеріген, тентіреткен тәлімсіз жансыз сөзден , қуатсыз , нәрсіз ойдан шаршаған , Сәкең , аштыға ашына қүмартады.
Бұл жерде біз бір нәрсені білуміз керек. Ол - оқырмандарына "Шылым шек", " Апыиын тарт" деп қолқа салып, қорқытып қоқаңдап қожайын болып түрған жоқ. Шалма салып, шатастырып түрған жоқ. Азғырып , жазғырып аздырмайды .
Арда ақын ,шылым арқылы астарлы ой ағынына өзінің көз жасын көміп көрсетеді. Сүитіп ,көркемдік көкжиегін кеңеитеді. Айтарын алысқа апарып жүмбағын ашады. Мүңын сырға тоғытып басады. Ойын қас қара тұлпардай ойқастатып ойнақ салдырып жеткізедеді.
Сөздің тіке мағынасына сенгендер, тікен ойдың тіркесінен тітіреніп тыржыиып , ештеме сезіне алмай сенделіп қалады. Шылымшынының көк түманына кіріп, түншығып адасып кетеді. Ұшқынды күлмен күлді көмештеніп, жеп- жеңіл бірге қалқып үшып жүреді. Бағыттан таяды, жолдан жаңылады. Барса келмес , қыйырға кітіп қыйрап қалады. Бұл сөз өнеріндегі өрмекші торындай нәзік тоқу . Оны дүрыстап оқу, астары ұғымды ұғу керек. Бізге түсіну ғана емес , шынайы түйсіну де керек.
Сіз, сөзге қүлақ түріңіз , суретке көз салыңыз. Не аңғара аласыз?!
Қүлазыған далада, ақ жарқын ақын, ақ жарма ойын, ақ маржан сөзін , жыртысты жырын қалай кімге ақтарарын білмей түрған жоқ. Әуелі басқа да емес, қасқа да емес тәбйғатан да айтар сырын а аяды, бәрін жасынын айтып жауып жасырады.
Бұл не өзі? Не айтқалы тұр? Бұл ақын дейгендерді де кездестірдік. Ақынды түсіну үшін ең әуелі ақын жасаған ортаны, ақын өмір сүрген қоғамды тану керек - ақ!!
Сәден үшін қүпияның құдығы таяз. Ақылдың қалтасының түбі де тесік. Арлымын дегендердің де , озғын ойы - тозған қырық шоқпыт қап секілді. Қай қайсына адамгершілікті салсаң салаң етіп түсіп қалады. Осыны ой иріміне он өлшеп, мың теңшеп тоғытқан ақын жалындаған жан сырын жасыра алмай түрған жоқ. Кеудесі арыстандай айбаттанып атылғалы түр. Айналасы түгел аласа, тіл табысып, ой қабысып тетелеп теңесіп сыр бөлісер , ортайып кеңесер жана жақын адам таппай түр. Ақын сонда ғана қолындағы " Шылымына" сөйлейді. Оны оқшау образға айналдырып , өлеңін өрнектеп жүре береді.
Әне, ақын үшін өзімен - өзі тілдесу, оңаша қалып мүң кешу, жалғанның мылқауындай үн- түнсіз қалу, шылымының шар тарапқа шашыраған жылт еткен үшқынымен арманын алысқа қанаттандыру, ойлаған ойын қиялға шомылдыру ғана ақын үшін рахат. Түпсіз көңіліне медет береді. Опасыз дүние , оспадар заман арлы арда ақынды "шылым ойға " жүкті еткен. Оны ақын еңіремей , езілмей , ентікпей - ақ айта салған. Өзіне , өлеңіне еркелеп ерленіп түрып жеткізе салған. Еш қашан оған бола күйзелмейді, күңіренбейді, Үһылеп үмітсізденбейді. Қайта шылымынан шындық табады , шым шытырық дүниені шымырлаптып өреді. Сүйтіп , арлы ойын жүйрік қиялға орап , үзаққа көркемдік көкжиегіне үзатып жібереді. Содан барып , теңіздей толқыған , тебіренген сезімен бір ауық басады.
Енді ары талдап арық айтып, алтынды мысқа айналдырудың , жез сөзбен жебедей жемірудің жетегі жоқ. Оны ақын тағы бір өлеңінде:
Қара жартас ақжолақ қыран үшқан,
Үия барын қабарлап түр алыстан.
Түкпірінде болашақ бұркіт жатыр,
Жаралғандай қомағай қызғаныштан.
(Сәден Әнуәрұлы)
Міне , бүгінді бүкпесіз , бүркеусіз көрсетеді. Болашақты бүлтаратпай бүлтақтатпай айтады. Бірақ шумақ өлең бір ғасырдың бүкіл адамдарының мінезін тасқа басқан таңбадай таңбалап ,тантып түрғандай. " Қомағай қызғаныштан жалалған" тірнек баршынға айналғанда , күллі аспаннан қызғаныштың жаңбыры жауатындай көркем көріспен көз алдыға дөп - дөңгелек беинемен елес жасап жетелі жеткізеді. Жеткізіп қана қалмайды кино экранындай етіп көрсетеді.
Сәкеңе ,арзан сөз айту айып болар. Арда ақынның ақ жарма , ақ маржан өлеңдері өлмес мүра болып, үрпақтан - үрпаққа жалғаса береді. Рухын жоғалтпайды, жоимайды , Шақаң ,Шағанбек Қанжарбай сияқты ақынды, арды, намысты, ұятты, мал мен мөліктен, байлықтан жоғары бағалайтын, оң көзді оқырмандармыз тұрғанда Сәден Әнуәр сынды ақ иық алып ақындармыздың артына қалтырып кеткен көл көсір, мол мұраларының бір тамшысы да жоғалмайды, жойылмайды. мәңгіге сақталып қалады деп сенім артамыз!?
Болат Бопайұлы
08.04.2000 жыл . Алматы.
Ескі естелік дәптерімнен.