Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

2019 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушыларының кітапханасында Байахымет Жұмабайұлының «Ою – өрнек мәдениеті», «Жаңғырған жартас тіл қатады», «Балбалдар мен кешендер», « Аңсаған арман», «Бұқарбай батыр», «Өшпес есімдер», «Қазақтың сауда мәдениеті» атты жеті кітабының тұсаукесері өткізілген тәрихй сәттен естелік.


Іс-шарада сөйленген сөздер

Мамай Ахетов

Алматы қалалық Тіл басқармасының бастығы.

–Қазақтың ұлы биі Досбол шешенге аталары Үсен абыз былай деп бата беріпті: «Бәрің бірдей қойшы болсаң қор боларсың, бәрің бірдей тойшы болсаң қу боларсың, бірің қойшы, бірің тойшы болсаң зор боласың» дейді. Мұны айтудағы себебім, бәріміз ақша қуып кетсек, руханият қайда қалады. Ал бәріміз бірдей кітап кеміріп кетсек, заттық мәдениетіміз қайда қалады. Сондықтан мына күнде біріміз қойшы, біріміз тойшы болып жүргендігіміздің куәгері – бүгінгі өтіп отырған шара куә.

Ұлы теңіздің айдыны сай-сала, жылғалардан құйылған бұлақтардан құралатындай. Қазақ даласының бір шеті болған арғы беттен келіп, қазақ елінің мәдениет қамбасына құйылып жатқан ұлы күштердің бірі, ғылым саласында сирек кездесетін қазына Байахымет Жұмабайұлының табиғаты да, назы да бөлек ұрпаққа аманат ету мақсатындағы бүгінгі тұсау кесері болып отырған «Жаңғырған жартас тіл қатады», «Қазақтың ою – өрнек мәдениеті», «Балбалдар мен кешендер» т,б жеті бірдей кітаптарын ұлттың теңдессіз байлығы, әрі құнды мұрағаты болмақ, осы орайда бүгінгі халыққа жол алып отырған жеті бірдей кітаптың шарасына сәттілік тілеп, болашақ ұрпақтың қолынан түсер құндылыққа татырына тілектестік білдіремін!


Ғалым Жайлыбай

«Жұлдыз» журналының бас редакторы. Халықаралық «Алаш» әдебиет сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

–Бүгінгі жеті кітап қазақ руханияты үшін, қазақ қоғамы үшін үлкен уақиға. Қазақ еліне келіп жатқан қандастарымыз елге «не береміз» деп келудегі үлгісі міне, Байахымет ағамыздың бүгінгі еңбегімен әйгіленіп отыр.

Арғы беттің тарихы мен этнографиясын алтын кеудесіне қорыта келген Бәкең ағамыздың мынау сүбелі еңбегімен тұтас қазақ елі танып-біледі деп ойлаймын.


Нұртілеу Иманғалиұлы

Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, Республикасының Құрмет грамотасының иегері; Қазақстан Журналисттер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты; «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақ ұлттық өнер академиясының Құрметті профессоры; «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері; «Қазақстан ақпарат саласының үздігі», «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»

–Байеке, Сіз қазақтың өткен-кеткенін зерттесеңіз, бұдан кейінгі ұрпақ әрине, сізді зерттейтіндігі сөзсіз.

Бүгінгі қуаяқ заманда оқитын ел емес көретін елге айналдық. Мемлекетіміз дәріптеп отырған «Ұлы даланың жеті қыры», «Рухани жаңғыру» дегендеріміздің барлығы өзімізді-өзіміз тану болса, міне, Байекең берген мынадай ұшан теңіз ғылыми қазына, бізді көретін елден енді оқитын елге айландырары сөзсіз, құтты болсын!


Набижан Мұқаметханұлы

Тарих ғылымдарының докторы, Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универсететінің профессоры

–Құрметті Байахымет Жұмабайұлы, Сіздің бүгінгі елге ұсынып отырған жеті кітабыңыз ұзақ жылдардағы ізденісіңіздің нәтижесі, әсіресе, бұл кітаптар қазақ руханиятына қосылған сүбелі еңбек болмақ. Өйткені, біз «Ұлы даланың жеті қыры» және «Жаңғыру» үстінде тұрмыз. «Рухани жаңғыру» біздің санадағы жаңғыру болуы керек. Ал санадағы жаңғыру ұлы даланың ішіне бүгіп жатқан көптеген қырлары бар, соның бірі мынау жартастағы суреттер, бұларды ежелден тасқа түсіруші, дамытушы да, жаңғыртушы да, мұрагерлері де біздің ата-бабаларымыз екенін дәлелдеген еңбек. Міне, сол құнды еңбек бүгін өмірге келді. Сіздің осы еңбегіңіз біздің Рухани жаңғыруға қосқан үлесіңіз болмақ. Оны мен зор құнды еңбек деп білем, құтты болсын!


Ислам Жеменей

Әл-фараби атындағы Қазақ-Ұлттық университетінің, «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық Жазушылар «Pen klub» мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

–Бүгінгі орталық Азия бойынша үш атау бар. Біріншісі – Тұран, екіншісі – Түркістан, үшінші орталық – Азия. Тұраннан бұрынғы біздің тарихымыз қандай болды? Әрине, материалдық мәдениет, міне, осы негізді бізге дәлелдеуші Байахымет мырзаның бүгінгі еңбектері. Себебі, біздің жазба деректеріміз 7- ғасырдан басталады. Бұл тұран даласының мәдениеті есептелсе, ал Тұраннан бұрында бізде мәдениет, тарих болғанын дәлелдейтін бірден-бір еңбек Байахыметтің бүгінгі еңбектері болмақ. Яғни үш-төрт мың жылдық тарихымызды қаттап-шоттап алдымызға әкелді. Құтты болсын!


Махмұт Қосмамбетов

Баспагер, «Үш қиян» баспасының директоры, журналист

–Біз тарихымызды тасқа қашаған ұрпақпыз. Мен маңғыстаулық болғандықтан, бізде де жартас суреттері, сынтастар, балбалдар баршылық. Мен олардың бәрін көріп өстім. Бірақ солардың ішке бүккен сырларының барлығын Байахметтің бүгінгі кітаптарынан танып отырмын. Тасқан түскеннің бәрі тарих, біз оларды оқи білуіміз керек.

Бәрінен де бүгінгі «Ою-өрнек әлемі» кітабын көріп, қасыретті, қуанышты, жұбанышты бейнелейтін оюлар арқылы, оюдың тегі – жазу екенін ұққанымда шынымен таңғалдым. Сіздің жолыңыз ашық болсын!

*                 *                   *

- Мынау не?

- Ою ғой.

- Нені білдіреді дегенім ғой.

Ақсақалдың мына сөзі қытығыма тиейін деді. Ою, өрнек дегендер нені білдіруші еді. Десе де ол сұраулы жүзбен қарап отырғандықтан әліптің артын бақтым. Жасаған дүниемізге ұлттық сипат, қазақы рең беру үшін қолданатынымызды жеткіздім.

- Оюдың түрі көп және әрбірінің мағынасы бар. Қысқаша айтқанда олар сөйлейді.

Алпысты алқымдаған ағамыздың мына сөзі ойға қалдырды. Жадыма сақтар ма, ғұндар ма жоқ кейінгі көне түркілер жөнінде ме ертеде оқыған орысша бір жазба түсті. Авторы есте жоқ. Онда байырғы бабаларымыз өзге өңірлерге әлдебір оқиғадан шұғыл хабар жібергенде тоқымдағы жарғақ терінің бір пұшпағына ою салатыны және бір уыс жусан түйетіні айтылатын. Хабаршы не жаушы көбіне мылқау болады. Бірақ жусаннан қай аймақ екенін білсе, ою арқылы сол елдегі той ма, соғыс па кез келген жайдан құлақтанып соған орай қам жасайтыны баяндалатын.

- Қасірет қайғылы тіптен қарғысты білдіретін де ою-өрнектер бар. Сендердің әрлеу әшекейлеу жұмыстарыңнан көрсем таң қалам.

Ақын Ғалым Жайлыбаймен баспаға еріп келген Байахмет Жұмабаймен осылай танысқам. Қытайда біраз еңбектері, оншақты кітабы жарық көрген. Көп ұзамай "Жартастар үн қатады" , "Ою-өрнек әлемі" т. б. төрт кітабын басып шығардық. Одан бері де екі жылдың жүзі ауды. Бірдеңені білсем, ұғынсам деген адамға берері көп, айтары бар дүниелер.

Жасыратыны жоқ арғы-бергі көне түркі, қыпшақ мәдениеті, тарихынан азды-көпті білем деп, шамалыға дес бермейтіннің бірі едім. Алайда жалпылама білу бар да, дәйек пен дерекке жүгіну, оны зерделеу бар. Осы тұрғыда орысқа арапқа еліктеп, өзгенің қаңсығын таңсық көріп дүбара күй кешкендіктен арғы тамырымыздан ажырағанымызды мойындауға тиіспіз. Сырттан келген ағайындарда бәрі болмаса да ішінара көпшілігінде біздегі олқылық жоқ. Мен сөз етіп отырған Байекең осы топтан. Ағамызда дерек көп, алайда бір байқағаным сол қыруар дүниені жүйелеп, нақты қорытып беруде шашыраңқылық, ой қайталау бар.

Бұл менің жеке пікірім. Әрине кез келген жаннан Маловтың, Бартольдтың, Гумилевтің, Кляшторныйдың, Уәлихановтың, Марғұланның, Өмірәлиевтің, Аджидің, Су Би Хайдың т. б. еңбектерінде кездесер кесіп-пішпе тұжырымдарға сындарлы академиялық білім қажет.

Байекең осындай пікірлер күтеді. Ол жоғарыда айтылған төрт кітаптың тұсаукесерінде осындай ой, ұсыныс күткен. Бірақ Ұлттық Ғылым Академиясынан келгені бар, жазушы, ақыны бар, кіл білгіштер алып кеп мақтаудың сайысына түскені есте. Байахмет Жұмабай ғылым мен әдебиетімізге не әкелді? Еңбектерінің құндылығы неде? Автор осы бағыттағы ой-пікір күткен. Олай болмаған соң өз сөзімде "Әлкей Марғұланнан ұят болды ау" дегенім де содан.

Қалай дегенде де сүбелі еңбектер жарық көруде. Байекең маған жоғымызды түгендеп, үлкен талаптың жолында жүрген жоқшыдай көрінеді. Бізді осы қуантады.


Әлімғазы Дәулетхан

Ш.Ш Уәлиханов атындағы Тарих этнология институтының бас ғылыми қызыметкері. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.

–Менің қолымда Байахымет Жұмабайұлының «Өшпес есімдер» кітабы тұр. Мұнда Алтай қазақтарының өзіме таныс тұлғаларын зерттеу арқылы бүтін қазақ даласының тұлғаларының қатарын толтырудай ерен еңбек жатқанын көреміз. Меніңше, бұл еңбек қазақ мәдениетіне ұлттық сана тұрғысынан жеткізген деңгейлі еңбек деп білемін. Мұндай еңбектер ұрпақтардың санасына патриоттық рух берері сөзсіз. Құтты болсын!.


Ағайса Элена Жамелқызы

Қазақстан жазушылар кітапханасының меңгерушісі , ҚР мәдениет қайраткері

Кітапхана әлемдегі білім орталығы , біздің кітапханамызға сіздің жеті бірдей кітаптің келіп түсуі болашақ ұрпаққа деген кітапхана білім қорын тіптем байытты дегендік , кітапханамыздың оқырмандары сізді алда тіптіде білетін болады .

  • Қаңтар 27, 2024
  • Ақпан 18, 2024
  • Қаңтар 22, 2024
  • Қаңтар 24, 2024
  • Қараша 25, 2023
  • Қаңтар 09, 2024
  • «Желтоқсан» 23, 2023
  • Қаңтар 08, 2024
  • «наурыз» 19, 2021
  • Қазан 31, 2021
  • Шілде 21, 2020
  • Қыркүйек 29, 2021

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз