Маңызды
(«нау» 26, 2022) Маңызды
Порталымызды қолданғаныңыз үшін қуаныштымыз! Тепсең порталы Сіздерге сапалы қызмет көрсетуге дайын! Біздің редакция сіздерге көптеген пайдалы әрі қызықты ақпараттар ұсынады. Read more...
   |   

Бауыржан Шормақұлы АЛПАШ

Мен Қазақпын

(Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту)

 


Келгемін жоқ Атланта, Балтықтан,

Туғамын жоқ түбі шикі тантықтан.

Бақа-Шаян жегемін жоқ шалшықтан,

ҚҰДАЙЫМДЫ құйғамын жоқ балшықтан.

 


Ұрпағы емен жын-перінің, бұрқының,

Қайталанған Сах-Ғұндардың рухымын.

Көк бөрі емген көк байрақты Түркімін,

Азияның ең сарсүйек ұлтымын.

 


Жінікпеймін босқа болып қанжілік,

Емес мұным жартастағы жаңғырық.

Қасиетті асыл тектен жаралғам,

Сол тегіммен еңселі елмін мәңгілік.

 


Оным рас мұқалғамын, мұң кешкем,

Қандыбалақ ғасырларға мінгескем.

Жоғалғам жоқ, жоғалмаймын, өйткені,

Өзім жерде, рухым хақпен тілдескен.

 


Ала алмаған "Шұбырынды-Ақтабан",

Салмағымды Сахтың рухы сақтаған.

Ел жалаңбұт жеміс теріп жүргенде,

Евразияны тұлпарыммен таптағам.

 


Айналамдағы әпербақан-әңкүдік,

Ойсыз қауым ойлағанмен қам күдік.

Қазақиям Азиямның тұтқасы,

Тек АЛЛАХтың тартуы бұл мәңгілік.

 


Мен осындай ғаламатпын, ғажаппын,

Енді менен әдірәмқал азап-мұң.

Күлтегіннен, Аттиладан тараған,

Жаным таза, қаным таза қазақпын.

 


Сол қазақты сүйем мұңсыз-мүлтіксіз,

Жандүнием көк туымдай кіршіксіз.

Мен отанды жүрегіммен қорғаймын,

Зеңбірексіз, мылтықсыз!!!

 

  • Шілде 24, 2020
  • Шілде 17, 2020
  • «Желтоқсан» 06, 2020
  • Шілде 26, 2020
  • Қараша 25, 2023
  • «мамыр» 15, 2023
  • «наурыз» 28, 2021
  • Қазан 01, 2023
  • Маусым 01, 2023
  • «тамыз» 24, 2021
  • «Желтоқсан» 15, 2021
  • Қараша 08, 2021

Ең соңғы кескіндер

Тепсең сайтында жарияланған бейнежазбалардың барлығын осы арнадан көре аласыз.

Кіріп көріңіз